Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Мәтіннен кейінгі жаттығу жұмыстары

4-тапсырма. Мәтінді кесте арқылы меңгеру. Көп нүктенің орнына мәтін бойынша сөз тіркестері мен сөздерді қойып толықтырыңыз.

- 1981 жылы көктемде ................................. ЖИТС ауруы туралы АҚШ-та жарияланды.

- С(жүре пайда болатын иммунды тапшылық синдромы) иммундық қуатының ............... жұқпалы ауру.

- ЖИТС вирусы ретровирустар тобына, оның ішіндегі ................... бөлігіне жатады.

- ЖИТС қоздырғышы тек ........................ немесе ВИЧ тасымалдаушысы арқылы жұғады.

- Мойынның арты, бұғана үсті, қолтық асты, шаптың ........................ ісініп, үлкеюі жиі кездеседі.

- Иммунды жасушалардың зақымдануы иммундық жүйенің ........................ төмендеуіне әкеледі.

- Қазір ЖИТС ........................................ арасында да жиі таралып барады.

5-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. ЖИТС (СПИД) ауруы қандай ауру?

2. ЖИТС ауруы ресми түрде қашан жарияланды?

3. ЖИТС ауруының қоздырғышы қалай жұғады?

4. ЖИТС ауруының жасырын кезеңі қалай басталады?

5. ЖИТС ауруының белгілері қандай?

6. Соңғы уақытта бұл ауруға қарсы қандай іс-шаралар қолданылуда?

6-тапсырма. Төмендегі сөздерді мәтіндегі берілу ретімен нөмірлеңіз.

дене салмағы

1. ___________________

2. ___________________

3. ___________________

4. ___________________

5. ___________________

6. ___________________

7. ___________________

қорғаныс қызметі

жұқпалы ауру

елдеріне тарау

қауіпті ауру

жасырын кезеңі

американдық ғалым

7-тапсырма. Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді табыңыз.

8-тапсырма. Мәтіннен төмендегі сөз тіркестерін тауып, сөйлемді оқыңыз.

  1. науқас адам

  2. дене қызуы

  3. АҚШ- та жариялану

  4. алғашқы белгілері

  1. толық сауықтыру

  2. ЖИТС вирусы

  3. тазартылмаған аспап

  4. жиі таралу

Ойтүрткі.

І. Бір бейтаныс адам сізге жыныс қатынасы арқылы ауру жұқтырып алғанын айтады. Сіз оған қандай кеңес бересіз?

ІІ. Көрші әйелдің баласы есірткіге тәуелді. Анасы баласынан әбден шаршап жүргенін айтады. Ол соңғы кездері баласының денесіне жара шығып, дене қызуының да жиі көтерілетінін байқайды. Содан анасы осы туралы сізбен ақылдасуды жөн көреді. Сіз не айтар едіңіз?

ІІІ. Сіздің бір досыңыз жұмысқа тұратын болып ЖИТС-ке анализ тасырады. Анализ нәтижесінде адамның иммундық тапшылық вирусы бар екенін айтады. Досыңыз ешкімге айтпауыңызды өтініп, кеңес сұрайды. Сіздің оған берер кеңесіңіз қандай болады?

ІV. Көптен бері көрмеген құрбыңыз тұрмысқа шығайын деп жүргенін және аяғы ауыр екенін айтады. Біраз сөйлесіп отырып, жақында дәрігерлік тексерістен өткенде АИТВ қоздырғышы бер екенін біледі? Енді не істесем екен деп сізден кеңес сұрайды?

9-тапсырма.

«Ой қозғау» стратегиясы. Студенттер берілген мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.

Дәрі-дәрмексіз әдіс

Денсаулықтан артық ештеңе жоқ. Ал оның шарты – иммунитет, яғни ағзаның түрлі ауруға қарсы тұру қабілеті. Ағзадағы иммундық жүйе қалыпты жұмыс істеп тұрса, кеселдің кез-келген түрі қауіпсіз. Ал ол әлсіресе, сан алуан ауру түрлері пайда бола бастайды.

Бүгінде иммунитетті нығайтуға әркімнің өз қанымен әсер ету әдісі табылған. Мұнда ешқандай дәрі-дәрмек қолданылмайды әрі экологиялық тазалық сақталады. Аллергиялық реакция болмауын да қамтамасыз етеді.

Ұзақ жылдық тәжірибеде аталмыш тәсілдің тыныс жолдары, қимыл-қозғалыс тіректері, аллергия, бауыр, қан аурулары, ісіктің алдын алуға шипалы екені анықталған. Ол, әсіресе, атом өнеркәсібі, энергетика, ғарыш, спорт салаларында жұмыс істейтіндер үшін тиімді. Әркімнің өз қаны арқылы иммундық жүйені қалпында сақтау, нығайту әдісінің болашағы мол. Ол Ресейлік иммунология институтында табылған. Әзірге кең тарамағанымен, біздің елімізде де қолданылуда.

10-тапсырма. Мәтіннен өздеріңіз үшін жаңа болып табылатын ақпараттар туралы баяндаңыз.

11-тапсырма. Төмендегі денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз және мақалдың мәнін, мысалдармен дәлелдеп көріңіз.

1. Денсаулық – зор байлық.

2. Ауру сөзбен емес, дәрімен емделеді.

3. Тазалық – саулық негізі,

Саулық – байлық негізі.

4. Тәні саудың – дені сау.

5. Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.

6. Бірінші байлық - денсаулық,

Екінші байлық - ақ жаулық,

Үшінші байлық - он саулық.

7. Байлық – байлық емес,

Денсаулық - байлық.

8. Сырқат – тән жарасы,

Қайғы – жан жарасы.