Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. «Жұқпалы аурулар» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді оқып, есіңізге сақтаңыз.

жұқпалы аурулар-инфекционные болезни

жасырын кезең-скрытый период

айығу кезең-период

выздоровления

түкірік-слюна

іш сүзек-брюшной тиф

көкжөтел-коклюш

бүйе-тарантул

бөртпе сүзек-сыпной тиф

кене-клещ

маса-комар

бүрге-блоха

іш өту-понос

лас-грязный

бит-вши

ендіру-внедрить

жеткізу-довести, доставить

таралу-распространяться, передаваться

тырысқақ-холера

2-тапсырма. «Жұқпалы аурулар» мәтіні бойынша кездесетін сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

Ағзаға ену, аурудың қозуы, ауруды қабылдағыштық қасиет, ағзаның жалпы күйі, толық зерттеу, әр алуан болады, негізгі белгісі, кезеңнің өту мерзімі, бөртпелердің пайда болуы, адамдарға ортақ белгі, ауруларға тән, басты белгілері, ауруханаға жеткізу, аурудан айығу, тамақтың ісінуі, аурудың түріне, мерзімі аяқтау, іш сүзек, мазасы кету, сыртқы ортаның жағдайы, қақырық арқылы ену.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Жұқпалы аурулар

Жұқпалы аурулар адам ағзасына микроорганизмдердің енуінен пайда болады. Бұл микроорганизмдер ағзаға лас қол, тағам, су, ауа, түкірік, қақырық арқылы енеді. Бит, маса, кене, бүрге арқылы таралатын да жұқпалы аурулар бар. Аурудың қозуына адам ағзасының ауруды қабылдағыштық қасиеттерінің, сыртқы ортаның жағдайы, ауру қоздырғыш микробтардың мөлшері, ағзаның жалпы күйі де әсер етеді.

ХХ ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік туғызды. Әсіресе, француз ғалымы А.Пастердің, неміс бактериологы Р.Кохтың және орыс ғалымдары И.И.Мечников, Н.Ф.Гамалей т.б. еңбектерінің зор маңызы болды.

Жұқпалы ауруда аурудың жасырын кезеңі, даму кезеңі, айығу кезеңі деген үш кезең болады. Бұл кезеңдер бірінен соң бірі өтеді. Әрбір кезеңнің өту мерзімі аурудың түріне, ағзаның жағдайына байланысты болады. Сондықтан науқастың аурудан айығуы әр түрлі мерзімде аяқталады. Сондай-ақ аурудың белгілері де әр алуан болады.

Мысалы, іш өту – көбіне жұқпалы дизентерия, тырысқақ т.б. ішек жұқпалы аурулардың негізгі белгісі болып есептелінеді. Жөтел - өкпе қабыну, тыныс алу жүйесі, көкжөтел, тұмау т.б. ауруларына тән. Денеде бөртпелердің пайда болуы – іш сүзек және бөртпе сүзек ауруларының, қызылша, қызамық т.б. жұқпалы аурулардың басты белгілерінің бірі. Жалпы жұқпалы ауруға шалдыққан адамдарға ортақ белгі селсоқтанып мазасы кетеді, дене қызуы көтеріледі. Бауыр мен тамақтың ісінуі мүмкін. Науқас ауруханаға жеткізіліп, аурудың түріне қарай емделеді.

Мәтіннен кейінгі жаттығу жұмыстары

4-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Жұқпалы аурулар неден пайда болады?

2. Қай кезде жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік туды?

3. Жұқпалы ауруда аурудың қандай кезеңдері болады?

4. Аурудың қозуына не әсер етеді?

5. Жұқпалы аурулар не арқылы жұғады?

5-тапсырма. Мәтіннен төмендегі сөз тіркестері бар сөйлемдерді тауып оқыңыз.

1. адам ағзасы ________________

2. толық зерттеу ________________

3. ағзаның жағдайы _____________

4. негізгі белгісі _________________

5. ауруға шалдығу _______________

6. ауруханаға жеткізу ____________

6-тапсырма. Оң бағандағы етістіктер мен сол бағандағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін жасап, сөйлем құрастырыңыз.

ауруды

ауруханаға

микроб арқылы

ауруға

шалдығу (неге?)

жұқтыру (нені?)

жеткізу (қайда?)

таралу (не арқылы?)

7-тапсырма. Мәтіннен өздеріңіз үшін жаңа болып табылатын ақпараттар туралы баяндаңыз.

Сөзжұмбақ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

1. Мозг; 2. Плечо; 3. Поясница; 4. Мочевой пузырь; 5. Тело; 6. Спинной мозг; 7. Сердце; 8. Бөртпе; 9. Подмышка; 10. Кашель; 11. Моча; 12. Спина; 13. Кожа; 14. Пот; 15. Бедро; 16. Живот.