Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

7

Тақырыбы: Жүйке жүйесі

Сөз құрамы.

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Жүйке жүйесі

Сөз құрамы.

2. Мақсаты:

  • Жүйке жүйесітуралы мағлұмат беру;

  • Жүйке жүйесітуралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

  • Жүйке жүйесітуралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

  • Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

  • Сөз құрамы туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

  • Өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Жүйке жүйесітуралы;

2. Жүйке жүйесінің мүшелері туралы;

3. Жүйке жүйесітуралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар;

4.Жүйке жүйесіқызметі туралы.

ә) грамматикалық материал бойынша

Сөз құрамы туралы түсінік.

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

- Мәтін бойынша жұмыс (65 -70 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға дайындау, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (20-25минут).

- Жаңа сабақты қорыту (15-20 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 45-47беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 61-67беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Студентке болжам жасату, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істету, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, жағдаяттық тапсырмалар беру.

8. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук,жүйке жүйесінің суретін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.

9. Тапсырмалар:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

А)Тақырыбына қарап, мәтіннің не туралы екеніне болжам жасаңыз. Егер мәтін жүйке жүйесі туралы болса, онда не жайында айтылуы мүмкін?

Ә)Сол жақтағы етістіктермен сол жақтағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін құрыңыз.

қамтамасыз ету (нені?)

орналасады (қайда?)

зерттеп жүр (нені?)

құралады (неден?)

араласады (қалай?)

атқарады (не?)

бағынбайды (кімге?)

айналаны

ми мен жұлыннан

белсене

тұтастығын

балаға

бас сүйекте

қызмет

Б) Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтінді оқып шығыңыз.

Ағзалар тіршілігіндегі барлық әрекеттерді жүйке жүйесі басқарады. Жүйке жүйесінің маңызы мынандай:

  • Жүйке жүйесіденедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы,жүрекпен бұлшықеттің жиырылуы, сүйектердің қозғалысқа келуі, тер, сілекей, сүт, асқазан сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.

  • Жүйке жүйесібарлық мүшелердің бірімен-бірінің байланысын, үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшық етінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үрдісі қарқынды жүреді, тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді.

  • Жүйке жүйесіағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамныңжүйке жүйесініңәсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру, аса ыстық немесе суықтан қорғану, денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б.

Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлім болып екіге бөлінеді. Орталық бөлім ми және жұлыннан құралады. Шеткі бөлімге жүйкелер мен жүйке түйіндері жатады. Жүйкелер адам денесінің барлық жеріне таралған, олар мүшелерді ми және жұлынмен байланыстырады. Жүйке түйіндері – өзара біріккен, байланысқан жүйке жасушаларының жиынтығы. Жүйке жасушасын нейрон деп атайды, нейронның құрылысы күрделі. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады.

Жұлын омыртқа жотасының өзегіне орналасады, оның диаметрі 1см, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылып жатады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ зат (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Жұлын жүйкелері қолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады.

Жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстік және өткізгіштік. Жұлынның қызметін ми реттеп отырады. Жұлын зақымдалғанда өткізгіштік және рефлекстік қызметтері жойылып кетеді, яғни жұлын мен ми арасындағы байланыстар үзіледі. Ағзадағы қызметіне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық, парасимпатикалық, симпатикалық. Жүйке жүйесінің сомалық бөлімітірек-қимыл мүшелерінің, парасимпатикалық бөліміішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі қан тамырларының қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. Рефлекссыртқы немесе ішкі орта әсерлеріне ағзаның жауап қайтару реакциясы.

Ми бас сүйек қуысына орналасады. Оның орташа салмағы 1300-1400г. Адамның миы 20 жасқа дейін өседі. Ми бес бөліктен тұрады: үлкен ми сыңарлары, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, соқпаша ми. Бұлардың атқаратын қызметі әр түрлі болғанымен, бір-бірімен тығыз байланысты.

В) Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.

жұлын – спинной мозг

тер – пот

сілекей– слюна

тікелей– непосредственно

шеткі – периферический

жүйке түйіндері – нервные узлы

өткізгіштік қызмет – проводниковая функция

мишық – мозжечок

үйлесімді– гармоничный; соответствующий

Г) Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Жасушаларының жиынтығы, мүшелердің жұмысын реттеу, бұлшық еттің жиырылуы, сүйектердің қозғалысқа келуі, қарқынды жүру, ағза мен сыртқы ортаның байланысы, біріккен, байланысқан, жұлын сұйықтығы, көбелекке ұқсаған, жұлынның сұр заты, жауап қайтару реакциясы.