Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

10. Бақылау жұмыстары:

Коммуникативті компетенциябойынша

Г) Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап ала алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

Ғ) Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.

Д) Төмендегі сызбаға қарап ас қорыту жүйесі туралы әңгімелеңіз.

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

Ж) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Қоймалжың ас бұдан кейін ас қорыту жүйесінің келесі бөлімі

аш ішек, тоқ ішек – бұлар ас қорыту жолы болып табылады.

Тоқ ішек адам ағзасындағы ішек түтікшелерінің ең кеңейген бөлігі,

ал майдың ерітінділері негізінен, лимфаға сіңіріледі.

Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан немесе қарын, он екі елі ішек,

аш ішектің бастапқы бөлігі, ол асқазанның кіреберісімен жалғасады.

Аш ішектегі қорытылған кенеулі заттардың ерітіндісі қыл тамырлар арқылы қанға өтеді,

– аш ішекке біртіндеп өтіп отырады да, ең соңғы қорытылуға түседі.

Он екі елі ішек немесе ұлтабар, латынша  duodénum –

ол соқыр ішек пен тік ішектен тұрады, қорытылмаған қалдық заттар тік ішекке түседі.

Ұйқы безі асқазанның астыңғы жағында

екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан.

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

З) Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

Ас қорыту – өте күрделі үрдіс.

Ол ас қорыту жолынан және бұлшық еттен құралады.

Ас ауыз қуысынан кеңірдек арқылы асқазанға өтеді, одан соң бауырға түседі.

Ересек адамның асқазанының сыйымдылығы 3 литрдей.

Асқазанның басты бөлімі – он екі елі ішек немесе ұлтабар.

Асқазанда бауыр мен ұйқы безінің сөл шығару өзектері ашылады.

Бауырдан бөлінетін өт қоңыр түсті.

Өттің әсерімен май уақ тамшыларға ыдырайды.

Бауыр – ас қорыту бездерінің ішіндегі ең кішкентай без.

Бауыр ағзадағы улы заттарды зарарсыздандырып отырады.

Он екі ішекте астың негізгі қорытылуы аяқталады.

Аш ішекте кенеулі заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға тарайды.

И) Бауыр мен өкпегесалыстыру жүргізіңіз.

Өзін-өзі дамыту білім компетенциясы бойынша

К) Мәтін мазмұнына өзіңіз білетін осы тақырыпқа қатысы бар мәліметті қосыңыз.

Қ) Ауыз сөзіне қатысты сөз тіркестерін жағымды, жағымсыз мағыналарына қарай топтастырыңыз.

Сөз тіркестері

жағымды

жағымсыз

ашықауыз, алауыз, дуалы ауыз, жеңіл ауыз, оймақ ауыз,

құрауыз, салымды ауыз.

Л) Қазақ тілінде БАУЫР сөзі сондай-ақ, бірге туған қандас туыстықты білдіреді. Бауыр сөзі өзінің тура мағынасында да, ауыспалы мәнде де қолданылады. Түрлі қосымшалар жалғанғанда, туынды сөздер жасалады. Төменде берілген сөздердің мағынасын есіңізге сақтаңыз және осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

Бауыр

бірге туған қандас туыс

Бауырмал

туысқаншыл, ағайыншыл қасиет

Бауырлас (ел)

туысқан, дос

Бауырдай

бірге туғандай жақын

М) Ас қорыту мүшелеріне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестендіріңіз және осы фразалармен сөйлем құрастырыңыз.

Бауырына кіру

бөтен, бөлек, туыстықтан кеткен адам

Жат бауыр

құр бекер сөйлеу

Аузынан тастамау

тым жақын болу

Тілі аузына сыймау

үнемі айтып жүру

Аузын ауырту

аш болу

Қарны қабысу

қатты шөлдеу