Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тақырыпты меңгергенге дейінгі тапсырмалар

1. Мәтін асқазан ауруы туралы болса, онда қандай мәселелер жайында айтылуы мүмкін? Болжам жасаңыз.

2. Эпиграфта берілген Ж.Баласағұнидың сөзін қалай түсінесіз, қомағайлық деген не?

Тақырып бойынша тапсырмалар

3. Өз болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтінді оқып шығыңыз.

4. Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.

өңез – cлизистый налет

құсу – вырвать; срыгнуть

тырысу – судорога

күдік – подозрение

жүрек айну – тошнота

қыжылдау – изжога

іш қату – запор

іш кебу – вздутие живота

5. Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Ас қорыту жолы, жүрек соғысы баяулау, науқастың әлсіреуі, терісінің қуқылдануы, ауруына мән бермеу, оқта-текте, тамақты шайнамай асығыс жұту, өте ащы тағамдарға әуесқойлық, iшкiлiкке салыну, зиянды әдеттерден аулақ болу.

6. Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап ала алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

7. Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығына қорытынды жасаңыз.

8. Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп, толықтыратын үзінділерді табыңыз.

  • Асқазан ауруларының ішінде ең жиі кездесетін ауру – жедел гастрит.

  • 18-24 сағат бойы су-шай диетасы қолданылады.

  • Созылмалы гастрит – асқазанның барлық ауруларының 85% құрайтын, кең тараған аурулардың бiрi.

  • Созылмалы гастриттi емдеуге болады.

Тақырыпты меңгергеннен кейінгі тапсырмалар

9. Аурудың пайда болу себептері мен белгілерін жазыңыз.

Аурудың пайда болу себептері

Аурудың белгілері

1. Ас қорыту жолына тамақпен бірге микроорганизмдер мен олардың токсиндерінің түсуі

Іштің, бастың ауыруы

2.

3.

4.

10. Үлгі бойынша ары қарай жалғастырыңыз.

Төмендегі себептерден

адам қандай зардап шегеді?

Үлгі:Іш қатудан

үлкен дәретке ұзақ уақыт бармаудан ағза уланады.

Тамақты шайнамастан асығыс жұтудан

Тәбеті нашарлаудан

Зиянды әдеттердің әсерінен

Ауыздан жағымсыз иіс шығуынан

11. Тұжырымдарға келісіңіз, не қарсы пікір білдіріңіз.

Үлгі:Гастриттің жедел түрінденемесе тамақтан уланғанда (ұшынғанда) асқазанды сумен тазартуға болады.

Иә, қайнаған жылы сумен азқазанды жуып тазартуға болады деп ойлаймын.

Жоқ, егер су қайнамаған, әрі суық су болса, ондай сумен асқазанды тазалауға болмайды, ол қауіпті деп ойлаймын.

  • Адамның жасы ұлғая келе гастритке шалдығу мүмкiндiгi жоғарылай түседi.

  • Сырқаттарды емдеуде дәрі-дәрмектің маңызы жоғары.

  • Ауыра қалсаң ең бастысы – жақсы клиника табу.

  • Майлы, қуырылған және ащы тағамдар адам тәбетін ашады.

  • Дәрігерге жиі көрінген дұрыс.

12. Төмендегі сұхбатты мазмұнына қарай толықтырыңыз.

– Қай жеріңіз ауырады?

– ____________________.

– Қай кезде ауырады? Тамақ алдында ма, әлде тамақтанғаннан кейін бе?

– ____________________.

– Ащы тамақ жегеннен кейін ауырады.

– ____________________?

– Кеше кішкене қызуым болды.

– Әлсіздік сезінесіз бе?

– ____________________.

– Жүрегіңіз айни ма?

– ____________________.

– ____________________?

– Иә, бірнеше рет құстым.

– Тәбетіңіз қалай?

– ____________________.

– Ішіңіз қата ма?

– ____________________.

– ____________________?

– Иә, асқазаным қыжылдайды.