Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

11. Сөйлемдерді бастаңыз.

  • …қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының шырышты қабығында өсіп-өнеді.

  • …ағзаға суық тигенде, өте суық сусын ішкенде пайда болады.

  • … өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.

  • …жолмен түскен вирус жоғары тыныс жолдарының  жасушаларында өсіп-өнеді.

  • … сіңіп, жалпы ағзаны уландыра бастайды. 

  • …қарсы вакцина егіледі, оның ішіндегі ең тиімдісі – тазартылған вириондық вакцина.

  • …нәрестелерде ауыр өтеді, себебі, олардың мұрын қуысы тар болады.

  • … мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабатына, есту түтікшесіне, көмейге, кеңірдекке, өкпеге таралуы мүмкін.

  • … дамуына ағзаның мұздауы, шаң-тозаң мен зиянды газдар, гүл тозаңдары әсер етеді.

– ______________________ .

12. Науқас адам жайлы дәрігер атынан хабарлама жасаңыз (аты-жөні, жасы, қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері).

13. Баспа ауруымен ауырған науқас адамға дәрігердің атынан ем тағайындаңыз (мәтін бойынша).

14. Төмендегі мақал-мәтелдерді мағынасына қарай сәйкестендіріңіз және мәнін түсіндіріңіз.

1

Тұмау аяғы – құрт,

А

бас ауырса, жан тәтті.

2

Бас аманда, мал тәтті,

Ә

аяқ астында.

3

Ауру –

Б

тұман аяғы – жұт.

10.Бақылау(сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар, тестілер және т.Б.)

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:

  1. Жалпылау есімдігін табыңыз.

а) күллі

ә) ешкім

б) мынау

в) осы

г) кейбір

  1. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.

а) өзі

ә) баршасына

б) барлыққа

в) сеннің

г) менге

  1. Белгісіздік есімдіктер қатарын табыңыз.

а) әлдеқайда, кейбір, әркім

ә) ешкім, әрине, сол

б) өзі, өзім, мына

в) кім? не? қанша?

г) мен, сен, ол

  1. Белгісіздік есімдігін көрсетіңіз.

а) қайсыбір

ә) саған

б) түгел

в) осынау

г) ештеңе

  1. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

а) Саған қандай сыйлық берді?

ә) Әрбір атқарған ісің нәтижелі болсын.

б) Ешқайда барушы болма.

в) Қандай анализ тапсырдыңыз?

г) Күллі халық дағдарысты жақсы түсінеді.

6. Белгісіздік есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Бұл дәрілер қызуды баса бермейді.

ә) Сондықтан дәрілерді қоса бермейді.

б) Қандай дәрі қабылдадыңыз?

в) Қызылмайды пайдаланғанда ешқандай кері әсерлер байқалмайды.

г) Бірталай дәрілердің сапасын анықтайды.

7. Жалпылау есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Үнемі қажет болатын дәрілерді сақтаңыз.

ә) Дәрілердің барлығын баланың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

б) Дәрі пайдаланылмады.

в) Студенттер сабаққа келмеді.

г) Мерзімі өтіп кеткен дәріні қабылдамаңыз.

8. Жалпылау есімдік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қалыпқа келтіруші заттарды майдың негізі деп атайды.

ә) Алоэ - көп жылдық өсімдік.

б) Балды бауыр ауруларына пайдаланады.

в) Майлардың барлығы ағзаға пайдалы бола бермейді.

г) Дәріханада майды шыны сауыттарға салып береді.

9. Жалпылау есімдікті табыңыз.

а) осы, сол, ана, мынау

ә) отыр, жүр, тұр, кел

б) өзім, өзің, өзі

в) барлық, бәрі, барша, бүкіл

г) мұнай, темір, көмір

10. Есімдікті көрсетіңіз.

Медицинада дәрілік өсімдіктердің кейбіреуінен дәрі дайындалмайды.

а) медицинада

ә) дәрілік

б) өсімдіктердің

в) кейбіреуінен

г) дәрі дайындалмайды

6. Септеліп тұрған сілтеу есімдігін көрсетіңіз.

а) осыған

ә) бұл

б) мынаны

в) бүгін

г) осыдан

7. Болымсыздық есімдігін табыңыз.

а) біз, сендер

ә) ешкім, ешқашан

б) кім, не

в) бәрі, күлі

г) түгел, барлық

8. «Ешкім келген жоқ» сөйлемінде қандай есімдік бар?

а) болымсыздық

ә) жалпылау

б) сілтеу

в) жіктеу

г) белгісіздік

9. Сөйлемдегі сұрау есімдігін көрсетіңіз.

Аурудың алдын алудың қандай жолдары бар?

а) алдын алу

ә) қандай

б) жолдары бар

в) аурудың

г) бар

10. «Біреу есік қағып тұр» сөйлемінде қандай есімдік бар?

а) болымсыздық

ә) жалпылау

б) сілтеу

в) жіктеу

г) белгісіздік

11. Есімдіктің түрлерін көрсетіңіз.

а) болымсыздық

ә) оның

б) топтау

в) салыстырмалы

12. Есімдікті тіркесті көрсетіңіз.

а) бірінші адам

ә) бір-бірден

б) біреу секілді

в) бірдене айтты

13. Жіктеу есімдіктерін табыңыз.

а) біз, сендер

ә) ешкім, ешқашан

б) кім, не

в) бәрі, күнні

Операционалды – дағды компетенциясы:

1-жаттығу. Сөз тіркестері мен сөйлемдерден есімдіктердің түрлерін ажыратып, олардың қай жалғауда тұрғанын айтыңыз.

Оны кездестіру, осыған айтыңыз, мұнысы болмады, кімге айтты?, өзіңе берді, қашан келді?, әрбір оқушы, өзіміз орындаймыз, біраз кешікті, бүкіл адам,қайсыбіреуіне тапсырды, ешкімнен алмаңыз, ешқашан ұмытпаңыз, барлығына айтылды.

Коммуникативті компетенция

а) лексикалық тақырып бойынша

. Тұмау ауруы бойынша дәрігердің сұрақтарына науқас атынан жауап әзірлеңіз.

– Қай жеріңіз ауырады?

– ______________________ .

– Басыңыз ауыра ма?

– ______________________ .

– Қашаннан бері ауырасыз?

– ______________________ .

–Көңіл-күйіңіз қалай?

– ______________________ .

– Тәбетіңіз қалай?

– ______________________ .

– Қызуыңыз көтерілді ме?

– ______________________ .

– Әлсіздік сезінесіз бе?

– ______________________ .

– Буындарыңыз сырқырай ма?

– ______________________ .

–Жұтынғанда тамағыңыз ауыра ма?

– ______________________ .

– Көзіңіз жасаурай ма?

– ______________________ .

– Тағы қандай шағымдарыңыз бар?

ә) грамматикалық тақырып бойынша:

1. Белгісіздік есімдіктерін атаңыз.

2. Жалпылау есімдіктеріне қандай есімдіктер жатады?

3. Белгісіздік есімдіктерінің септелген түріне 2 мысал келтіріңіз.

4. «Барлығы», «бәрі», «біреу» есімдіктерін септеңіз.