Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

16 тақырып: Жүйке жүйесінің аурулары. Остеохандроз.

Етіс категориясы

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Жүйке жүйесінің аурулары. Остеохандроз.

Етіс категориясы

2. Мақсаты:Етіс категорияларын практикалық жолымен меңгерту; мәтінде кездесетін медициналық, терминдердің мағынасын түсіндіріп, мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету. Медициналық термин сөздердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, өз бетінше мазмұнын айтуға баулу.

3. Міндеті:Мәтіндегі медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

Когнитивті – білім компетенциясы:

Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, дұрыс сөйлеуге үйрету; сөйлеу барысында етістерді дұрыс қолдануға машықтандыру; етістердің қызметін тани білу, сипатын ажырата білу.

Операционалды – дағды компетенциясы: сөздік қорын байытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, оқыған мәтіннің мазмұнын жан–жақты талдау арқылы студенттің білім, білік дағдыларын жетілдіру.

Коммуникативті компетенция: тілдік категорияларды дұрыс қолданып, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: студенттердің танымдық деңгейін көтеру, ауызекі сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

4.Негізгі ұғымдар: Бас сақинасы, ұстама, жарықтан қорқу, дыбыстан қорқу, иістерге гиперсезімталдық, жүйке жүйесі, қамтамасыз етеді, реттеп отырады, ми ақаулары, ішкі мүшелердің жұмысы, адамның қимылын басқару, қояншық.

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

Студенттің білімін бақылау (10 мин.)

Студенттің білімін бағалау (5 мин. )

6.Өткізу түрі: Аралас сабақ

7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас.

8.Көрнекі құралдар: Жүйке жүйесі және жүйке жүйесінің ауруларына арналған слайдтар, етіс түрлеріне арналған кесте, үлестірмелі карточкалар.

9.Тапсырмалар

Етіс категориясы

1.Негізгі етіс (основной залог)

2.Өздік етіс (возвратный залог)

3.Ырықсыз етіс (страдательный залог)

4.Ортақ етіс (взаимно-совместный залог)

5.Өзгелік етіс (понудительный залог)

Негізгі етіс (основной залог)

Мысалы:

Қанат туберкулез туралы мақала оқыды. “Канат прочел текст о туберкулезе”.

Дәрігер рецепт жазып берді. “Врач выписал рецепт”.

Өздік етіс (возвратный залог)

Мысалы:жу-ын“мой-ся”, тара“расчеши-сь”.

Ырықсыз етіс (страдательный залог)

Мысалы:

Бір аптадан кейін жұмыс аяқта-л-ады. “Через неделю работа будет закончена”.

Қызыл май Қазақстанда шығар-ыл-ады. “ Қызыл май производится в Казахстане”.

Ортақ етіс (взаимно-совместный залог)

Мысалы:

Мен дәрігермен сөйле-с-тім. “Я поговорил с врачом”.

Мен шипалы шөптер қаз-ыс-тым. “Я помогал копать лекарственные травы”.

Өзгелік етіс (понудительный залог)

Мысалы:

Дәрігер маған укол ең-гіз-ді. “Доктор поставил мне укол”.

Мен дәрі сатып ал-дыр-дым.“Я попросила себе купитьлекарство”.

1-жаттығу. Оқып, орыс тіліне аударыңыз.

1. Мен көркемөнерпаздар үйірмесіне жазылдым. 2. Үйлер, ағаштар ақ қар жамылды. 3. Бұл кітап маған берілген. 4. Сабақ басталды. 5. Концерт аяқталды. 6. Жиналыста бұл мәселе туралы көп айтылды. 7. Ет қонақтарға пісірілді. 8. Қонақтар шақырылған.

2-жаттығу.Қазақ тіліне аударыңыз.

1. Гости приглашены. 2. Письмо отправлено. 3.Белье постирано и выглажено. 4.Квартира убрана. 5. Талгат записался в кружок иностранных языков. 6. Люди собрались на собрание. 7. Дома и деревья покрылись белым снегом. 8. Мы поднялись с первого этажа на второй на эскалаторе. 9. Урок окончен. 10. Я выздоровела. 11. Было выпито много чая. 12. Много книг было прочитано.

3-жаттығу.Қазақ тіліне аударыңыз.

1.Мама попросила дочь вытереть пыль. 2. Гости попросили меня сыграть на фортепиано. 3. Карим позволил Алие купить шубу. 4. Мы заставили ребенка спеть. 5. Он попросил меня нарисовать портрет. 6. Ученики заставили учителя рассказать о его поездке за рубеж. 7. Меруерт заставила меня съесть плов. 8. Мы заставили Санию выпить лекарство.