Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Сабақ үстіндегі жұмыс, сөздердің баламасын табу, топпен жұмыс, сөйлесу т.б.

8.Көрнекі құралдар. Кестелер, карточкалар, рөлдік /іскерлік ойын түрлері, университет туралы аудиодиск

9.Тапсырмалар

1-тапсырма. -а, -е жұрнақтарының бірін қойып, орыс тіліне аударыңыз.

1. Мен қалада тұр....мын. 2. Менің шешем дүкеннен азық-түлік әкел...ді. 3. Біздің отбасымыз кешке теледидар көр...ді. 4. Талғат суретті жақсы сал....ды. 5. Жанат шаңғы тебе....ді. 6. Сен кереуетте жат...сың. 7. Сіз-дер қайда қыдыр....сыздар? 8. Сендер көп сөйлес....сіңдер. 9. Сіз маған күнде кел....сіз.

2-тапсырма. Етістіктерді жіктеңіз.

Айту, алу, ұшу, жету, ойнау, түзеу, ойлау.

3-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

1. Я газеты не читаю, Алия читает. 2. Ты в магазин не ходишь, я хожу. 3. Ты не живешь в этом доме, Талгат живет. 4. Мурат не спит на этой кровати, Асет спит. 5. Мы не смотрим телевизор, наши друзья смотрят. 6. Он не гуляют в парке, мы гуляем. 7. Самат не играет в футбол, Нурлан и Ахан играют. 8. Его мама не работает на заводе, папа работает. 9. Ты не думаеш, Салтанат думает. 10. Асель не поет, Жанат поет.

4-тапсырма.Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар.

Университет – білім ордасы

Біз оқып жүрген С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің іргетасы 1930 жылы қаланған. Еліміздегі жоғары білім көшбасшысы саналатын 80 жылдық тарихы бар университет мемлекетіміздің тыныс-тірлігімен, қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Денсаулық сақтау саласының білікті мамандарын даярлауда жеткен жетістіктері ұшан-теңіз

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті тек білімді мамандардың ғана емес, біліктілердің де ұясы. Жас студенттер арасында көптеген талантты, дарынды да талапты болашақ дәрігерлерді кездестіреміз.

1989 жылы институтқа оның тұңғыш ректоры С.Ж.Асфендияровтың аты берілді. 1996 жылы тамыз айында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Қазақ Мемлекеттік Медициналық Университеті, 2001 жылдың маусым айында – Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті болып қайта аталды. Қазіргі С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті жоғары медициналық білім беру саласында республикадағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.

Қалыптасқан үрдіс жыл сайын желтоқсанның 1-4 аралығы «Университет күндері» деп жарияланып, бұл күндері әр түрлі тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізіліп, шетелдік танымал ғалымдардың дәрістері тыңдалады. «Студенттікке қабылдау», тағы басқа да ерекше есте қаларлық, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қазіргі кезде С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нде мына факультеттер бойынша сабақтар жүргізіледі:

  • Жалпы медицина факультеті

  • Медика-профилактика факультеті

  • Стоматология факультеті

  • Фармацевтика факультеті

  • Менеджмент факультеті

  • Шет елдік студенттер факультеті

  • Дипломнан кейінгі білім беру факультеті

  • Білімін жетілдіру факультеті

Ректорлары:

1931 — 1932 Асфендияров Санжар Жапарұлы

1934 — 1943 Зикеев В. В.

1943 — 1952 Зюзин Василий Иванович

1952 — 1954 Қарынбаев Сибугатулла Рыскалиұлы

1954 — 1960 Корякин Иван Сергеевич

1960 — 1963 Самарин Роман Иванович

1963 — 1975 Карынбаев Сибугатулла Рыскалиұлы

1975 — 1987 Маскеев Қуаныш Мубаракұлы

1987 — 1995 Белозеров Евгений Степанович

1995 — 2008 Момынов Талғат Әшірұлы

2008 — қазіргі кезде Ақанов Айқан Ақанұлы

5-тапсырма. Ситуациялық тапсырмалар:

1. Университет күніне байланысты кездесу ұйымдастырмақсыз. Сол туралы радио арқылы хабарландыру беріңіз.

Сөйлесу, пікірлесу: Сіз деканатқа келдіңіз. Декан сізден төмендегілерді білгісі келеді. Берілген сұрақтарды және сөйлеу үлгісін пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?

- Қай топта оқисыз?

- Болашақта қандай мамандық алмақ ойыңыз бар?

- Оқуда, тұрмыста қандай қиыншылықтарыңыз бар?

- Сізге деканат тарапынан қандай көмек керек?

- Қазір қайда тұрып жатырсыз?

Сөйлеу үлгісі:

... топта оқимын. Болашақта ... мамандығын алмақ ойым бар. ... қиыншылықтарым бар/жоқ. ... керек/керек емес.