Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

10. Бақылау жұмыстары:

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

Д)Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

Е) Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.

Ж) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Теміртапшылықты анемияға әр түрлі жағдайлар: қан жоғалту,

өкпеден, өңештің кеңіген тамырларынан, асқазан жарасынан және басқа да жарақаттанулардан қан кетуі себеп болады.

Анемия немесе қаназдық – қанның белгілі көлемінде

яғни құрсақтағы баланың өсу кезеңінде туындайды.

Қаназдық қан кету себебінен туындауы мүмкін, мұндай аурудың пайда болуына , көбінесе,

сондықтан мұндай жағдайлар үнемі қайталанса, темір тапшылығы туындайды.

Ағзадағы темір қорын көп тұтыну әйелдердің екіқабат кезінде,

темір сіңуінің бұзылуы, темір қорын көп тұтыну т.б. себеп болады.

Егер ағза тәулігіне 1 ас қасықтан артық қан жоғалтса, бұл ондағы темірдің мөлшеріне әсер етеді,

гемоглобин мен эритроциттердің санының азаюымен сипатталатын қан ауруы.

Коммуникативті компетенциябойынша

З) Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

  • Қаназдық қан кету себебінен туындауы мүмкін емес.

  • Анемия әрқашанда басқа аурулардың көрінісі болып есептелінеді.

  • Теміртапшылықты анемияның негізгі себебі – ағзада витаминнің жетіспеуі.

  • Ағза тәулігіне 1 ас қасықтан артық қан жоғалтса, бұл ондағы темірдің мөлшеріне әсер етеді.

  • Ағзадағы темір қорын көп тұтыну әйелдердің екіқабат кезінде жиі туындайды.

  • Темір тапшылықты анемиямен ауырған науқастардың шағымдары: тәбеттің нашарлауы, аузында дәмнің болмауы.

  • Ауру адамды қарағанда ешқандай ерекшелік байқалмайды.

  • Қанда эритроцит саны мен гемоглабиннің деңгейі төмендейді.

  • Ауру адамды, біріншіден, құрамында темірі бар дәрілермен емдеу керек.

И) Қалып қойған сөздерді жазып, өзіңізді тексеріңіз.

  • Теміртапшылықты анемия ауруы сәбилерде _________________ кездеседі.

  • Шала туған балаларда анемия алты айдан _______________________ анықталады.

  • Эритроциттердің ___________ азаяды.

  • Балалар әлсіздененді, шаршайды, __________________.

  • Қанда гемоглабин _______________ төмендейді.

  • Емдеу _______________ түрде жүргізілуі тиіс.

  • Массаж бен гимнастика ағзадағы алмасу _______________ күшейтеді.

  • Анемия формаларында ____________________ препараттарын тағайындау керек.

  • Анемияның ауыр түрінде емдеу _______________ жүргізіледі.

  • Анемия немесе қаназдық – қанның белгілі _____________ гемоглобин мен эритроциттердің санының ________________________сипатталатын қан ауруы.

Етістіктің райлары

Рай тұлғаларының кестесі арқылы етістіктің райлары мен бұйрық райдың болымды, болымсыз түрлерінің жасалу жолын, мағыналық ерекшеліктерін түсіндіру.

К) Бұйрық райдың I, II, III жағына мысалдар келтіру, мысалдар лексикалық тақырыппен байланысты болуы жөн. Мысалы:Иә, мен енді сіздің айтқан кеңестеріңізді тыңдап, енді өз рационымда тұз бен суды аз қолданайын. Гипертония ауруының асқынуынан сақ болыңыз. Дәрігердің айтқан кеңестерін бұлжытпай орындасын.

Қ) Қалау райдың I, II, III жағына мысалдар келтіріңіз. Мысалы:Мен сіздің айтқан кеңестеріңізді тыңдап, енді өз рационымда темірі көп тамақтарды қолданғым келеді. Аурудың асқынуынан сақ болғыңыз келе ме? Сырқат дәрігердің айтқан кеңестерін бұлжытпай орындағысы келеді.

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

Л)Теміртапшылықты анемия бойынша науқас пен дәрігердің сұхбатын құрыңыз.

Қай жеріңіз ауырады?

Басым ауырады.

Басыңыз айнала ма?

Иә, басым айналады.

Ентігесіз бе?

... (Ары қарай жалғастырыңыз).

М) Емдеуші дәрігердің атынан палатаға түскен науқас адам жайында сырқатнама толтырыңыз (мәтін бойынша).

Төлқұжат бөлімі:

Науқастың шағымдары:

Қазіргі (осы) аурудың даму тарихы:

Науқастың өмірбаяны:

Аурудың қазіргі жалпы жағдайы:

Н) Теміртапшылықты анемия диагнозы қойылған науқасқа алғашқы көмекті қалай беру керектігі туралы баяндаңыз (мәтін бойынша).