Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар

2 Дәрігер мен науқас арасындағы сұхбат.

2012 ж

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы:Дәрігер мен науқас арасындағы сұхбат.

2. Мақсаты: Өздік жұмыс арқылы студентке игеріп отырған мамандығы бойынша кәсіби сөздік қорын байыту, медициналық терминдерді дұрыс қолдана білуге үйрету. Оларды әртүрлі аурулар бойынша рөлдік ойындар арқылы сұхбат жасай білуге баулу. Дұрыс диагноз қойып, аурудың түрін анықтауда дәрігердің қойған сұрақтарына науқастың нақты әрі айқын жауап беруінің маңызды екенін түсіндіру.

3. Тапсырмалар:

  1. Дәрігер мен науқас арасында белгілі бір ауру бойынша сұхбат ұйымдастыру

  2. Белгілі бір жүйе аурулары бойынша рөлдік ойындар өткізу

  3. Белгілі бір жүйе бойынша іскерлік ойын құрастыру.

  4. Белгілі бір жүйе аурулары жайлы мәліметтер келтіріп, жазбаша есеп (ақпарат) жазу.

4. Орындалу тәсілі. Жазбаша есеп (ақпарат), сценарий.

5. Орындалу талаптары:

  1. Іскерлік ойын барысында дәргердің сөздік қорының барынша мол әрі түсінікті болуын қамтамасыз ету.

  2. Сұхбатта науқастың жауабы ойын тақырыбына сай болуы.

  3. Сұхбатта қолданылған медициналық терминдерді медициналық оқулықтардағы терминдермен салыстыру.

  4. Рөлдік ойындағы медициналық сөз тіркестерінің қолданылу ерекшеліктерін ашып көрсету.

  5. Сөйлемдердің грамматикалық құрылымдары туралы қазақ тілі грамматикасы бойынша жазылған оқулықтарды пайдалана отырып, өз ойларын айту.

  6. Рөлдік ойындардың сценарийінің жазбаша нұсқасын өткізу.

6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.

7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.

1. Жұмыстың сапасы – 100 б.

2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.

8.Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. «Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған». Алматы, «Қайнар», 2002 ж.

2. Дәрменқұлова Р.Н. «Медициналық мәтіндер жинағы». Алматы, 2002 ж.

3. Дәрменқұлова Р.Н. «Қазақ тілі», Алматы, 2010 ж.

4. Рақышев А. «Қазақша-латынша-орысша анатомиялық сөздік».

9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.

1. Сұхбат бойынша қандай медициналық терминдер қолдандыңыз?

2. Рөлдік ойындардың сізге қандай көмегі болды?

3. Сізге берілген рөл өзіңізге ұнады ма? Неге?

Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар

3. Орта ғасыр ойшылдары

2012 ж

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы:Орта ғасыр ойшылдары.

2. Мақсаты: Түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатынОрта ғасыр мұраларының мәні өте зор. Сондай құнды рухани жазбалардың қазақ жерінде өте көп болуы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш. Сондықтан, бұл жердегі мақсат – жастардың көне ойшылдар еңбектерінің тәрбиелік мәнін жете түсініп, одан тағылым алуы.