Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тақырыпқа қатысты нақыл сөз

Дене жаттығулары көптеген дәрі-дәрмектің орнына жүре алады, бірақ дүниеде бірде-бір дәрі дене жаттығуының өтеуіне жүре алмайды.

А.Мюссе.

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, жаттап алыңыз.

төзімділік - выносливость, терпеливость

бейімделу - адаптация, приспособиться

қыздырыну-согреваться, обогреваться

шынығу - закаливание

сүрту - вытереть

шұғылдану - заниматься

сулы орамал - влажная тряпка

дене тәрбиесі - физическое вопитание

шыныққан - закаленный

2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөздерге сұрақ қойыңыз. Қарамен жазылған сөз тіркестеріне құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

Шыныққан ағза, сыртқы ортаның, суыққа төзімді, ыстыққа үйренген адам, күнделікті дағды, денсаулығына байланысты, дене тәрбиесі, қан айналысы, күн көзі, үздіксіз шұғылдану, шартты рефлекс, күнге күю, салқын тиіп ауыру.

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Ағзаны шынықтыру

Ағзаны шынықтыру - бұл ағзаның сыртқы ортаның әсеріне (ыстыққа, суыққа, атмосфера қысымына т.б.) төзімділігін арттыру үшін қолданылатын шаралар жүйесі. Бұл шараларды қолдану нәтижесінде ағзаның жылу реттеуі қалыптасып, шартты рефлекс пайда болады. Шыныққан ағза ыстыққа да, суыққа да төзімді келеді.

Ағзаны шынықтырғанда қан айналысы жақсарады. Суыққа шынығу түрлі салқын тиіп аурудан алдын ала сақтандырады. Ыстыққа үйренген адам ағзасы жылуды термен шығарып, дене температурасын қалыптастырады. Ағзаны шынықтыруда ауа, су, күн көзі, сумен емдеу және дене тәрбиесі жаттығуларымен (гимнастика, жеңіл атлетика, жүзу, серуендеу т.б.) үздіксіз шұғылданудың маңызы зор.

Мұнымен қатар ағзаны шынықтыруға күнделікті дағды, тұрмыс жағдайы әсер етеді. Ағзаны шынықтыруды бала кезінен бастау өте пайдалы. Бұл кез бала ағзасы қалыптасып, толық жетілмеген кез. Сондықтан қандай жағдайларға болсын жас ағза тез бейімделеді.

Ағзаны шынықтыруда қолданылатын тәсілдер адамның жасына, денсаулығына байланысты, мысалы, кейбір адамға күнге қыздырынуға болмайды. Мұндайда ағзаны шынықтырудың басқа әдістері қолданылады. Ағзаны шынықтыруға кірісуден бұрын дәрігерге қаралып ағзаны шынықтырудың қай түрімен шұғылдану (күнге күю, шомылу т.б.) жөнінде кеңес алу керек.

Ағзаны шынықтыру шараларының ішінде өте пайдалысы – ашық бассейнде шомылу. Судың температурасы әрбір адамның жағдайына (жасы, денсаулығы) байланысты болуы шарт. Шомылуға болмайтын адамға таңертең, кешке, жатар алдында сулы орамалмен денені сүрту де пайдалы. Бұл ағзаның қан айналысын қалыптастырып, терісін шынықтырады.

Мәтіннен кейінгі жаттығу жұмыстары

4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ағзаны шынықтыру дегенді қалай түсінесіз?

2. Ағзаны шынықтырудың қандай пайдасы бар?

3. Ағзаны шынықтыруды қай жастан бастаған дұрыс?

4. Ағзаны шынықтырудың қандай шараларын білесіз?

5-тапсырма. Төмендегі сөздерді мәтіндегі берілу ретімен нөмірлеңіз.

Әрбір адамның

1. ___________________

2. ___________________

3. ___________________

4. ___________________

5. ___________________

6. ___________________

7. ___________________

Шомылуға болмайтын

Күнделікті дағды

Әдістері қолданылады

Шартты рефлекс

Төзімділігін арттыру

Тез бейімделеді

5-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, асты сызылған сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.