Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Жалпылау есімдіктері

Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.

Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылыстарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз. Мысалы: Асқазан, бауыр, ішектер, ұйқы безі- барлығы ас қорыту мүшелеріне жатады.

Жалпылау есімдіктерінің ішінен бәрі деген атау формада субстанциялық (заттық) ұғымды білдіреді де, басқалары атау формада аттрибутивтік (анықтау) ұғымдарды білдіреді. Жалпылау есімдіктерінің ішінен бар, бүкіл, күллі сөздері лексикалық жолмен өзге сөз таптарынан ауысқан, бәрі, барлық барша сөздері морфологиялық тәсіл арқылы бар есімдігінен жасалған.

Бар, барлық, барша есімдіктеріне тәуелдік жалғаулары оңаша және ортақ түрінде де жалғана береді де, бүкіл, күллі, бүтін есімдіктеріне ешқашан да жалғанбайды. Жіктік жалғаулары да жалпылау есімдіктерінің ешбіріне жалғанбайды.

А. бәрі

І. бәрінің

Б. бәріне

Т. бәрін

Ж.бәрінде

Ш.бәрінен

К. бәрімен

А. барлығы

І. барлығының

Б. барлығына

Т. барлығын

Ж. барлығында

Ш. барлығында

К. барлығымен

Өз бетінше орындайтын жаттығу жұмыстары

1 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

  1. ... студенттер салауатты өмір салтын жақсы ұстайды. 2. Науқастардың ... анализді толық тапсырған жоқ. 3. Ол ... кеш келді. 4. ... халық бейбітшілікті қалайды. 5. Дәрігер ... жұмысын бастап кеткен.

Керекті сөздер: әлдеқашан, барша, әлдеқайдан, кейбір, кейбіреуі.

2-жаттығу. Есімдіктердің қай септікте тұрғанын айтыңыз.

Өзіңді, ешкімнен, баршасына, осында, мынадан, нешеуіне, кейбірінің, мынаған.

3 – жаттығу. Төменде берілген белгісіздік есімдіктеріне сөйлем құрастырыңыз.

Біреу, әрбір, әлдеқайдан, әлдене, кейбір, әркім.

4-жаттығу.Берілген өлеңді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.

Медбикелер

Дәрігерлерге қолғанат,

Ақ халатты абзал жан.

Ауру келсе тыным жоқ,

Қасынан дәйім табылған.

Дауа жасап кеселге,

Күндіз-түні сабылған.

Медбикелер мейірімді,

Қолдары шипа асыл жан.

Құтты болсын мереке,

Емшілер даңқын асырған! (Бекемгүл Батырбекқызы)

Жоғарғы тыныс алу мүшелерінің аурулары

Тұмау немесе грипп – тыныс жолдарының вирустық ауруы. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (ол Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа түрін түзуі мүмкін.

Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының шырышты қабығында өсіп-өнеді. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы – тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ, науқас адам пайдаланған заттары (ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. ) арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғары тыныс жолдарының  жасушаларында өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы ағзаны уландыра бастайды.  Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығады, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды, мұрыннан су ағады, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлайды. Адам дереу дәрігерге көрініп емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.

Емі. Дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделіп, дене қызуын, сүйек сырқырауын басатын дәрілер ішу керек. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуы, олар жиі қайнатылып жуылуы тиіс. Тұмау адамдар үшін қауіпті, ол құлаққатамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін. Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді. Арнайы дәрілер (оксолинремантадининтерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, ағзаның улануын азайтатын дәрі-дәрмектер беріледі. Тұмаудың тағы бір емі – бал қосылған сүт. Бір стакан ыстық сүтке бір шай қасық бал, үккіштен өткізілген сарымсақтың бір бөлігін араластырыңыз. Ыстықтай ішкен дұрыс. Дәмді болмаса да бұл тәсіл тұмауды бірден жоюға көмектеседі. Бұл дертке қарсы сонымен қатар үйде өсетін өсімдіктерді де пайдалануға болады. Мысалы, алой жапырағының сөліне бірнеше тамшы өсімдік майын қосып, мұрынға тамыз­ған жөн. Егер алой табылмаса орнына сәбіз шырынын да пайдалануға болады. Тек оған бірнеше тамшы сарымсақ сөлін қосу керек.

Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол – салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесінен және зарарсыздандырғыштар (хлорқышқылдарспирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.

Ринит немесе мұрын бітелу— мұрын қуысының шырышты қабығының қабынуы. Ауруды мұрын қуысына түскен микробтар мен вирустар тудырады. Қоздырғыштардың дамуына ағзаның мұздауы, ауаның құрамындағы шаң-тозаң мен зиянды газдар мөлшерінің артуы, гүл тозаңдары әсер етеді. Көп жағдайда ринит жұқпалы аурулардың (тұмау, дифтерия) әсерінен де болады. Риниттің жедел және созылмалы түрлері бар. Көбіне вазомоторлы (жүйке жүйесінің қабынуы) және аллергиялық (ағзаның аса сезімталдығы) түрлері де кездеседі. Аурудың бастапқы кезінде мұрынның шырышты қабығы ісінеді, науқастың тамағы қызарып, құрғайды. Бірнеше күннен кейін мұрыннан сұйық ірің ағады. Бұл кезде дене қызуы аса көтерілмейді, бірақ ауру адамның басы ауырып, тыныс алуы қиындайды, көздің шырышты қабығының қабынуынан көзден жас ағады. Әсіресе мұрын бітелу нәрестелерде ауыр өтеді, себебі, олардың мұрын қуысы тар болады да, мұрын ішіндегі болар-болмас ісіну олардың дем алуына, тамақтануына кедергі жасайды. Кейде қабыну мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабатына, есту түтікшесіне, көмейге, кеңірдекке, тіпті өкпеге де таралуы мүмкін. Ауруды дер кезінде емдемесе, асқынып, созылмалы түріне ауысады.

Емі. Аурудың бастапқы кезінде денені жылы ұстап, бал немесе таңқурай қосылған шай ішу, мұрын ішіндегі қан тамырларын тарылтатын ерітінділер (санорин, галозалин, т.б.) қолдану. Ринитті болдырмау үшін денені шынықтырып, спортпен шұғылданған жөн, үйде және жұмыс орнында жеке бастың гигиенасын сақтау қажет, егер жұмыс орны шаң-тозаң, улы газбен байланысты болса, респиратор немесе қорғаныш дәкесін қолдану керек.

Баспа немесе ангина – гректің бату, қысу деген сөзінен шыққан, әр түрлі микроорганизмдер, көбінесе стрептококтар мен стафилококтар туғызатын өте жұқпалы ауру. Бұл кесел ағзаға суық тигенде, өте суық сусын ішкенде пайда болады. Салқын тиген кезде ағза әлсіреп, микробтар ауруды қоздырып, тамақты қабындырады.

Ауру басталғанда дене қызуы көтеріліп, жұтынғанда тамағы ауырады, науқастың жалпы жағдайы нашарлайды. Әдетте астыңғы жақ лимфа түйіндері үлкейеді. Ауру 5 күннен 7 күнге дейін созылады. Асқыну болмаған жағдайда сауығып кетеді.

Емі. Науқасты оңаша ұстау қажет. Сульфаниламидтік преператтар ішкізіледі, тамағын фурацилин натрий гидрокарбонаты ертінділермен шайғызады. Аурудың интоксикация құбылыстары болып, ауыр тиген жағдайда антибиотиктерді парентералдық әдіспен 7-8 күн бойы енгізеді. Бұл ауру қайталай берсе, созылмалы түрге ауысады. Ал баспа асқынса, қан арқылы жүрекке, бауырға, бүйрекке зардабын тигізеді. Сондықтан баспамен қайталап ауырудан сақтану маңызды, ол үшін тісжегіні, мұрын мен жұтқыншақты емдеу қажет (ультракүлгін сәуле беру, дәрігердің көрсетуімен аденоидтарды алып тастау).

Тақырыпты меңгергенге дейінгі тапсырмалар