Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

6.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі. А., 2001. 141-142- бб.

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған. А., 2002. 33-34-бб.

2. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 219-221 бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.89-94б.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989.172-б.

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

21 тақырып: Бронхит. Пневмония. Туберкулез.

Үстеу

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Бронхит. Пневмония. Туберкулез.

Үстеу

2. Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, үстеулердің түрлерін орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру, мәтінде кездесетін медициналық қазақша атауларды игерту.

3. Міндеті: Мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету, үстеуді дұрыс қолданып, сөйлем құрауға, сөйлей білуге машықтандыру.

Когнитивті – білім компетенциясы: үстеу туралы мағлұмат беру, мәтінде кездесетін жаңа сөздерді меңгерту.

Операционалды – дағды компетенциясы: өтілген мәтін арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын дәл нақты айтуға дағдыландыру, жаңа сабаққа байланысты арнайы тірек сөздерді қолданысқа енгізуге машықтандыру.

Коммуникативті компетенция: медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: мәтінді түсініп мазмұндауға қызығушылығын арттыру, ынтасын, ойлау белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.

4.Негізгі ұғымдар:Үстеудің түрлері, жасалу жолдары, сұрақтары, қолданыстағы көрінісі, бүйрек, жедел бронхит, созылмалы бронхит, тыныс алудың (дем алудың) жиілеуі; қырыл немесе сырылдың естілуі; мұрынның желбезегі, дене қызуы көтерілуі; қалтырау; жөтел;өкпе.

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс (25 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 25мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10мин. )

Студенттің білімін бақылау (10 мин. )

Студенттің білімін бағалау (5 мин. )

6.Өткізу түрі: Аралас сабақ

7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас.

8.Көрнекі құралдар: бронхит, туберкулез ауруларына арналған кесте, үстеудің мағыналық түрлеріне арналған кесте, сөздіктер, үлестірмелі парақшалар.