Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тақырып бойынша тапсырмалар

4. Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтінді оқып шығыңыз.

5.Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Зәр шығарудың нашарлауы, ісіктің пайда болуы, қуық тұсында, біршама бөлігін қамту, сипағанда жұмсақ сезілу, ісік үстінің терісі, ет жуған су, қадағалау, іш қату.

6. Мағынасы жағынан сөздерді, сөз тіркестерін еске сақтаңыз.

несеп – зәр – кіші дәрет

біршама – біраз

тез – жылдам – шапшаң

ісік қайтқан кезде – ісік кеткенде

ақшыл түске ену ағару

дерттің өршуі – аурудың күшеюі

7. Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.

лайлану – помутнеть

ысталған – копченый

сүрленген – вяленый

Тақырыпты меңгергеннен кейінгі тапсырмалар

8. Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

  • Несеп жолдарыауыратын науқастардың негізгі шағымы – жамбастың сырқырап ауыруы.

  • Анурия – несеп бөлудің көбеюі.

  • Қалыпты жағдайда зәр қоңыр түсті болады.

  • Бүйрек немесе несеп жолдары зақымданғанда ауру сезімі бел, несеп жолдары, қуық тұсында болады.

  • Ісік үстінің терісі түсі қызарып кетеді.

  • Циститтің жедел түрінде адам кіші дәретке жиі барады.

  • Бүйрек ауруларымен ауырмау үшін адам өзін жылы ұстау керек.

9. Зәр шығару жүйесі аурулары бойынша науқастың жауаптарына дәрігердің сұрақтарын әзірлеңіз.

–______________________?

– Бүйрегім ауырады.

–______________________?

– Иә, белім де ауырады.

–______________________?

– Үнемі сыздап ауырып тұрады.

–______________________?

– Кешке қарай қызуым көтеріледі.

–______________________?

– Кейде бетім, саусақтарым ісетін сияқты.

–______________________?

– Жоқ, денемнің ісінгенін байқамадым.

–______________________?

– Иә, басым да ауырады.

–______________________?

– Соңғы кезде жүрегім ауырады, басым айналады.

–______________________?

– Иә, жүрегім айниды, бірақ құсқан емеспін.

–______________________?

– Тәбетім жаман емес.

–______________________?

– Зәрімнің түсі өзгерді.

–______________________?

– Ақшылдау сияқты.

–______________________?

– Иә, кіші дәретке жиі барамын.

–______________________?

– Жоқ, тас түскенін байқамадым.

–______________________?

– «Но шпа» ішіп жүрмін.

10. Емдеуші дәрігердің атынан палатаға түскен науқас адам жайында сырқатнама толтырыңыз.

Төлқұжат бөлімі:

Науқастың шағымдары:

Қазіргі (осы) аурудың даму тарихы:

Науқастың өмірбаяны:

Аурудың қазіргі жалпы жағдайы:

11. Науқас адам жайлы дәрігер атынан хабарлама жасаңыз(аты-жөні, жасы, қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері).

Тақырыпты меңгергенге дейінгі тапсырмалар

1. Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.

тарылу – сужение

бұзылу – разрушение; нарушение

қысылу – зажать

жалбыз – мята

итмұрын – шиповник

қалақай – крапива

мейлінше – очень, слишком, черезчур

шектеу – ограничить

2. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Толқын тәрізді, бүйрек түбегі, белдің сыздап ауыруы, несеп жолдарының тарылуы, туа біткен ауытқулар, шеңбер, бірлі-жарым, үдей түсуі, бүйрек кемістігі, кездейсоқ, оңтайлы тұрмыс жағдайын жасау, абай болу, тұзды шектеу.

3. Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай керекті қосымшаларды қойыңыз.

несеп жолы... қысылуы

бел... ауруы

пиелонефриттің диагнозы... қою

жойылған... дейін

тамақтандыру... маңызы

алғашқы күндер... бастап

қабыну... қарсы

арасында... үзілісте

қант... шектеу

белсенділігі... арттыру

тәбет болмауы... көрсету

жұқпалы аурулар... сақтану

инфекция ошақтары... жою

туа біткен ауытқу... анықтау

Пиелонефрит

Пиелонефрит – бүйрек түбегі ұлпасының қабынуы.Бұл – бүйректің ең жиі кездесетін ауруы. Бұған несеп жолдарының тарылуы, қысылуы және несептің жүруін бұзатын басқа да себептер әсер етеді. Өту сипаты бойынша жедел, толқын тәрізді және латентті пиелонефрит болып бөлінеді. Жедел пиелонефрит кенеттен басталады. Пиелонефриттің жедел түрінің негізгі белгілері: дене қызуы жоғарлауы, белдің ауруы, құсу, іштің ауруы. Зертханалық зерттеулер жүргізгенде қанда лейкоциттер анықталады, СОЭ көп болады. Несеп кейде макроскопияның өзімен-ақ қою көрінеді, ақуыз саны қалыпты немесе аздап көбірек болады, сондай-ақ, бактериялар көбейгені байқалады, бірлі-жарым эритроциттер кездеседі. Жедел пиелонефриттің диагнозын ертерек қоюдың маңызы зор, өйткені 90 % жағдайда сырқат сауығуға және созылмалы түрге көшуден сақтануға болады.

Пиелонефриттің жедел кезеңінде аурудың негізгі белгілері жойылғанға дейін төсектен тұрғызбау керек. Науқасты тамақтандырудың зор маңызы бар. Алғашқы күндерден бастап антибактериялық және қабынуға қарсы терапия жүргізу қажет. Антибиотиктер алғашқы 10-14 күнде енгізіледі, одан соң препараттарды ауыстырады. Сулфаниламидтік препараттарды 3-4 күннен үзіліс жасап, 7-10 күн пайданылады. Міндетті түрде витаминдер: ретинол, аскорбин қышқылы, В тобының витаминдері, пангам қышқылы В15 витамині тағайындалады. Антибактериялық терапия циклдары арасындағы үзілісте шөптерден шай шөп, жалбыз, итмұрын, қалақай т.б. емдеу мейлінше қажет. Емдік шараларды бірі – диета, сырқат адамның тамағында тұзды шектеу керек. Сондай-ақ, пиелонефритпен ауыратындардың кешенді терапиясына санаторий-курорт емін енгізуге болады.

Толқын тәрізді, қайталанбалы аурукезінде науқастың халі ұзақ уақыт бойы қанағаттанарлық болуы мүмкін. Тек асқыну кезінде ғана дене қызуы көтеріліп, халі нашарлайды, белі ауырады. Қабыну үрдісінің үдей түсуі нефрондар қызметінің бұзылуы мен бүйрек кемістігіне әкеп соғады.

Латентті ауру жағдайында пиелонефриттің белгілері азырақ кездеседі, көбінесе жылдар бойы анықталмай қалады. Ол кейде қайсыбір жедел ауру жағдайында кездейсоқ анықталады. Науқастың шағымдарында әдетте шаршағандықты, тәбет болмауын, кейде іштің ауруын, кейде дене қызуын көрсететін белгілер болады. Антибиотиктер мен химиялық препараттар оларды қалай көтеретіндігін ескере отырып тағайындалады.

Алдын алу.Бұл – науқасты дұрыс тамақтандыру, оңтайлы тұрмыс жағдайын жасау, жұқпалы аурулардан абай болу, сондай-ақ ағзадағы инфекция ошақтарын дер кезінде жойып, несеп жолдарының туа біткен ауытқуларын анықтау.