Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

12. Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

  • Өттің құрамындағы холестериннің көбеюі тастың пайда болуына әсер етеді.

  • Тастардың сыртқы түрлері бірдей болады.

  • Олар өт жолында, өт қабында, кейде екеуінде де болады.

  • Өт жолдарында пайда болған тас ауруы бірден белгілі болады.

  • Оның негізгі белгісі – оң қабырғаның асты шаншып ауыра бастайды.

  • Бұл шаншу көбінесе сүт тағамдарын жегеннен кейін басталады.

  • Кейбір науқастар біресе тоңып, біресе қызуы көтеріліп мазасы кетеді.

  • Өт жолы таспен жабылып қалғанда, адам денесі қарая бастайды.

  • Адамның бүкіл денесі өз өтіне уланады.

  • Өт жолдарындағы қабыну кезінде өт қабы жарылады да, өт сұйық құрсақ қуысына төгіледі.

13. Науқас адам жайлы дәрігер атынан хабарлама жасаңыз(аты-жөні, жасы, қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері).

14. Төменде өт жолдарының ауруларына байланысты дәрігердің сұрақтары берілген. Науқастың жауабын дайындаңыз.

– Қай жеріңіз ауырады?

– ___________________.

– Қалай ауырады?

– ___________________.

– Қай кезде ауырады? Тамақтанғаннан кейін бе?

– ___________________.

– Қандай тамақтардан кейін ауырады?

– ___________________.

– Оң жақ жауырыныңыздың асты ауыра ма?

– ___________________.

– Кіші дәретіңіздің түсі өзгерді ме?

– ___________________.

– Жүрегіңіз айни ма?

– ___________________.

– Құстыңыз ба?

– ___________________.

– Әлсіздік сезінесің бе?

– ___________________.

15. Науқас адам жайлы дәрігер атынан бөлім меңгерушісіне хабарлама жасаңыз(аты-жөні, жасы, қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері).

16. Төмендегі фразалық тіркестерді оқып, қандай жағдайларда қолданылатынын айтып беріңіз.

  • Аурудың беті бері қарау

  • Ауырып тұрдың, аунап тұрдың!

  • Өңі сынық

  • Құлан таза айығу

Өзін-өзі дамыту білім компетенциясы бойынша

Ң) Науқас адам жайлы дәрігер атынан бөлім меңгерушісіне хабарлама жасаңыз(аты-жөні, жасы, қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері).

О)Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз немесе консилиум жүргізуге дайындалыңыз.

Жедел жәрдем арқылы жеткізілген 68 жастағы науқастың асқазаны ұдайы сыздап ауырады, жүрегі айниды, жиі кекіреді, тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағаттан соң ауру оң жақ белге беріледі. Науқасқа алғашқы көмек көрсетілді, қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Бірақ науқас тағайындалған антибиотиктерді қабылдаудан бас тартты.

Төмендегі сұрақтарға өз болжамыңызды білдіріңіз:

а) Науқастың неге дәрі қабылдағысы келмеді?

ә) Басқа қандай көмек көрсетеміз?

П) Төмендегі мақал-мәтелдерді мағынасына қарай сәйкестендіріңіз және мәнін түсіндіріңіз.

1

Ас біреудікі болғанмен,

а

әлек кірді.

2

Ауру кірді,

ә

кәрілік тоздырады.

3

Ауру батпандап кіреді,

б

азқазан өзіңдікі екенін ұмытпа.

4

Ауру аздырады,

в

ауырмайтын жол ізде.

5

Ауырып ем іздегенше,

г

мысқалдап шығады.

10.Бақылау (құзыреттілік бойынша )

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:

  1. Қимыл есімді көрсетіңіз.

Әрбір адам ауыз қуысын әрдайым таза ұстау керек.

*ауыз қуысын

*әрдайым

*таза

*ұстау керек

*әрбір адам

  1. Қимыл есімді көрсетіңіз.

*жөтел

*кептіруге

*жидек

*қоспа

*ағзада

  1. Қимыл есімді көрсетіңіз.

*ірің

*жара

*қыздырумен

*бөлек

*асқазан

  1. Қимыл есімді көрсетіңіз.

*артық

*бұзылу

*ежелгі

*үйреніп

* өтте

  1. Қимыл есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.

*Никотин қан қысымын жоғарылатады.

*Никотин жүйке жүйесіне зиян.

*Никотин жүрек соғуын жиілетеді.

*Никотин ұйқыны бұзады.

* Никотиннің зияны көп

  1. Қимыл есімде тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

*Жеміс-жидектерді жуып женіз.

*Дұрыс тамақтанса, асқазан қызметі жақсарады.

*Тамақтану тәртібін дұрыс сақтау керек.

*Көкөністерді мұқият жуыңыз.

*Асқазанның жұмысы күрделі.

  1. Қажеттілік мәнде тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

*Шикі балықтың дәмін көрмеңіз.

*Тұмау- өте жұқпалы ауру.

*Біздің планетамызда су көп.

*Суды қайнатып, тазартып ішу керек.

* Денсаулықтың қадірін біл.

Операционалды – дағды компетенциясы:

1- жаттығу. Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз.

1. қамтамасыз етеді, сақтауын, бұлшық ет, тік қалпын, дененің қозғалтауын, оның және.

2. айтады, көмір қышқыл, шығару, газын, тыныс алу, деп, сіңіріп, оттегін, ауадан.

3. мүмкін, жұғуы, ағзаға, туберкулез микобактериялары, арқылы, тамақ.

4. болады, пайда, жұқпалы аурулар, ағзасына, адам, енуінен, микроорганизмдердің.

5. сақтану, байланысты, адамның, өзіне, аурулардан, әр түрлі.

Коммуникативті компетенция