Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

10. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

Ғ) Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп толықтыратын үзінділерді табыңыз.

  • Оттегіне қаныққан алқызыл түсті қан күретамырлармен ағады.

  • Қанның түсі өзгеріп, көктамыр қанына айналады.

  • Адам ағзасында 150 млд-тай қылтамыр бар.

  • Қанның атқаратын маңызы орасан зор.

  • Қанның құрамы сұйық плазмадан және оның ішінде қалқып жүретін жасушалардан тұрады.

Д) Мәтіннен көтік жалғауларды тауып, қандай мағынада қолданғанын түсіндіріңіз.

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

Е) Төмендегі суреттерді пайдалана отырып, жүректің құрылысы туралы әңгімелеңіз.

Ж) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Қан қылтамырдан көк тамырға өтеді де, одан соң жүректің оң жақ құлақшасына келіп құяды,

айналадағы жағдайларға және тағы басқа әсерлерге байланысты.

Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауында)

оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады.

Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп,

сондықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады.

Жүректің соғуы адамның денсаулығына, оның еңбек етуіне,

оның әрекетінде де маңызы зор.

Қақпақшалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды,

көктамырда қан қысымы төмен болады.

Қан мен қан айналымының адам өмірін сақтауда,

және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгеше болады.

Коммуникативті компетенциябойынша

З) Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

Жүрек кеуде қуысының оң жағына жақын орналасады.

Қан мен қан айналымының адам өмірін сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор.

Эндокардтың астында қолқа орналасады.

Адам қансыз өмір сүре алады.

Жүректің жұмысы өте күрделі.

Қан денені жұқпалы аурулардан қорғайды.

Ересек адамдарда 10литрдей қан болады.

Қан 23 секунд ішінде денені бір рет айналып шығады.

Кіші қан айналым шеңбері сол қарыншадан басталады.

И) Қалып қойған сөздерді жазып, өзіңізді тексеріңіз.

  • Қақпақшалар тек _____ жаққа ғана ашылады, қанның құлақшадан _____ еркін өтуіне жасайды, соңдықтан ол ______ қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады.

  • Босаңсу және үзіліс______ жүрекке қан келіп, оның _______ қанға толады және жүрек тынығады.

  • Күретамырлар бұлшық етке батыңқырап ______ да, тарамдалып _______ бөлінеді, қылтамырлар арқылы зат алмасу _________ қатысады.

  • Қан оттегін өкпеден ______ тасып, оның _________ көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді.

  • Қан мен қан айналымының адам ______ сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор.

К) Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасаңыз.

  • Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Онсыз адам өмір сүре алмайды.

  • Күретамыр жүректің сол құлақшасынан басталады. Онда қан жоғары қысыммен ағады.

  • Жүрек жиырылғанда өзінен қанды айдайды. Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп, оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады.

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

Қ) Жүрек, қан сөздеріне қатыстыжасалған фразалық сөздердің мағынасын сәйкестіріңіз.

Қаны басына шабу

қатты қуану

Жүрегі ұшу

өз-өзіне келу

Жүрегі орнына түсу

тамақтану

Жүрегі жарыла қуану

қатты қорқу

Жүрек жалғау

қатты қайғыру

Қан жұту

қатты ашулану

Л) Сөйлемдердегі фразалық тіркестерді қажетті формаға қойыңыз.

  • Біз таңертеңнен бері тамақ ішпей енді ғана жүрек жалға... .

  • Ілулі тұрған тізімнің ішінен інімнің аты-жөнін оқығанда жүрегі... жарыла қуанды... .

  • Бәсе, мен де адамның баласы едім ғой деп, жүрегі орнына түс... боп, Айша баласын кеудесіне басты.

  • Шешесі соғыстағы баласынан хат ала алмай, қан жұт... отырғанда күтпеген жерден хабар келіп, жүрегі орнына түс... .