Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

10.Бақылау (құзыреттілік бойынша )

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды табыңыз. (2 жауап)

..., құлақтың естуі төмендейді.

а) Ірің құлақтың ішіне енгенде

ә) Жүргенде сенімсіздік байқалып

б) Науқастың дене қызуы көтерілгенде

в) Қан қысымы төмен болғандықтан

г) Дене қызуы басылып

2. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді көрсетіңіз.

(4 жауап)

а) Ол досымен жеткенше, Асқар үйін жинастырып қойды.

ә) Қонақтар тамақты ішіп болған соң, барлығы жиналып тауға кетті.

б) Жедел жәрдем машинасы келгенде, науқасқа алғашқы көмек көрсетілді.

в) Жасқа ұстаздық қылсаң, болашақтан тірек табарсың.

г) Қысқы емтихандарын тапсырғаннан кейін, студенттер ауылдарына кетті.

3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді көрсетіңіз.

(4 жауап)

а) Ол университетті бітіргеннен бері, білімін жыл сайын жетілдіріп келеді.

ә) Кітапханаға досымен барғанда, ешкімді кездестірмеді.

б) Науқас анализ тапсырып келгенше, дәрігер ауруларды қарап болды.

в) Асан тауда демалып жүргенде, біз жарысқа дайындалдық.

г) Бүгін күн суық болғандықтан, ол жылы киінді.

4. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді көрсетіңіз.

(3 жауап)

а) Денсаулығы жақсы болғандықтан, науқасты ауруханадан ерте шығарды.

ә) Университетті жақсы бітіргеннен кейін, мен өзімнің қалаған мамандығым бойынша жұмыс істеймін.

б) Тіл мерекесі болғанда, студенттер өз өнерлерін көрсетті.

в) Қазақ тілін үйреніп болғанша, жолдастары түскен оқуларын бітіріп маман болды.

г) Жеке бастың тазалығын сақтау үшін, қажетті заттарды сатып алды.

5. Көп нүктенің орнына тиісті баяндауышты қойып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз. (2 жауап)

Баспа ауруы ағзаға..., өте суық сусын ішкенде пайда болады.

а) микроб енгенде

ә) суық тигенде

б) суық тиіп

в) зардап тигізсе

г) дәрі ішпегендіктен

6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. (1 жауап)

а) Қызылшаға арнайы дәрі-дәрмек жоқ.

ә) Науқасқа анализ тапсырсын деп, дәрігер жолдама жазып берді.

б) Жедел ота жасау, оттегімен тыныс алдыру керек.

в) Күлмен балалар жиі ауырады.

г) Ауру қоздырғыштары тарап, сол арқылы сау балаға жұғады.

2. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. (3 жауап)

а) Жақсы дәрігер болсын деп, әкесі баласының оқуын бірінші курстан қадағалады.

ә) Анатомияны жақсы білу үшін, Ахат күн сайын сүйек мұражайына барады.

б) Концертте ән айтайын деп, екі студент өз өтініштерін білдірді.

в) Түскі асты ішкен соң, қонақтар сыртқа шықты.

г) Адам терісі жарақаттанып, өте сезімтал болады.

7. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз. (2 жауап)

..., дәрігер науқасқа кеңес берді.

а) Аурудың белгілері болғандықтан

ә) Дәрілерін уақытысында ішсін деп

б) Ауруы анықталғаннан кейін

в) Аурудан тез жазылу үшін

г) Жүрегі айнып құсқанда

8. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлменің баяндауышы болатын тіркестерді көрсетіңіз. (2 жауап)

Сырқат құрғақ жөтел ..., дәрігердің кеңесін тыңдады.

а) басталғанда

ә) болдырмау үшін

б) жиі болғанда

в) басталмасын деп

г) байқалса

9. Бағыныңқы сөйлемі «не мақсатпен?» деген сұраққа жауап беретін сөйлемдерді көрсетіңіз. (3 жауап)

а) Емдік шараларды дұрыс қолдансын деп, кеше бақылау жүргізді.

ә) Ауру кенеттен басталғандықтан, дереу ауруханаға жеткізді.

б) Бүйрек қабынуын емдетпек болып, науқас анализ тапсырды.

в) Дене қызуы көтерілгенде, көп дәрі ішті.

г) Адам өміріне қауіп төнбесін деп, аурудың алдын алу шаралары жүргізілді.

10. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмаластың баяндауышы болатын тіркестерді көрсетіңіз. (3 жауап)

Көз ауруын ..., науқас емханаға келді.

а) емдету үшін

ә) емдетпек болып

б) қаратайын деп

в) жетілдіруде

г) тексертсе

Операционалды – дағды компетенциясы:

1–жаттығу. Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз. Бағыныңқы сыңардың баяндауыштарының жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

1. Ауа райы жылы болғанмен, біз саяхатқа шыққан жоқпыз. 2. Науқастың емделуге рұқсаты бола тұра, ауруханаға үш күн кеш жатты. 3. Дәрігер мамандығы қиын болса да, өз мамандығын жақсы көретін мамандар көп. 4. Отандық дәрілер көп болғанмен, оларды жиі пайдаланбаймыз. 5. Асқазанның қызметі бұзылса да, науқас диета сақтамады.

Коммуникативті компетенция:

Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

а) лексикалық материал бойынша:

1. ЖИТС ауруы туралы не білдіңіз?

2. ЖИТС ауруының таралу жолдары қандай?

3. ЖИТС ауруын неге өлім қаупіне апаратын дерт деп атайды?

ә)грамматикалық материал бойынша

1. Құрмалас сөйлем деген не?

2. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары қандай?

3. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрақтары қандай? Мысал келтіріңіз.