Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45 мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

Студенттің білімін бақылау (10 мин. )

Студенттің білімін бағалау (5 мин. )

6.Өткізу түрі: ізденіс сабақ

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас. сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас, аударма жұмысын жасату.

8. Көрнекі құралдар: Сын есімнің шырайларының жасалу жолдары жазылған кесте, үлестірмелі парақшалар, жағдаяттық тапсырма.

9. Тапсырмалар Сын есім, шырайлары

Заттың сандық сапасының бірінен екіншісінің артық, я кемдігін әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді шырай деп атайды.

Қазақ тілінде екі түрлі шырай бар: салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай.

Салыстырмалы шырай бір сындық сапаның басқа заттың сынынан артық-кемдігін салыстыру мәнін білдіреді.

Мысала: Мына пәтер кеңдеу екен.

Салыстырмалы шырай сын есімдерге мынандай жұрнақтарды жалғау арқылы жасалады:

А) –ырақ, -ірек, -рақ, -рек: қызығырақ, кішірек, алысырақ, тереңірек.

Ә) –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, - теу: жастау, кәрілеу, шикілеу, қысқалау.

Күшейтпелі шырай сындық сапаның басқа заттың сапасымен салыстырғанда, өте артық, я өте кем екендігін көрсетеді.

Мысалы: қып-қызыл, өте әдемі.

Күшейтпелі шырай мынандай екі түрлі жолмен жасалады.

  1. Күшейткіш буын арқылы. Күшейткіш буын сын есімнің бірінші буынына –п дыбысының қосылуы арқылы жасалады.

Мысалы: қап-қара, үп-үлкен, жып-жылы.

  1. Сын есімнің алдынаң күшейткіш үстеулердің тіркесуі арқылы.

Мысалы: ең сұлу қыз, өте бай ел, аса құрметті адам, тым жалқау бала.

1-жаттығу. Төмендегі сын есімдерді пайдалана отырып сөйлем құраңыз.

Сарғыштау, жұмсақтау, ең таңдаулы, өте адал, аласарақ, кеңдеу.

2-жаттығу. Төмендегі сөздерге күшейткіш буындар жалғап, сөйлемдер құраңыз.

Ұзын, суық, арзан, жақын, тәтті, көк, түзу.

3-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.(Переведите на казахский язык.)

короткий – короче – самый короткий

дорогой – дороже – самый дорогой

белый – белее – самый белый

ровный – ровнее – самый ровный

жирный – жирнее – самый жирный

горячий – горячее – самый горячий

грязный – грязнее – самый грязный

легкий – легче – самый легкий

красный – краснее – самый красный

плохой – хуже – самый плохой

1-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыз.

дене жылылығы-температура тела

қорғау-защищать

қайызғақтану-покрываться перхотью

қышу-чесаться, зудеть

мазасыздану-беспокоиться

қал-родинка

сезім-чувство

үсті-поверхность

түлеу-обновлять

сулы-водянистый

қотыр-чесотка

сүйел-бородавка

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Тері құрылысы, аурулары

Тері адамның өмірінде маңызды роль атқарады. Ол газ алмасуын, дене жылылығын реттейді, сезім арқылы ағзаны түрлі зиянды, сыртқы әсерлерден қорғайды. Тері үш қабаттан құралады. Үстіңгі қабаты - эпидермис деп аталады. Ол түлеп, өзгеріп отырады. Ортаңғысы – өсу қабаты. Ол теріні жетілдіріп отырады. Осы қабатта жүйке, лимфа жолдары, шаш, түк қалташығы, май және тері бездері орналасады. Май безінің секрециясы теріні майлап, жұмсартып отырса, тері бездері ағзаны жиналған зиянды қалдықтардан тазартады. Терінің үшінші қабаты – шел-май қабаты. Ол өзінің астындағы мүшелерді жарақаттан қорғайды, ағзадағы зат алмасу процесіне тікелей қатысады. Тері түрлі физикалық, механикалық, биологиялық және химиялық факторлар әсерінен жарақаттануы мүмкін. Тазалық тәртібі сақталмаса, медициналық көмек көрсетілмесе осылардың бәрінде де терінің қабынуы мүмкін. Сондай-ақ ішкі секреция бездерінен, жүйке жүйесі қызметінің бұзылуынан пайда болады.

