Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтарға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

5

Тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі.

Омоним. Синоним. Антоним.

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы:Тірек-қимыл жүйесі.

Омоним. Синоним. Антоним.

2. Мақсаты:

  • Тірек-қимыл жүйесітуралы мағлұмат беру;

  • Тірек-қимыл жүйесітуралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

  • Тірек-қимыл жүйесітуралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

  • Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

  • Омоним, синоним, антонимтуралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

  • Өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Тірек-қимыл жүйесітуралы.

2. Тірек-қимыл жүйесітуралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.

3.Тірек-қимыл жүйесіқызметі туралы.

ә) грамматикалық материал бойынша

Омоним, синоним, антонимтуралытүсінік.

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

  • Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).

  • Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)

В)Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 42-45 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 34-38беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, пікірталас,салыстыру, аударма жұмысын жасату.

8. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук,тірек-қимыл жүйесінің суретін, етістік шақтарының кестесін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкаларды пайдалану.

9. Тапсырмалар:

А) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Қимыл-қозғалысқа келтіру, ішкі мүшелерді қорғау, омыртқа жотасы, оның негізгі ерекшелігі, қолдың құрлысы, икемделу, еңбек етуге икемделген, жүріп-тұруға бейімделген, жіліктің екі басы, тығыз зат,көлбеу орналасқан, таяныш болу, қозғалмайтын, қозғалмалы және жартылай қозғалмалы, иілімді.

Ә) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.

қаңқа – скелет

сіңір – сухожилие

жілік – трубчатая кость

сүйек кемігі – красный костный мозг

жамбас сүйегі – тазовая кость

жауырын – лопатка

төс – грудина

тұлға – туловище

самай – висок

төбе сүйегі – теменная кость

шүйде сүйегі – затылочная кость

бұғана– ключица

иық белдеуі – плечевой пояс

сегізкөз – крестец

құйымшақ – копчик

шеміршек – хрящь

тоқпан жілік – плечевая кость

кәрі жілік – локтевая кость

ортан жілік –бедренная кость

тізе – колено

асықты жілік– большеберцовая кость

омыртқа жотасы – позвоночный столб

Б) Мәтінді оқыңыз.

Қаңқа мен бұлшық ет тірек-қимыл жүйесін құрайды. Денені қимыл-қозғалысқа келтіреді және ішкі мүшелерді қорғайды. Адамның қаңқасы өзара буындар қалтасы және сіңірлер арқылы жалғасады. Адамның қаңқасында 220-дай сүйек бар. Қаңқа омыртқа жотасын, кеуде қуысын, бассүйек, иық белдеулері мен қол сүйектерін және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектерін құрайды.

Қаңқа– дененің тірегі, ал бұлшық ет қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Адамның қаңқасының өзіне тән ерекшілігі бар. Оның негізгі ерекшелігі мынау: қолдың құрылысы адамның еңбек етуіне байланысты икемделген. Ал, аяқ сүйектері дененің салмағын ұстап, жүріп-тұруға бейімделген, сондықтан бұл сүйектер жуан және мықты болады.

Адамның денесіндегі сүйектер бірімен-бірі байланысты болады. Сүйек байланысының 3 түрі болады: қозғалмайтын, қозғалмалы және жартылай қозғалмалы. Қозғалмайтын сүйектерге – бас сүйек және жамбас, жартылай қозғалмалы – омыртқа жотасы, қозғалмалы сүйектерге буын арқылы жалғасқан сүйектер, яғни қол, аяқ, иық және қабырғалар жатады. Денедегі барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді.

Ұзын сүйектерге қол-аяқ сүйектері жатады. Ұзын сүйектер – жілік деп аталады. Жілік денеге таяныш болады. Бұл сүйек тығыз заттан тұрады. Оның іші қуыс болады, онда жілік майы бар. Жіліктің екі басы сүйек кемігінен түзіледі. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі.

Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі, олар жұқа болады. Бұларға жауырын, бас сүйек, қабырға, төс, жамбас сүйектері жатады.

Қысқа сүйектер денеге мықтылық қасиет береді және иілімді жерлерде орналасады. Олар: омыртқа, табан және қол сүйектері.

Бас сүйекми сауыты мен бет сүйегі бөлімдерінен тұрады. Ми сауыты жұмыртқа тәрізді. Оның ішінде ми болады. Ми сауыты қозғалмайтын сүйектерден құралады. Оларға төбе, самай, маңдай және шүйде (қарақұс), жақ сүйектері жатады. Бет сүйектері үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерінен, мұрын, таңдай, көз ұясы, тіл асты сүйектерінен тұрады. Бұлардың ішінде тек астыңғы жақ сүйек қана қимылдайды.

Тұлға қаңқасы омыртқа жотасы мен қабырғалар және төссүйектен тұрады.

Омыртқа жотасы– тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33-34, олар:

7 мойын омыртқа, 12 арқа омыртқа, 5 бел омыртқа, 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ.

Арқа омыртқаларымойын омыртқаларынан ірілеу, көлбеу орналасқан, олар қабырғалармен жалғасады.Бел омыртқаларыбасқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда жалпақ, әрі үлкен, бұл – бел бөлімінің көбірек қозғалуына әсер етеді. Сегізкөз омыртқаларының 4 жұп тесіктерінен жұлын жүйкелерінің тарамдалған ұштары шығады. Құйымшақ омыртқалары қалдық ретінде тұтасып кеткен. Тек бірінші омыртқада омыртқаның кейбір белгілері ғана сақталған. Қалғандары біртіндеп кішірейген. Барлық омыртқалар бірімен-бірі шеміршек, бұлшық ет, сіңірлер арқылы байланысып, омыртқа жотасын құрайды. Омыртқа жотасы тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді.

Бұғана мен жауырын бірігіп иық белдеуін құрайды. Кеуденің сыртқы жағына орналасқан жалпақ, үшбұрышты сүйек жауырын деп аталады. Иық белдеуі қол сүйектерден тұрады. Қол сүйектері екі ұзын сүйектен: тоқпан жілік пен кәрі жіліктен тұрады. Білезік сүйек, алақан және саусақ сүйектері – қол басы сүйектері болып саналады. Жамбас белдеуі жалпақ жамбас сүйегінен, ортан жіліктен, тізе, асықты жіліктен, өкше сүйектен (толарсақ), табан сүйектері мен башпай сүйектерінен құралады.

Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болғандықтан, минералды алмасуға қатысады.

В) Оң жақта берілген етістіктермен сол жақтағы сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін жасап, сөйлем құрыңыз.

қимылдауы (ненің?)

бөліну (нешеге?)

байланысу (қалай?)

қозғалту (нені?)

ұқсау (неге?)

түзілу(неден?)

қасиет беру (қандай?)

беске

саусақтарды

жұмыртқаға

ауыздың

сүйек кемігінен

қимылсыз

мықтылық