Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

10. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

Е) Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

Ж) Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.

З) Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп толықтыратын үзінділерді табыңыз.

  • Зәр шығару жүйесі көптеген қызмет атқарады.

  • Несептің (зәрдің) түзілуі – өте күрделі үрдіс.

  • Бүйректер құрсақ қуысында жоғарғы бел омыртқалар тұсында орналасқан.

  • Бүйректің қызметі алуан түрлі.

  • Несепағар қабырғасы қалың, бұлшық етті, түтікше пішінді жұп мүше.

  • Қуық – зәрді уақытша жинап тұратын мүше.

  • Зәр шығару жүйесі жыныс аппаратымен тығыз байланысты.

И) Төмендегі етістіктердің қайсысы мәтінде кездеспейді?

Құралу, шығару, сіңірілу, ыдырау, түзілу, қадағалау, сезу, ауырмау, түсу,ашылу, алмасу, жалғасу, табылу, өзгеру, қалыптасу, орналасу, атқару, кездесу, қиылысу, қапталу, тарау, қамтамасыз ету, саналу, босау.

Коммуникативті компетенциябойынша

К) Сөйлемдерді бастаңыз.

  • ... ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе.

  • ... тәулігіне 1000-1800 мг зәр түзіледі.

  • ... құрсақ қуысында жоғарғы бел омыртқалар тұсында орналасқан.

  • ... құрамында 2-4% құрғақ зат бар, ал қалғаны су болады.

  • ... зәрдің қуықтан кері қарай, несепағарға өтуіне жол бермейді.

  • ... пішіні жалпы оның созылуына, толуына қарай өзгеріп отырады.

  • ... ыдырау үрдісінде пайда болған керексіз заттарды ағзадан шығарып, қанды тұрақты жағдайға келтіріп тұрады.

Қ) Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

  • Несеп қаннан түзіледі.

  • Несепағардың ұзындығы 70 см.

  • Ересек адамда тәулігіне 2000-2800 мг зәр түзіледі.

  • Қуықтың пішіні жалпы оның созылуына, толуына қарай өзгеріп отырады.

  • Бүйрек дөңгелек пішінді келеді.

  • Бүйректер кеуде қуысында қабырғалар тұсында орналасқан.

  • Оң жақ бүйрек сол жақ бүйректен 1-2 см төмендеу жатады.

  • Қуық – зәрді уақытша жинап тұратын мүше.

  • Зәрдің түзілуі, оны сыртқа шығару үрдісі диурез (зәр шығару) деп аталады.

  • Әрбір бүйректе 1 мыңға жуық нефрон бар.

  • Зәр шығару және жыныс мүшелері бір жүйе болып саналады.

И) Төмендегі суретке қарап, бүйректің құрылысы туралы әңгімелеңіз.

1 — адамның сол бүйрегінің жалпы көрінісі

2 — бүйрек үсті безі

3 — бүйрек қақпашасы

4 — бүйрек күретамыры

5 — бүйрек көктамыры

6 — несепағар

7 — бүйректің бүйір кесіндісі

8 — бүйректің түбекшесі

9 — бүйректің қыртысты заты

10 — бүйректің милы қабаты

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

Л) Екі бағанды мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.

Зәр шығару жүйесі адам ағзасындағы артық суды, тұздарды,

ол бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай жүріп отырып, қуыққа келіп жалғасады.

Зәр шығару жүйесінің қызметі ағзада пайда болған несепті шығару болса,

қанды тұрақты жағдайға келтіріп тұрады.

Несепағардың ұзындығы шамамен 30 см, оның бас жағының диаметрі 2-4 мм,

сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай, несепағарға өтуіне жол бермейді.

Сондай-ақ, бүйрек ыдырау үрдісінде пайда болған керексіз заттарды ағзадан шығарып,

жыныс мүшелері көбею қызметін атқарады.

Несепағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған,

зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметін атқарады.

М) Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасаңыз.

  • Зәр шығару жүйесі адам ағзасындағы артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметін атқарады. Тыныс алу жүйесінде ағза және сыртқы орта аралығында газ алмасу үрдісі өтеді.

  • Несеп қаннан түзіледі. Несеп түзу қызметін бүйрек атқарады.

  • Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды.

  • Қуық – зәрді уақытша жинап тұратын мүше. Несеп шығаратын өзек – қуықтың зәр шығаратын түтігі.

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

Н) Төмендегі кестені пайдалана отырып мәтін құрастырыңыз.

Адам ағзасынан тәулігіне шығарылатын өнімдер

Ағза атауы

Су

Көмірқышқыл газы

Қалдық заттар

Тері

700-900гр.

4-6 л.

7-9 гр.

Бүйрек

1500 гр.

30-50 см³.

60-65 гр.

Өкпе

500 гр.

450-500 л.

жоқ

Ң) Төмендегі фразалық тіркестердің беретін мағыналарын сәйкесттендіріп, олармен сөйлем құрыңыз.

1

Бүйректен сирақ шығару

а

Әсерлену

2

Бүйрегін бұру

ә

тамақтанбай жүру

3

Бүйірі қызу

б

дау шығару

4

Аш құрсақ жүру

в

жанашыр болу, қамқорлығына алу