Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

10. Бақылау жұмыстары:

Коммуникативті компетенциябойынша

Ғ) Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

Д) Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.

Ж) Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп толықтыратын үзінділерді табыңыз.

  • Ағзалар тіршілігіндегі барлық әрекеттерді жүйке жүйесі басқарады.

  • Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлім болып екіге бөлінеді.

  • Жұлын омыртқа жотасының өзегіне орналасады, оның диаметрі 1см.

  • Жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстік және өткізгіштік.

З) Төмендегі етістіктердің қайсысы мәтінде кездеспейді?

Құралу, басқару, сіңірілу, біріктіну, түзілу, жүзеге асыру, сезу, қорғану,түсу, алмасу, жалғасу, табылу, өзгеру, қалыптасу, орналасу, атқару, қиылысу, қапталу, тарау, қамтамасыз ету, үзілу, ұқсау.

И) Қалып қойған сөздерді жазып, өзіңізді тексеріңіз.

  • Жүйке жүйесіденедегі мүшелердің ___________ реттейді.

  • Жүйке жүйесіағза мен сыртқы ортаның ________қамтамасыз етеді.

  • Жұлын ___________ қызмет атқарады.

  • Жүйкелер адам денесінің барлық ______таралған, __________барлық мүшелерді ми және ________ байланыстырады.

  • Жүйке түйіндері – өзара біріккен, байланысқан жүйке______ жиынтығы.

  • Адамның _____ 20 жасқа дейін өседі.

  • Жұлын зақымдалғанда өткізгіштік және ________ қызметтері жойылып кетеді.

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

К) Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, сөз құрамын талдап көрсетіңіз.

Қ) Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

  • Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады.

  • Жүйке жүйесі ортаңғы және аралық бөлім болып екіге бөлінеді.

  • Жұлын бассүйекте орналасады.

  • Жұлынның қызметін ми реттеп отырады.

  • Жұлын зақымдалғанда өткізгіштік және рефлекстік қызметтері жойылып кетеді.

  • Ми омыртқа жотасының өзегіне орналасады.

  • Жүректі тоқтатуға, астың қорытылуын тездетуге болады.

  • Ағзалар тіршілігіндегі барлық әрекеттерді жүйке жүйесі басқарады.

Л) Екі бағанды мағынасына сәйкес сәйкестіріңіз.

Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесініңәсерінен болады, мысалы,

яғни жұлын мен ми арасындағы байланыстар үзіледі.

Жүйке жүйесіденедегі мүшелердің жұмысын реттейді,мысалы,жүрекпен бұлшық еттің жиырылуы,

төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылып жатады.

Жұлын зақымдалғанда өткізгіштік және рефлекстік қызметтері жойылып кетеді,

жақын келген көлікті күтіп тұру, аса ыстық немесе суықтан қорғану, денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б.

Жұлынның жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады,

парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі — қан тамырларының қызметтерін реттейді.

Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі дене, яғни тірек-қимыл мүшелерінің,

сүйектердің қозғалысқа келуі, тер, сілекей, сүт, асқазан сөлінің бөлінуі.

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

М) Жүйке сөзіне қатысты фразалық тіркестердің беретін мағыналарын сәйкестендіріп, олармен сөйлем құрыңыз.

1

Жүйкеге тию

а

біреуді әбден шаршату, діңкесін құрту

2

Жүйкесі босау

ә

біреудің мазасын алу

3

Жүйкесін құрту

б

көңілі елжіреу, көзіне жас алу