Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтарға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

9

Тақырыбы: Эндокриндік жүйе.

Зат есімнің жіктелуі

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Эндокриндік жүйе

Зат есімнің жіктелуі

2. Мақсаты:

  • Эндокриндік жүйетуралы мағлұмат беру;

  • Эндокриндік жүйетуралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

  • Эндокриндік жүйетуралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

  • Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

  • Зат есімнің жіктелуітуралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

  • Өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Эндокриндік жүйетуралы;

2. Сыртқы секреция бездері туралы;

3. Ішкі секреция бездері туралы;

4.Эндокриндік жүйетуралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.

ә) грамматикалық материал бойынша

Зат есімнің жіктелуі

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Мәтін бойынша жұмыс (65 -70 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға дайындау, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

  • Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (20-25минут).

  • Жаңа сабақты қорыту (15-20 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 45-47беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 61-67беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Студентке болжам жасату, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істету, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, жағдаяттық тапсырмалар беру.

8. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук,жүйке жүйесінің суретін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.

9. Тапсырмалар:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

А) Тақырыбына қарап, мәтіннің не туралы екеніне болжам жасаңыз.

Ә) Онда қандай мәселелер жайында айтылуы мүмкін?

Б) Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай керекті қосымшаларды қойыңыз.

сөл ... қанға бөлу

адам дамуы... әсер ету

бұл жүйе... жататын бездер

бүкіл дене... тарау

ішкі секреция бездері... қызметі

мүшелердің қызметі.. реттеу

психология... іс-әрекетін қалыптастыру

ас қорыту мүшелері... бөлу

бездер... маңызы

зиянды әсері... тигізу

В) Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтінді оқып шығыңыз.

Эндокринология ішкі секреция бездерінің физиологиясы мен патологиясын зерттейтін ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізін А. Бертольд қалаған.

Ағзадағы барлық жүйелер арасында әр түрлі жолдар арқылы үздіксіз кең көлемде мәлімет алмасу жүріп жатады. Бұл мәліметтер гуморалдық жолмен (қан, лимфа, гормон арқылы) жүреді.

Бездер адамағзасында арнаулы заттар – секреттер бөліп шығаратын мүшелер. Олар өздерінің атқаратын қызметіне қарай сыртқы – экзокринді секреция бездері және ішкі – эндокринді секреция бездері болып бөлінеді.

Сыртқы секреция бездері деп сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айтады. Сыртқы секреция бездеріне сілекей, ұйқы безі және ішек бездері мен бауыр жатады. Бұлар сөлді ас қорыту мүшелеріне бөледі.

Ішкі секреция бездеріне мидың төменгі қосалқы безі (гипофиз) және жоғары қосалқы безі (эпифиз), қалқанша без, оның қасындағы бездер, ұйқы безі, бүйрек үсті бездері жатады. Эндокринді бездерде түтікше болмағандықтан, олар сөлін қанға бөледі. Адамның тіршілік етіп, өсіп дамуына ішкі секреция бездерінің маңызы ерекше. Себебі бұл жүйеге жататын бездер гормон бөліп шығарады.

Гормон – ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын биологиялық заттары. Гормон гректің horman қоздыру, белсенділендіру деген сөзінен алынған. Гормондар қан арқылы бүкіл денеге таралады және барлық мүшелер мен ұлпалардың қызметін реттеуге әсер етеді. Ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылып, гормондарды аз немесе көп бөлсе, дененің өсуіне, оның дамуына зиянды әсерін тигізеді, ауру пайда болады. Ішкі секреция бездері дене мүшелерінің атқаратын қызметін және мінез-құлық, яғни психологиялық іс-әрекетін қалыптастырады.

Гипофизді ішкі секреция бездерінің орталық безі деп атайды. Ол мидың түп жағында орналасқан, салмағы 0,5-0,6 гр. Гипофиздің қызметі бұзылса, бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ақуыз, май, көмірсу алмасуы нашарлайды. Сондай-ақ, қалқанша без, бүйрек үсті бездері кішірейіп, қызметі бұзылады.

Қалқанша безмойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан, салмағы 20-30 гр. Адам қартайғанда оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без гормондары дененің өсуін реттейді, олардың жетіспеушілігінен жүйке жүйесінің қалыпты жағдайы бұзылып, даму мен өсудің баяулайды. Балалардың ақыл-ойы, санасының жетілуі нашарлайды.

Ұйқы безіаралас безге жатады, себебі эндогендік те, экзогендік те секрециялық қызмет атқарады. Денедегі ірі бездер қатарына жатады, асқазанның астында, он екі елі ішек пен көкбауырдың арасында орналасқан. Ұйқы безінің қызметі бұзылса, қант диабеті дерті пайда болады.

Бүйрек үсті бездеріекі бүйректің үстінде жатады. Әр бездің салмағы 6-12 грамм. Бұл бездер бірнеше гормондар бөліп шығарады. Бүйрек безі сыртқы және ішкі қабаттан құралады. Ішкі қабат адреналин гормонын бөледі. Адреналин жүрек жұмысына, қан тамырларға әсер етеді. Ол жүректің жұмысын жылдамдатады. Зат алмасу әрекетін арттырады. Сыртқы қабатта гормондар өте көп болады. Олар минералды заттардың, көмір сулардың, нәруыздың, майдың алмасуын реттеп отырады.

Айрықша без – тимускөптеген бөлікшелерден тұратын қос без, төстің ішкі бетінде орналасқан. Астыңғы жағы жүрек қабы – перикардпен, артқы жағы ірі қан тамырларымен шектескен. Айрықша безді көзбен көріп, қолмен ұстау қиын, сондықтан ол жақсы зерттелмеген. Айрықша без денеде кальций алмасуын реттеуге, тез бейімделуге қатысады, иммунды-қорғаныс және жыныс бездері қызметімен тығыз байланысты.

Г) Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.

түтікше – трубочка

қалқанша без – щитовидная железа

бейімделу – приспособиться, адаптация

нәруыз (ақуыз) – белок

Ғ) Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Адамның тіршілік етуі, ағзаның түрлі әрекеті, қан арқылы бүкіл денеге таралу, мүшелердің қызметін реттеу, мидың түп жағында,жетіспеушіліктен, балалардың санасының жетілуі, психологиялық іс-әрекетін қалыптастыру, адамның қуануы, адамның үрейленуі.

Зат есімнің жіктелуі

Зат есімге жіктік жалғаулары тек адамға қатысты сөздерге ғана жалғанатынынамысалдар келтіру:

Қазақпын, студенсің, білімдісің, жас емеспін, таныспыз, керексіз, бойдақпын, тұрмыс құрған жоқ, болашақ дәрігерміз,орыссыз ба?

Д) Зат есімнің жіктелуіне мысал келтіріңіз.