Тері аурулары – адам терісінде және оның өсінділерінде (тырнақ, түк), кілегей қабығында әр түрлі жағдайларға байланысты пайда болатын патологиялық өзгеріс. Тері ауруларына: қышыма, қотыр, тері туберкулезі, есекжем, теміреткі т.б. аурулар жатады.

Тері аурулары кезінде адам терісінде іріңді, сулы бөртпелер шығады. Терінің әр жері жарылып, қасығанда қайфзғақтанып түседі. Кейбір тері аурулары денені қатты қышытады, ашиды, кейде қатты ауырып мазасыздандырады.

Жұқпалы тері ауруларына тері туберкулезі жатады. Тері ауруларының іріңді түрі жиі кездеседі. Қышыма, қотыр т.б. аурулары әр түрлі паразиттер, жәндіктер таратады. Кейде адам терісі әр түрлі дәрілерге, өсімдіктерге т.б. өте сзімтал келеді. Мұның салдарынан тері ауруларына шалдығады. Теріде қал, сүйел, ісік т.б. пайда болуы да мүмкін. Тері ауруларын зерттейтін ғылым – дерматология.

3 –тапсырма. Төменде тері ауруы бойынша дәрігердің сұрақтары берілген.

Науқастың жауаптарын дайындаңыз.

1.  – Денеңіздегі бұл бөртпені қашан байқадыңыз?

 - ...  

2.  – Денеңіз қыши ма?

     -  ...

3.  – Өз бетіңізбен емделдіңіз бе?

     - ...

4.  – Үйіңізде бұл аурумен ешкім ауырған жоқ па?

     - ... 

5.  – Ауырғаныңызға көп болды ма?

     - ... 

6.  – Қандай тағамдарды көп жейсіз?

     - ... 

7.  – Бірге жұмыс істейтін адамдардан бұл ауруды байқамадыңыз ба?

     - ... 

1-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сын есімнің шырайларын көрсетіңіз.

Арманның үйінде қап-қара ит бар. Бүгін күн салқындау екен. Мен білікті маман болғым келеді. Аурухананың іші өте үлкен екен. Оның бөлмесі үлкенірек. Айгүлдің халатты тап-таза екен. Ол ауруханаға тым ауыр жағдайда түсті. Қазір оның жағдайы тәуірлеу болып қалды.

4-тапсырма. Мәтінге тақырыпша қойыңыз, сұрақтар дайындаңыз. Мазмұнын айтыңыз.

Микоз – дүние жүзі дәрігерлерін толғандырып жүрген мәселе. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, жер жүзі халқының бестен бірі саңырауқұлақ ауруымен ауырады екен. Ал соның тең жартысы тырнақ жұқпаларына – онихоликозға шалдыққан.

  Тері мен шырышты қабықтардың зақымдануы тән тазалығына дұрыстап көңіл бөлмеуден болады. Бұл ауруларды жұқтыру жолдары оңай – моншада, жағажайда, бассейнде шомылғанда, тіпті ауылдық жерлерде жалаңаяқ жүргенде, ит немесе мысықты сипалағанда да жұқтырады.

  Ауру жұққан жағдайда саңырауқұлақтардың тұқымы теріге кіріп ішіне енеді. Тері қабынғанда тері қабыршақтанып, қызарып, ісікті дақтар, кейде жарықтар да пайда болуы мүмкін.

  Жалпы аурудың алдын алу үшін, моншалар мен бассейндерді тұрақты түрде залалсыздандырып, оларда жұмыс істейтін қызметкерлерді медициналық бақылаудан өткізіп тұру және ауруға шалдыққан адамдарды дер кезінде емдеу қажет.