Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

9. Тапсырмалар: Қимыл есімі. Қажеттілік мәні.

Қимыл есімі. Қимыл, іс-әрекеттің атын білдіреді, жақпен де, шақпен де байланысты болмайды. Қимыл есімі түбірге, етіс және болымсыз етістіктерге жалғанады.

Егер етістік и әрпіне аяқталса, -ю жұрнағы жалғанады: сүю, күю, ою, қию.

Қимыл есімісептеледі, тәуелденеді.

Мысалы: Жиналыста сенің сөйлеуің керек еді.

Қимыл есімі пен керек, қажет сөздерінің тіркесуі арқылы қажеттілік мәні жасалады.

Мысалы: Маған бүгін кітапханаға бару керек.

Егер қимыл есімі ілік септіктегі сөзбен тіркесіп қолданса, онда тұйық етістіктегі сөз тәуелдік жалғауын қабылдайды.

Мысалы: Менің қолжазбаны оқуым керек.

Болымсыз түрі негізгі ойды білдіретін етістіктің түбіріне болымсыздық жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

Мысалы: Көп жүгірмеу керек.

1-жаттығу.

Қажеттілік мәнінің екі тәсіліне қарай екі бағаны бөліп, сөйлемдер жазыңыз.

  1. Сізге бүгін тіс дәрігеріне 2. Сіздің бүгін тіс дәрігеріне

көпіну керек. көрінуңіз керек.

2-жаттығу

Қимыл есімге көңіл бөле отырып, сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

1.Вам надо прочитать одну статью. 2. Ей надо много работать. 3. Мой брат должен сдавать экзамены. 4. Тебе надо купить новое пальто. 5. Ему нужно исправить ошибки в диктанте. 6. Все студенты должны купить этот словарь. 7. Не надо много разговоривать. 8. Нужно встать в очередь. 9. Не надо много гулять. 10. Автобус должен остановиться здесь.

Асқазан ауруы

Барлық ауру бір-ақ жолмен – қомағайлықпен келеді.

(Ж.Баласағұни)

Асқазан ауруларыныңішінде ең жиі кездесетін ауру – жедел гастрит. Жедел гастрит – асқазанның шырышты қабығының қабынуы. Адам бұл ауру ас қорыту жолына тамақпен бірге микроорганизмдер түскенде пайда болады.

Гастриттің жедел түрінде немесе тамақтан уланғанда (ұшынғанда) науқастың іші, басы ауырады, әлсірейді, дене қызуы қалыпты болуы мүмкін немесе кейде 38-39 градусқа дейін көтеріледі, қорытылмаған тамақты құсып тастайды. Терісі қуқылданып, тілінің үстін ақшыл-сары өңез басады, іші аздап кебеді. Ауыр түрлерінде жүрек соғысы баяулап, қан қысымы төмендейді, тіпті науқас есінен танып қалады, аяқ-қолы тырысуы мүмкін.

Дұрыс емделгенде науқастың жағдайы тез жақсарады, ауру 5-7 күнге созылады. Жедел гастритті аппендициттен, дизентериядан айыра білу керек. Интоксикация белгілері жойылғанға дейін төсектен тұрғызылмайды, асқазанды натрий гидрокорбанатының ерітіндісімен немесе қайнатылған сумен жуып тазартады. 18-24 сағат бойы су-шай диетасы қолданылады. Одан кейінгі күндерде арнайы диета тағайындалады. Жедел гастрит дұрыс емделмесе, диета ұстамаса созылмалы гастритке ұласуы мүмкін.

Созылмалы гастрит– асқазанның барлық ауруларының 85% құрайтын, кең тараған аурулардың бiрi. Ол ересек жастағы адамдардың 50%-да анықталады және адамның жасы ұлғая келе осы ауруға шалдығу мүмкiндiгi жоғарылай түседi. Бiрақ науқастардың көбi ауруына мән бермеуiнен дәрiгерге қаралатындардың саны 10-15%-дан аспайды.

Бұл аурудың дамуына алып келетін себептер:

  • инфекция түсу(95%) ;

  • ұзақ қолданған кейбір дәрі-дәрмектердің әсері;

  • уақтылы тамақтанбау, тамақты шайнамай асығыс жұту, өте ащы, ыстық немесе салқын тағамдарға әуесқойлық;

  • зиянды әдеттердің әсері (iшкiлiкке салыну, темекi тарту);

  • жүйке жүйесі жұмысының бұзылуы (невроз, стресс т.б.).

Аталған факторлардың ұзақ әсер етуінен асқазанда қабыну үрдісі дамиды, сөйтіп асқазан секрециясының жетіспеушілігіне әкеледі.

Созылмалы гастриттiң клиникалық көрiнiсiне мынандай жалпы белгiлер тән:

  • тәбеті нашарлау;

  • асқазан тұсының тамақ iшкенге байланысты ауыруы;

  • жүрек айну;

  • асқазан қыжылдау;

  • оқта-текте құсу;

  • ауыздан жағымсыз иіс шығу;

  • іш қату.

Емдеуі

  • антибиотиктермен емдеу: бұл емнiң негiзгi мақсаты – инфекцияларды жою, секрециялық бұзылыстарды реттеу;

  • диетамен емдеу: тамақтану жиiлiгi күнiне 4-5 рет, тағамдар сұйықтау, қоймалжың болып дайындалады, қышқыл, тұзды, майлы, қуырылған және ащы тағамдарға тыйым салынады;

  • дұрыс қозғалыс тәртібін сақтау;

  • санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау;

  • зиянды әдеттерден аулақ болу.