Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтарға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

17 тақырып: Ас қорыту жүйесінің аурулары. Асқазан және өт жолдарының аурулары.

Қимыл есімі. Қажеттілік мәні.

2013ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Ас қорыту жүйесінің аурулары. Асқазан және өт жолдарының аурулары.

Қимыл есімі. Қажеттілік мәні.

2. Мақсаты:

- ас қорыту жүйесі туралы мағлұмат беру;

- ас қорыту жүйесі аурулары туралы мағлұмат беру;

- ас қорыту жүйесі, аурулары туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- ас қорыту жүйесі туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- зат есімнің септелуі туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

3. Міндеті:

Жаңа сабаққа қатысты медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенция бойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамыту білім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Ас қорыту жүйесі туралы.

2. Ас қорыту жүйесі аурулары туралы.

3. Ас қорыту жүйесі туралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.

4. Ас қорыту жүйесінің қызметі туралы.

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45 мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

Студенттің білімін бақылау (10 мин. )

Студенттің білімін бағалау (5 мин. )

6.Өткізу түрі: ізденіс сабақ

7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас, аударма жұмысын жасату, ойтолғау, талдау.

8. Көрнекі құралдар: ас қорыту жүйесінің суреті , қимыл есімі мен қажеттілік мәні жазылған кесте, оқу құралдары, үлестірмелі карточкалар.