Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

7. Мәтінді оқып, аудару

Қазақтың көрнекті дәрігер-ғалымдары

«Елдің атын ер шығарар» демекші, сол ерлердің есімдері, елінің есінде мәңгі жүретін қазақтың қазіргі кездегі танымал дәрігерлері Т.Шарманов, М.Әлиев, К.С.Ормантаев, А.Р.Рақышев, О.Жарбосынов т.б. Қазақ медицинасының қалыптасуы мен дамуына ғалымдарымыздың сіңірген еңбектері өте зор.

Солардың ішінде ардақты азаматымыз, атақты ғалым, ұлағатты ұстаз, денсаулық саласында жан аямай еңбек еткен, академик Төрегелді Шарманов 1930 жылы Қарағанды облысының Ұлытау елді мекенінде дүниеге келген. Еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне, медициналық ғылым саласына сіңірген еңбегі ұлан-ғайыр. Ол өз елімізде ғана емес, сонымен қатар дүниежүзілік денсаулық сақтау жүйесіне де қомақты үлес қосты. Әсіресе, ең алғаш біздің елде туберкулез ауруының теміртапшылығынан болатын қан аздығының, біраз а витаминоздардың, әсіресе, С, А витаминдерінің тапшылығының жиі таралып кеткенін анықтап жазып, үлкен мәселе көтерді. Т.Шармановтың ең түбегейлі, жан-жақты тексеріс жүргізіп жүрген ғылым саласы - тағамтану ілімі. Жас балаларға және ауру адамдарға арналған диеталық және емдік тағамдардың көптеген түрлерін жасап шығарғанының мәні өте үлкен. Елімізде алғаш нутрициология ғылымының ірге тасын қалады. 1971-1982 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі болған. Ол ҚР еңбек сіңірген қайраткер, «Платина тарлан» сыйлығының және Леон Бернард атындағы ДДҰ-ның лауреаты. Халқымыздың біртуар ұлы, көрнекті тұлға Т.Шарманов биыл 80 жасқа толды.

Балалар хирургиясының атасы Камал Сәруарұлы Ормантаев 1936 жылы дүниеге келген. Ол кісі бар еңбегін медицина саласына арнаған. Қазіргі кезде Алматыдағы 1 балалар ауруханасында дәрігер-хирург болып қызмет атқаруда. Камал Сәруарұлының Мәскеудегі өмірі өзін көп арманға жетелеген еді. Өзі ұйымдастырған Қазақ Педиатрия институтының директоры болып қызмет атқарады. Көптеген медициналық кітаптар мен ғылыми еңбектердің авторы. Қазір аталмыш дәрігер-ғалымдардың бастауымен Шри-Ланкадан екі балалар үйін салып жатқаны үлкен ерлік. Алматыда Т.Шарманов пен К.Ормантевтың ұйымдастыруымен республикадағы жетім балаларға көмек көрсету мақсатында «Қамқор» атты қор ашылған. Ол балаларға қиын оталар жасап, емдейтін нағыз шипагер дәрігер. Өзінің қыруар еңбегімен балалар хирургиясының атасы аталған академик, алаштың азаматы, ұлы перзенті. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері, республикада екі дүркін «Алтын адам» атағын алған академик.

Ғылым Академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Алшынбай Рақышев 1931 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, қазіргі Т.Әубәкіров атындағы ауылда туылған.

1950-1956 жылдары Қарағандыдағы медицина институтында оқыған. 1966 жылы Ленинградтағы физиология институтында аға ғылыми қызметкер болып істеді.

А.Р.Рақышев – 1969-1976 жылдары Алматы медицина институтының оқу істері жөніндегі проректоры, 1994-1995 жылдары Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің вице-президенті болған. 1977 жылдан бері С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі.

А.Р.Рақышев 150-ден астам ғылыми жұмыстар мен 12 монографияның авторы. Ол 1980 жылы Парижде лазер сәулесін медицина саласында қолдану жөніндегі Дүниежүзілік қауымдастықтың құрметті президенті болып сайланған. .

Қазақстанның Халық Қаһарманы, ғалым, хирург, медицина ғылымының докторы, профессор Мұхтар Әлиев 1933 жылы Қызылорда облысында туылған. Негізгі ғылыми еңбектері торакальды, абдоминальды, қан тамыры хирургияларына т.б арналған. Жеке өзі он үш мыңнан астам ота жасаған. Ол Қазақстан мен Орта Азияға бірінші болып бүйректі, бауырды, бала бүйрегін т.б ауыстырып салу (трансплантация) оталарын жасаған. 1980 жылдан өзі негізін қалаған А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының директоры және кафедра меңгерушісі болды. 1982-1987 жылдары Денсаулық сақтау министрі болған.

Аталған дәрігерлер ҚР Денсаулық сақтау саласы тарихында ғана емес, дүниежүзінің денсаулық сақтау жүйесінде де өзіндік үлестерін қосқан, медицина саласына мол мұра қалдырған дарынды тұлғалар.

Сөздік

ұлан-ғайыр - огромный

теміртапшылықты - железодефецитная

қомақты үлес – значительный вклад

қан аздық - анемия

түбегейлі – основательно, важно

ірге тасын – основание, фундамент

шипагер – целитель, исцеляющий

қауымдастық – общество

еңбек сіңірген – заслуженный

қайраткер – деятель

мәні – значение

тұлға – личность

қор – фонд

ота – операция

қыруар – множество

ғалым – ученый

ғылым – наука

сала – отрасль

екі дүркін – дважды

ауыстырып салу-трансплантация

8-тапсырма.Оқып, аударыңыз.

Кез – келген, тіпті ең бір күтпеген, қауіпті жағдайларда, дәрігер қатты қобалжып, қорқып немесе жіберген қатесі үшін қатты жабырқап тұрса да, науқасқа көрсетпеуі, сездірмеуі тиіс.

Әрқашан дәрігер өзіне сенімді болу керек. Дәрігердің қиын жағдайда өзін-өзі ұстап, барлығы жақсы, дұрыс болады деген үміті науқастың сенімін сақтайды.

Коммуникативті және экспрессивті қимылдар, сенімділікті, ілтипаттылықты білдіретін мимикалық реакциялар, эмоционалды жақындықты білдіретін ара қашықтық, дәрігердің сыртқы келбеті, сөйлеу мәнері, кәсіби біліктілігі науқастың сенімін арттырып, үмітін оятады.

Медицина қызметкерінің тағы бір кәсіби маңызды жоғары қасиеті, бұл кәсіби іс – әрекет барысында қалыптасатын коммуникативті толеранттылық болып табылады.

Коммуникативтік толеранттылық коммуникативті біліктіліктің маңызды бір құрамдас бөлігі, шыдамдылық, төзімділік дегенді білдіреді.

Коммуникативтік толеранттылық дәрігердің науқас бойындағы жағымсыз қасиеттері мен әдеттерін, жеке ерекшеліктерін, ойлау стереотиптерін, тіпті сөйлеу мәнерін қаншалықты төзіммен қабылдайтынын айғақтайды.

Науқас түрлі ойлар мен сезімдер туғызуы мүмкін. Ол дәрігерге ұнауы, ұнамауы, жағымды немесе жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Дегенмен, дәрігердің кәсіби дайындығы жанжал, қақтығыс жағдайын болдыртпайды.