Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

В зимний день

Занятия лыжным спортом регулируют артериальное давление крови, оказывают благотворное влияние на дыхательную систему, обмен веществ, на состояние нервной системы. После них у человека обычно хорошее настроение и аппетит, а усталость после глубокого сна снимает, как рукой. Если же на другой день вы плохо себя чувствуете, значит маршрут выбран не по силам.

Одежда для лыжных прогулок должна не обременять, а быть теплой и удобной. Преодолев первые затруднения, вы познаете всю прелесть лыжных прогулок и увидите, что они являются источником бодрости.

Тақырыпты меңгергенге дейінгі тапсырмалар

1. Зәр шығару жүйесін, қызметін есіңізге түсіріңіз.

2. Тақырыбына қарап, мәтіннің не туралы екеніне болжам жасаңыз. Егер мәтін бүйрек және несеп жолдарының аурулары туралы болса, онда қандай сырқаттар жайында айтылуы мүмкін?

3. Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай керекті қосымшаларды қойыңыз.

ем... шаралар

сырқат адам... тамағында

тұз... шектеу

алғашқы күндер... бастап

қабыну... қарсы

науқас ... халі

несеп... зерттегенде

10-14 күн ... кейін

цистит... байқалу

ақшыл түс... ену

қуық... суық тигізу

қуық тұсы... жылу басу

талдау… өткізгенде

құрамы... анықтау

Бүйрек және несеп жолдарының аурулары

Бүйрек және несеп жолдары ауыратын науқастардың негізгі шағымдары:

  • бүйректің немесе белдің ауруы;

  • зәр шығарудың нашарлауы немесе бұзылуы;

  • зәр түрінің өзгеруі;

  • ісіктің пайда болуы.

Қосымша шағымдарға:

  • бас ауруы;

  • бас айналуы;

  • жүрек ауруы;

  • көрудің нашарлауы;

  • тәбеттің төмендеуі;

  • жүрегі айну;

  • құсу;

  • ыстығы көтерілу жатады.

Бүйрек тұсының тұрақты сыздап ауыруы жедел және созылмалы пиелонефритте, гломерулонефритте байқалады. Бүйрек немесе несеп жолдары зақымданғанда ауру сезімі бел, несеп жолдары мен қуық тұсында болады.

Бүйректің әр түрлі ауруларында пайда болатын ісік барлық денені не оның біршама бөлігін қамтиды, тез дамиды, сипағанда өте жұмсақ сезіледі. Ісік үстінің терісі түсі қуқыл болады.

Зәр шығарудың бұзылуының бірнеше түрлері бар:

  • Анурия – несеп бөлудің тоқтауы.

  • Дизурия – несеп бөлгенде несеп жолының сыздап ауыруы.

  • Полиурия – несептің 2 литрден көп бөлінуі. Көбіне бұл жағдай бүйректегі ісік қайтқан кезде болады.

  • Олигоурия – несептің 600 мг-нан аз бөлінуі. Көбіне қызу көтерілгенде, қатты терлегенде, іш өткенде байқалады.

Зәр түсінің өзгеруі. Қалыпты жағдайда зәр ақшыл сары, янтарь сары түстер арасында болады. Несепке қан араласқанда оның түсі ет жуған су сияқты, ал ірің араласса, лайланып, ақшыл түске енеді.

Цистит cөзі гректілінен алынған, қуық және қабыну дегенді білдіреді. Қуықтың өте жиі кездесетін қабынуы. Циститпен балалар, әсіресе, әйелдер жиі ауырады.

Аурудың қоздырушылары: ішек таяқшасы, протей, стафилококк, т.б. инфекциялар. Аурудың дамуына қуыққа салқын тигізу, іш қату және ысталған, сүрленген тағамдарды көп жеу, т.б. әсер етеді. Циститтің екі түрі ажыратылады.

Циститтің жедел түрінде адам кіші дәретке жиі барады, зәр сындырғанда қуықтың тұсы, сегізкөзі сыздап ауырады. Науқастың дене қызуы көтерілмейді. Несепті талдаудан өткізгенде, оның құрамынан лейкоцит, эротрицит және ақуыздың бар екені анықталады. Аурудың жедел түрінде дәрігердің тағайындаған емін уақытымен, дұрыс қабылдап, дерттің созылмалы түріне ауысып кетпеуін қадағалау керек. Циститтің созылмалы түрі қуық ісігі, простатит, уретрит, т.б. аурулардың салдарынан дамиды. Кейде дерттің өршуіне туберкулез, трихомоноз ауруларының да көп әсері бар.

Емі. Режим және диета сақтау (рационнан консерві, ащы соустар, әр түрлі дәмдік қоспалар, ішімдік түрлерін шығару), жеміс-жидекті көп пайдалану, денені жылы ұстау, қуық тұсына жылу басу, булау қабылдау керек. Кейде дәрігер сұйықты көп ішуді (жылы сүт қосылған шәй, минералды су) ұсынады. Егер ауру асқынып кетсе, бұған себеп болған ауруды анықтап, соған байланысты арнайы ем қолданылады.