Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

1) Етістікті көрсетіңіз:

а) қалақай

б) дәне

в) сораң

г) еру

д) жұмыс

2) Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз:

а) Балалар ойнап жүр.

б) Олар сөйлесіп отыр.

в) Балалар доп ойнады.

г) Балалар доп ойнап жатыр.

д) Мен театрға барып келдім.

3) Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз:

а) Сәуле орындықта отыр.

б) Сәуле кеше келді.

в) Сәуле келе жатыр.

г) Сәуле келді.

д) Сәуле мектепке барды.

4) Сөйлемді аяқтаңыз:

Егер адам тыныс жолы арқылы уланса, ...

а) көмек көрсету үшін.

б) өте сақ болған.

в) бір жүйеге келтіру

г) таза ауаға шығару керек

д) тындау керек

5) Етістікті көрсетіңіз:

а) тыңдайды

б) жаздай

в) жемдей

г) сіздей

д) озіндей

6) Етістіктің сұрағын көрсетіңіз:

а) қашан?

б) не қылды?

в) не үшін?

г) қандай?

д) не?

7) Етістікті көрсетіңіз:

а) ауыр, жеңіл

б) ақылды, сергек

в) бар, жоқ

г) он, жетпіс

д) келді, кетті

8) Көмекші етістікті тіркесті көрсетіңіз:

а) келе бастады

б) сұраған жоқ

в) біреу келді

г)жағдай бар

д) бару керек

9) Етістікті көрсетіңіз:

а) әрбір

б) қоғам

в) оқыды

г) жеміс

д) мектеп

Операционалды – дағды компетенциясы:

Көмекші етістіктер қатысқан тіркестерді пайдаланып сөйлем құрастырыңыз.

Жазып бер, қайтып кетті, түсіп кетті, салып бер, оқып қойды.

Коммуникативті компетенция:

а) лексикалық тақырып бойынша

  1. Алғашқы қазақ дәрігерлерінен кімдерді білесіз?

  2. Алғашқы қазақ фельдшерлері қайда даярланып шықты?

  3. С.Асфендияров кім? Қайда оқып білім алған?

  4. Х.Досмұхамедұлы туралы не білесіз?

  5. Ақын С.Торайғыровқа күрделі ота жасаған дәрігер кім?

  6. Дәрігер М.Қарабаев медицинаның қай саласында еңбек етті?

ә) грамматикалық тақырып бойынша

  1. Тілімізде көмекші етістіктердің атқаратын қызметі қандай?

  2. Қандай көмекші етістіктерді білесіз?

  3. Ал, баста, қой, бол көмекші етістіктеріне мысал келтіріңіз.

  4. Тілімізде жиі қолданатын көмекші етістіктерді атаңыз.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы:

Сөйлемді аяқтаңыз.

  • Ә.Алдияров күрделі ота жасап, .........................................

  • Алаш қозғалысының қайраткері ................................................

  • С.Асфендияров 1907 жылы Петербург әскери-медициналық академияға.................

  • Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі ...............................

Негізгі әдебиеттер:

1.Бектұров Ш.К. Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994. 47-б.

2. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. А, 2004 .

3. С.Жиенбаев, Г.Бегалиев, И.Уюкбаев. Қазақ тілі. А.,1988.123-124 бб.

Қосымша әдебиеттер:

1.Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2.Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990. 96-б.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989. 87-88 бб.

Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын (осөж) жұмысының тақырыптық жоспары

Тақырыбы: Қазақтың көрнекті дәрігер-ғалымдары.

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай