Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

2.2Пәннің мақсаты:

Тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту, болашақ мамандығына сәйкес сөйлеу түрін үйрету.

Күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаятарында әңгімені қолдау және талқылау (нақты, өзіне таныс жағдаяттарға дайындықсыз араласып, әңгімені қолдау, қажет жағдайда қайта сұрау, өз көңіл-күйін білдіру (өкіну, мұңаю, қызығушылық таныту немесе танытпау);

Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

Мәліметтерді беруге дайындығы мен қабілеттілігі, әңгімелесушіге жеткізе алуы; қызығушылық танытуы, мәліметтерді сұрау, қайталап сұрау; кеңес беру, нұсқау беру; байқампаздық таныту; көңілі толуы-толмауын, қызығушылығын немқұрайдылығын білдіру.

2.3 Оқыту міндеттері:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша тіл жүйесін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.

4. Құқықтық компетенция бойынша Қазақстан республикасының «Тіл туралы заңы», «Білім туралы заңы»

5. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту.

2.4 Оқытудың нәтижелері

Студент берілген деңгей негізінде мынадай коммуникативтік тапсырмаларды орындай алуы қажет. Тіл иесінің жылдам айтылған сөзін түсіну. Ғылыми еңбектерді оқып баяндай білу. Мәжіліс, жиналыстарда өзіне қажетті ақпарат мен мәліметтерді жаза алуы. Өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіруі. Өзінің ғылым зерттеу тақырыбы бойынша мақала, баяндама жазып, өз пікірлерін қорғай білуі қажет.

Мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі керек. Студент мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз қөзқарас тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере білуі қажет.Таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жеткізе білуі, сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын шығарма, шағын эссе түрінде жеткізе білген жөн. Сонымен қатар, мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырту, толықтыру, өз бетінше өңдей білуі тиіс. Берілген тақырып бойынша таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгімелеп айта білуі, баяндама жасай алуы, сұхбат, диалог құра білуі тиіс.

2.5 Реквизитке дейінгі:

Қазақстан тарихы, орыс тілі, шет тілі, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, биология, тәнтану.

2.6 Реквизиттен кейінгі:

Қазақ тілі пәнін оқып-үйренгеннен кейінгі дағдыларды анатомия, қалыпты физиология, ішкі аурулар, патологиялық физиология т.б. пәндерді оқып-үйренуге пайдаланады.

Пәннің қысқаша мазмұны:

Қазақ тілі пәнін оқу барысында студенттер әр түрлі қоғамдық мәселелерге байланысты өз көзқарастарын қалыптастырып, жауапкершіліктерін арттырады. Қазақ тілінің лексикалық қоры мен құрамын, жүйесін т.б. біледі.