Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Әкелері жайында балалары не ойлайды?

6 жасында – Менің әкем бәрін біледі!

20 жасында - Менің әкем біраз нәрсе біледі.

30 жасында - Әкем соншалықты көп нәрсе біле қоймайды.

40 жасында - Мен де әкемдей білемін.

50 жасында - Әкем біраз нәрсе біледі.

60 жасында - Менің әкем бәрін біледі!

70 жасында - Әттең, әкем өмірде болса, әкеммен ақылдассам ғой!

5-тапсырма.Төмендегі ситуациялық сұрақтарға жауап жазыңыз:

Әттең! Шіркін!

(Если бы)

...............................................................................................................

  • Бұл қандай отбасы?

...............................................................................................................

  • Олардың неше баласы бар?

...............................................................................................................

  • Балалары неше жаста?

...............................................................................................................

  • Балалары қандай?

...............................................................................................................

  • Әйелі неге қуанады?

...............................................................................................................

  • Күйеуі неге ренжиді?

...............................................................................................................

  • Балалар неге ата-аналарын ренжітеді?

...............................................................................................................

6 – тапсырма. «Менің отбасым», «Менің анам», «Менің әкем» тақырыптарына шығарма жазыңыз.

7 – тапсырма.Төменде берілген мәтіндегі дауысты дыбыстарға талдау жасап, септік жалғауы бар сөздерді табыңыз.

Алғашқы күні Әлия окопта жатып, жаудың алдын байқады, тіпті бір ойпатта олардың көшпелі асханасы тұрғанын көрді. Себебі түс кезінде сол окопқа бір-бірлеп термоспен, котелокпен келушілер көбейе бастады. Сол жерде снарядпен соққылау керек деп, артта тұрған батареяға хабар берді.

8 – тапсырма. Еліміз Ұлы Жеңісің 65 жылдық мерекесін қалай тойлады? тақырыбында досыңызбен болған сұхбатты жазып беріңіз.

Бақылау

А) лексикалық тақырып бойынша

1. Ұлы отан соғысы батырларынан кімдерді білесіз?

2. Соғысқа қатысқан батыр қыздар жайлы не айтар едіңіз?

3. Алматы қаласында соғыс ардагерлеріне арналған қандай ескерткіштер бар?

4. Бауыржан Момышұлының ерлік істері мен шығармашылығы туралы не айтасыз?

5. Мәлік Ғабдуллиннің соғыс кезіндегі батырлығы және соғыстан кейінгі ерен еңбектерітуралы не айтасыз?

6. 316 атқыштар дивизиясы туралы не айтасыздар?

7. «Ер есімі ел есінде»,- деген мақалды алай түсінесіз?

Ә) грамматикалық тақырып бойынша

1. Сөйлемде ілік септігінің атқаратын қызметі қандай?

2. Сөйлемде ілік септігі мен тәуелдік жалғауы қалай байланысады?

3. Тәуелдік жалғауының сөйлемдегі қолданылу ерекшеліктері

Тест тапсырмалары:

1.Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласын көрсетіңіз

а) синтаксис

ә) морфология

б) фонетика

в) лексика

г) диалектология

2.Сыртқы тұлғасы, дыбысталуы бірдей болғанымен мағынасы басқа- басқа сөздер қалай аталады?

а) синоним

ә) антоним

б) тұрақты тіркес

в) омоним

г) мақал-мәтел

3. Айтылуы басқа, мағынасы жақын сөздер қалай аталады?

а) синоним

ә) антоним

б) тұрақты тіркес

в) омоним

г) мақал-мәтел

4. Мағынасы қарама –қарсы сөздер қалай аталады?

а) синоним

ә) тұрақты тіркес

б) антоним

в) омоним

г) мақал - мәтел

5.Сөздердің дұрыс жазылу ережесі қалай аталады?

а) омоним

ә) синоним

б) антоним

в) орфография

г)орфоэпия

6.Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз

а) болашағым

ә) заманға

б) өнеркәсіп

в) комбинаттар

г) қоғам

7.Септік жалғаулы сөзді көрсетіңіз

а) нарықтық

ә) пайдалы

б) зауыттар

в) саясатының

г) арнайы

8.Ойды бейнелеп, әсерлеп айту үшін қолданылатын арнайы сөз тіркестері қалай аталады?

а) үндестік заңы

ә) бүгін

б) орфоэпия

в) тұрақты сөз тіркестері

г) антоним

9.Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.

а) тәуекелші

ә) саналы

б) арбакеш

в) қарлығаштың

г) амандасу

10.Тіл білімін зерттейтін ғылымды атаңыз.

а) жаратылыстану

ә) философия

б) археология

в) филология

г) тарих

11. Тек дауысты дыбыстар берілген қатарды көрсетіңіз.

а) к, л, м, о, у

ә) а, о, ұ, ы, е

б) л, м, н, ң, ә

в) ц, ш, щ, ң,б

г) й, ж, з, и

12.Тәуелдік жалғауының 1-жағында тұрған сөзді табыңыз.

а) орманға қарай

ә) тілім барда, халқым бар

б) біздің жатақхана

в) тіс салу

г) еңбектің жемісі

13.Тәуелді жалғаулы сөз тіркесін табыңыз.

а) білім алдым

ә) кінәлі адам

б) кінәсі ашылды

в) бітім жасау

г) адамнан біл

14.Ілік септігіндегі сөзді табыңыз.

а) аз уақыты

ә) шөптің басы

б) алтын емес

в) ауылда қалу

г) ұнай ма

15. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына қай септіктің жалғауын жалғаймыз?Жамбылдың көптеген өлеңдері дүние жүзі халықтары ... тілдеріне аударылған.

а) атау

ә) ілік

б) барыс

в) табыс

г) жатыс

16.Көпше түрде дұрыс тәуелденген сөзді көрсетіңіз.

а) балаларының

ә) дәрігердің кеңесі

б) білімді дәрігер

в) дәрігерге барды

г) қаладан келді

17. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.

а) студенттен

ә) келгеннен

б) дәптеріңіз

в) баланың

г) анада

18.Септік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

а) ақылды

ә) көрікті

б) сұрады

в) елдің

г) баласы

19. Тәуелдік жалғауының ІІ жағында тұрған сөзді көрсетіңіз.

а) досқа

ә) досымыз

б) доспенв) досының

г) достар

20.Тәуелдік жалғауының ІІІ жағында тұрған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) сенің көмегің

ә) кітап алды

б) емханаға бардыңыз

в) болашақ дәрігермін

г) оқусыз білім жо

Негізгі әдебиеттер:

1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994

2. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы. Кітап. 2005 ж 15-16 бет

3. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі. Ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы. Әділет 1998 16-17бет

Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 38-39бет.