Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

10.Бақылау

А)

1.Дұрыс аудармасын табыңыз

а) нүкте-клетка

ә) қолдану-считать

б) қалпына келтіру-появиться

в) зерттеу-применять

г) арнау-посвящать

2.Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

ХІХғасырдан бастап Европада да инемен емдеуді .................бастады.

а ) қолдана

ә) пайдалы

б) тұра

в) емдеу

г) үйрену

3.Нүктелі массаж дегеніміз -

а) емдеу нүктелерін бармақпен басып емдеу

ә) емдік минералды сулармен емдеу

б) дене шынықтыру жаттығулары

в) дәрілік өсімдіктерді пайдалану

г) емдік балшықты пайдалану

4.Лечебный центр сөзінің дұрыс аудармасын табыңыз.

а)емдік шара

ә) емдеу орталығы

б) емдік пайдасы

в) емдеу нүктелері

г) емдеу ісі

5.Қате аударылған сөзді табыңыз.

а) дәрілік өсімдіктер-лекарственные

растения

ә) минералды сулар-миреральные воды

б) емдік балшық-лечебный мед

в) инемен емдеу-иглотерапия

г) мәліметтер-сведения

6. « Китаб аль-Шифа » еңбегінің авторы.

а) Әбу Насыр әл –Фараби

ә) Әбу Әли ибн Сина

б) Қожа Ахмет Яссауи

в) Жүсіп Баласағұни

г) Әбу Райхан әл-Бируни

7.Сведения сөзінің баламасын табыңыз.

а) жаңалықтар

ә) үлгілер

б) зерттеулер

в ) мәліметтер

г) жоспарлар

8. « Чжень » сөзінің мағынасы.

а) сумен емдеу

ә) бумен емдеу

б) балшықпен емдеу

в)инемен емдеу

г) балмен емдеу

9. « Цзю » сөзінің мағынасы.

а) күйдіріп емдеу

ә) сумен емдеу

б) дәрілік өсімдіктермен емдеу

в) иенмен емдеу

г) балмен емдеу

10. Ибн-Синаның еңбегін атаңыз.

а) « Құтадғу-білік »

ә) « Диуани лұғат-ат-түрік »

б) « Китаб ал-Канун фит-т-тибб »

в) « Хуанди нэй-цзин »

г) « Білге қаған »

11.Зат есімнен жасалған етістік қатарын көрсетіңіз.

а)жазу, оқу, отыру

ә)шегелеу, бастау, тұздау

б)алу, салу, әкелу

в)көру, келу, жүгіру

г) айту, бару, жасау

.

Ә) Жағдаяттық тапсырма:

1. Сіз шығыс медицинасы арқылы емдейтін клиникада жұмыс істейсіз, өзіңіздің емханаңыздың ерекшеліктері туралы әңгімелеңіз.

2. Сіз батыс медицинасы арқылы емдейтін клиникада жұмыс істейсіз, өзіңіздің емханаңыздың ерекшеліктері туралы әңгімелеңіз.

3. Сіз науқас адам роліндесіз, өзіңізге тиімді клиниканы таңдауыңыз керек, сізді қызықтыратын сұрақтарыңызды дайындаңыз.

11.Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушыларға арналған. Алматы,2000 ж.

2. Исаева Ж.,Тәттібаева.Қазақ тілі. 2011ж.

3. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994 ж.

4. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Бастауыш деңгей. Алматы,2011 ж.

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Адам ағзасы – біртұтас құрылым

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Адам ағзасы – біртұтас құрылым

2. Мақсаты:

- «Адам деген ардақты ат» деген сөздің мағынасын ұғындыру, оларды адамгершілікке, имандылыққа, салауаттылыққа баулу;

- Адам ағзасы тақырыбы бойынша білімдері мен түсініктерін кеңейту, адам ағзасы таұырыбының қазақша атауларын білдіру, сол арқылы сөздік қорын дамыту;

- Анық өткен шақтың жұрнақтарын пайдалана отырып сөйлемдерді дұрыс құрғызу. Қажетті сөйлемдерді үйрету арқылы кәсіби сөйлеу тілін дамыту. Лексикалық тақырыпты грамматикамен байланыстыра отырып, сөйлем құруға үйрету, сөздік қорын байту.

3. Міндеті: Коммуникативтік құзіреттілік талаптарына сай қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Соның негізінде, студентті дұрыс оқуға, айтуға, жазуға, білуге үйрету. Ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру.