Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

11.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, А. 2001. 56-57-бб.

2. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі.2010. 134-бб.

3.Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 310-311-бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.129-134-бб.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989. 165-166-бб.

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

29 тақырып: Дәрігер этикасы.

Сөздіктану. Терминтану

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Дәрігер этикасы

Сөздіктану. Терминтану

2. Мақсаты: сөздіктер мен термин туралы түсінік беру, терминнің жасалу жолдарын практикалық жолмен меңгерту, түрлі жаттығулар орындату, сөздіктермен жұмыс жасай білуге дағдыландыру, мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестердің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдер құрату, дәрігер этикасы туралы мағлұмат беру, мәтінді өз сөзімен мазмұндауға дағдыландыру.

3. Міндеті: Жаңа тақырыптағы медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету, сөйлем құру дағдыларын қалыптастыру.

Когнитивті – білім компетенциясы: терминнің жасалу жолдарын түсіндіре отырып, сөздіктердің түрлерін ажырата білуге үйрету, студенттер ұғымында терминтану, сөздіктану туралы теориялық түсінік қалыптастыру.

Операционалды – дағды компетенциясы: мәтінді өз сөзімен мазмұндауға үйрету, мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркесінің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдер құрауға дағдыландыру.

Коммуникативті компетенция: студенттердің өз мамандығына қызығушылығын, сабаққа белсенділігін арттыру, өз ойын жеткізу, салыстыра білу, сөйлеу, жазу біліктілігін дамыту.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: студенттердің өз бетінше ізденіспен топта жұмыс істеу қабілетін дамыту, түйінді ой айта білу, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу дағдыларын арттыру.

4.Негізгі ұғымдар: медициналық этика, денсаулық сақтау саласы, сырқаттың психикасы, әйел аурулары, кейбір кемістік; сөздіктану, терминтану туралы түсінік, олардың жасалу жолдары, қолданыстағы көрінісі.

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45 мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

Студенттің білімін бақылау (10 мин. )

Студенттің білімін бағалау (5 мин. )