Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. «Алғашқы қазақ дәрігерлері» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, есіңізге сақтаңыз.

даярлану-готовиться

оба-чума

бедел-авторитет

шәкірт-ученик

күрделі-сложный

жарқын із-яркий след

қалтқысыз қызмет ету-преданно служить

жергілікті халық-местные жители

көңіл бөлу-уделить внимание

тырысқақ-холера

шешек -оспа

емдеп жазу-вылечить

шарт-условие

ағартушы-просветитель

танылу-признаваться

қоғам қайраткері-общественный деятель

қолдан келгенше-по-возможности

дәрігерлік көмек-врачебная медицинская помощь

2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөз тіркестеріне сөйлем құрастырыңыз.

Даярлау ісі, әскери госпиталі жанынан, кедей топтарына, дәрігерлік көмек көрсету, жарқын із қалдыру, қазан төңкерісі, даярланып шығу, жергілікті халықтар, медицина институтын ұйымдастыру, казак-орыс атқыштар батальоны, қоғам қайраткері, беделге ие болу, алаш қозғалысы, денсаулық сақтау ісінің қалыптасуы, қиыншылықтарға қарамастан.

3-тапсырма.Мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

Алғашқы қазақ дәрігерлері

Қазақтар арасынан дәрігерлер мен фельдшерлер даярлау ісі Қазан төңкерісіне дейінгі жылдары-ақ қолға алына бастады. Қазақстанда жергілікті халықтар арасынан шыққан көптеген дәрігерлер мен фельдшерлердің өмірі мен медициналық қызметі республика медицинасының тарихында жарқын із қалдырды. Қазақ халқының алғашқы фельдшерлері 1841 жылы 9 тамызда Орынбор әскери госпиталі жанынан ашылған фельдшерлік мектептен даярланып шықты.

Қазақстан территориясында тырысқақ, оба және шешек аурулары талай халықты қырғынға ұшыратты. Ол кезде қазақтарға орта есеппен 1 дәрігерге 22-25 мың адамнан келген. Қазақтан шыққан алғашқы медициналық қызметкерлер осындай қиыншылықтарға қарамастан, елдің кедей топтарына қолдан келгенше дәрігерлік көмек көрсете білді.

Алғашқы қазақ дәрігерлерінің қатарына Мұхамеджан Қарабаев, Әміре Айтбақин, Әбубәкір Алдияров, Санжар Асфендияров, Халел Досмұхамедұлы, Есенғали Қасболатов, Гүлсім Асфендиярова т.б. жатқызуға болады.

Санжар Жағыпарұлы Асфендияров1889 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген. Дәрігерлер отбасында тәрбиеленген. Ол 1907 жылы Петербург әскери-медициналық академиясына оқуға түсіп, 1912 жылы бітіріп шығады. Академияны бітіргенен кейін Термез қаласында жұмыс істейді.

1919-1920 жылдары С.Ж.Асфендияров Түркістан республикасында Денсаулық сақтау жөніндегі халық комиссары болып қызмет істеген. Ол 1927 жылы Мәскеу университетінің профессоры болып, Шығыс халықтары тарихынан дәріс оқиды және Мәскеу Шығыстану институтының ректоры болады.

1930 жылы С.Ж.Асфендияров Қазақ АССР Денсаулық сақтаудың халық комиссары болып тағайындалады. Алматы медицина институтын ұйымдастыруға көп еңбек сіңірді.

Халел Досмұхамедұлы – Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұра, қазақ тарихы, әдебиеті мен тілі, медицина, биология, табиғаттану салалары бойынша зерттеу мақалалар мен оқулықтар жазған талантты ғалым 1883 жылы қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Ол 1909 жылы Петербург әскери- медициналық академиясын алтын медальмен бітірген соң, алдымен Перм губерниясында, содан кейін 2- Орал казак-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігер қызметін атқарады.

Х.Досмұхамедұлы 1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес істеріне ат салысады. Ол 1913-1918 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік- сүзек», «Жұқпалы аурулар хақында» атты кәсіби және әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрады. Оның «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. 2009 жылы 27 қазанда университетте Х.Досмұхамедұлы атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі құрылды.

Көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, педагог Ы.Алтынсариннің шәкірттерінің ішінен бірнеше дәрігер мен фельшерлер шықты. Олар: Ә.Алдияров пенӘ. Айтбақин.

Әбубәкір АлдияровТроицк қаласында талантты оташы ретінде танылды. Ол қазақтың дарынды ақыны С.Торайғыровқа күрделі ота жасап, халық алдында, өзінің қызметтес әріптестері арасында зор беделге ие болады.

Әміре Айтбақин құрметті дәрігер аталып, «барлық аурулардан емдеп жазушы» ғалым ретінде танылды. Ол өзінің қымызбен емдеудегі байқаған тәжірибелерін Томск университетінің еңбектерінде жариялайды.

Алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі - Мұхамеджан Қарабаев 1887жылы Қазан университетінің медицина факультетін бітірген. 1916 жылы «Қызыл кресті» ұйымдастыруға қатысты. Ол 1919- 1921 жылдары Қостанай аймағына сүзек, безгек, оба, шешек сияқты індет көп таралған кезде, медициналық көмек ұйымдастырды. М.Қарабаев уезд халқының санитарлық мәдениетін көтеруге, оларға тазалық пен гигиенаның қарапайым шарттарын үйретуге көп көңіл бөледі. Өзінің 40 жылдық дәрігерлік еңбегімен республиканың денсаулық сақтау ісін ұйымдастыруға, дамытуға елеулі еңбек сіңірді.

Басқа да көптеген қазақ дәрігерлері мен фельдшерлері қоғамдық істерге белсене араласып, денсаулық сақтау ісінің қалыптасуына үлкен еңбек етті.

4- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  • С.Асфендияров академияны бітіргеннен кейін қайда жұмыс істеді?

  • Х.Досмұхамедұлының қандай еңбектерін білесіз?

  • Ә.Айтбақин қандай дәрігер?

  • Қазақстанда қандай жұқпалы аурулар көп тарады?

  • С.Асфендияров Мәскеуде қандай қызметтер атқарды?

5- тапсырма Мәтін бойынша сөз тіркестерінің сыңарын табыңыз.

1. дәріс ...................

2.алғашқы................

3.дәрігерлік..............

4.талантты.............

5.мәдениетін.........

6-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, түсінгеніңізді айтыңыз.

Х.Досмухамедов в 1903 г. успешно окончил Уральское реальное училище. Он активно занимался вопросами противоэпидемической работы, организацией стационаров для инфекционных больных.Учитывая большой неоценимый вклад в развитие просвещения и здравоохранения Казахстана, решением Ученого Совета КазНМУ им.С.Д.Асфендиярова от 27 октября2009 г. Школе общественного здравоохранения присвоено имя Халела Досмухамедова.

7-тапсырма. Мәтіннен көмекші етістіктерді тауып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

Студенттің білімін бақылау

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тест тапсырмалары: