Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тұғыры биік – тәуелсіз Қазақстан (рәміздері)

Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар.

Мемлекеттік рәміз – мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігін паш етеді.

Елтаңба, Әнұран және Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар.Олардың ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» 1996 жылғы қаңтардың 24-індегі Жарлығынан:

4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін қорлауға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Мемлекеттік Әнұран – мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендіктің музыкалық поэтикалық рәмізі. Негізінен әуен мен сөзден тұрады. Әнұранның сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

Қазақстан Республикасының МемлекеттікЕлтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты пырақ – мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты пырақ – болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Еліміздің жұлдызы жоғары, болашағы жарқын болсын дегенді білдіреді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

Мемлекеттік Ту – мемлекеттің өзіне тән ресми белгілерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік ту мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттарына, шет елдердегі елшіліктер мен консулдықтарда, кемелерде т.б. жерлерде көтерілетін арнаулы белгі.

Ту – ортасында шұғылалы алтын күн астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолағы бар көгілдір түсті мата.

Тудың біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады. Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, қыран бүркіт бейнесі – дарқандық пен қырағылық, еркіндіктің, тәуелсіздіктің, биіктіктің белгісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.

Біз мемлекеттік рәміздерді және ұлттық теңгемізді құрметтейміз. Себебі, мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін ХХ-шы ғасырдағы үлкен жетістік.

б) мәтінді аударып, мәтінге жоспар құрыңыз.

  1. тапсырма. Берілген сөздердің омонимдік мағыналарын анықтап, түсінік беріңіздер.

Аз, асық, ақ, бақ, без, біз, ер, жас, жат, мін.

  1. тапсырма. Берілген сөздердің ішінен синонимдерді тауып, өзара топтаңыздар, орыс тіліне аударыңыз.

Мол, шаршау, мақсат, жаға, мақұлдау, қамығу, көп, тоқтату, ұрсу, сәлемдесу, қажу, жанында, сүйеніш, зерігу, есею, сеіру, әдейі, мұрат, аялдау, титықтау, ырғу, өңір, сауық, дәм, шама, аяу, таяныш, шалдығу, қасақана, ер жету, жекіру, қоштасу, амандасу, есіркеу, мөлшер, тамақ, қоныс, ұсақ, жиек, сайран, дем алу, жаны ашу, мұңаю, сылтау, майда, болдыру, тағам, нарық, мекен, аймақ, баға, ас, қасында, жай, желеу.

3-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударып, жазыңыз.

Наша республика – демократическое, светское и унитарное государство, в которой обеспечивается равноправие всех граждан, проживающих в ней. как демократическое государство Казахстан признает высшей ценностью человека, его жизнь, свободу и права.

4-тапсырма. Төмендегі сөздердің ішінен антонимдерін іріктеп алыңыздар да, қалғандарының антоним бола алмайтынын түсіндіріңіздер.

Ақылды, үнемді, ұйқылы, талапты, өжет, ақымақ, пайдалы, ояу, өң, тұр, отыр, ұйқысыз, ынжық, талапсыз, ақылсыз, түс, отырма, зиян, пайдасыз, шын, жіңішке, жұмсақ, тұйық, өтірік, қатты, жуан, жіңішке емес, өтірік емес, ашық, берік, осал, кес, кеспе, ақырын, тез, жылдам, жай, қыбырсыз, аш, ашпа, жап, жаппа.

5- тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрап жазыңыз.

Подобный сердцу герба, крылатый скакун, духовное богатство, вера в будущее, светлая мечта, образ казахского народа, путеводная звезда, золотое солнце, знак верности и надежд, щедрость и зоркость, орнаментное украшение, честность и верность.

6-тапсырма. Әнұранның мазмұнын түсініп жаттап алыңыз.

  1. Бақылау

  1. Синоним дегеніміз не? Мысал келтіріңіздер.

  2. Омонми дегеніміз не?

  3. Антоним дегеніміз не?

  4. Еліміз тәуелсіздікті қашан алды?

  5. Тәуелсіздік халыққа не береді?

  6. Тәуелсіздіктің қандай белгілерін білесіз?

  7. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы не білесіздер?

  8. Мемлекеттік рәміздер туралы жарлық қашан шықты?

  9. Елтаңбадағы қос пырақ ненің белгісі?

  10. Елтаңбаның авторлары кімдер?

  11. Қыран бүркіт бейнесі ненің белгісі болып саналады?

  12. Теңгенің туған күні қашан? – Авторлары кім?

Тестілер: