Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

3

Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі.

Сөздің тура және ауыспалы мағыналары

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі.

Сөздің тура және ауыспалы мағыналары.

2. Мақсаты:

  • Тыныс алу жүйесітуралы мағлұмат беру;

  • Тыныс алу жүйесітуралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

  • Тыныс алу жүйесітуралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

  • Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

  • cөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

  • өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Тыныс алу жүйесіндегі мүшелер туралы.

2. Тыныс алу жүйесітуралыәңгімелеудегі тілдік оралымдар.

3.Тыныс алу жүйесіндегі мүшелердің қызметі туралы.

ә) грамматикалық материал бойынша

Cөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы түсінік.

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

  • Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).

  • Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 22-25 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 20-26 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.

8. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук, тыныс алу жүйесінің суретін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкаларды пайдалану.

9. Тапсырмалар:

А) Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.

көмей (көмекей) – гортань

кеңірдек – трахея

кілегейлі қабықша – слизистая оболочка

шырышты қабықша – слизистая оболочка

залалсыздану – обезвредить

шеміршек – хрящ

түкті – волосистый

сіңір – сухожилие

тармақталу – разветвление

аңқа – носоглотка

Ә) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Ағза мен сыртқы орта, бүкіл денеге таралу, тыныс алу жолы, дыбыс шығару қызметі, бүйір қабырғалары, мұрын қуысының ішкі қабырғасы, ауаның залалсыздануы, ауаның ылғалдануы, ауаның жылынуы, доға тәрізді, шеміршекті сақиналар, біртіндеп кішірею, ауа жүретін түтікшелер, адам өміріне қажетті, газ алмасуды қамтамасыз ету.

Б) Мәтінді оқыңыз.

Тыныс алу дегеніміз – ағза және сыртқы орта аралығындағы газ алмасу үрдісі. Ағза оттегіні сіңіріп, көмір қышқыл газын бөліп отырады. Адам оттегісіз өмір сүре алмайды. Оттегі жасушалар мен ұлпалардың тыныс алуы мен өз қызметтерін атқаруы үшін қажет. Тыныс алу жүйесі оттегін қан айналу жүйесіне өткізеді. Ал оттегі қанның құрамындағы гемоглобинмен бүкіл денеге таралады.

Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, аңқа, көмей немесе көмекей, кеңірдек, өкпе және бронхылар жатады. Тыныс алу мүшелері тыныс алу, газ алмасу, дыбыс шығару қызметтерін атқарады.

Тыныс алу жолы мұрын қуысынан басталады. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады. Жоғарғы қабырғасы мұрын сүйектері мен шеміршектерден түзіледі. Мұрынның ортаңғы пердесі мұрын қуысын тең екі бөлікке бөледі. Мұрын қуысының ішкі қабырғасын шырышты қабықша астарлайды. Онда көптеген қан тамырлары, бездер және түкті эпителий орналасқан. Мұрын қуысы тыныс алу және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді. Мұрында ауа залалсызданады, ылғалданады және жылынады.

Мұрын қуысынан ауа аңқаға, одан кейін көмейге (көмекейге) барады, көмейден кеңірдекке өтеді.

Көмей (көмекей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы шеміршектерден түзілген. Шеміршектер бір-бірімен жартылай қозғалмалы байланысқан. Шеміршектердің арасында – 2 дыбыс сіңірлері болады, олар да шеміршекке бекиді. Ер адам көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36 мм.

Кеңірдек – көмейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Оның ұзындығы шамамен 9-12 см, диаметрі 15-18 мм. Кеңірдек доға тәрізді, 16-20 шеміршекті сақиналардан тұрады Кеңірдек бесінші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 бронхыға тармақталады.

Бронхы (грекше «bronchus» – тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті шырышты қабықшамен қапталған. Бронхылар оң және сол өкпеге кіреді. Өкпеде олар өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары бронхиолдар (грекше «bronchіolі» – кішірею) деп аталады. Бронхиолдардың ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршіктерімен (альвеолалармен) аяқталады. Альвеоланың (латынша «alveolus» – ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0,2–0,3 мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Көпіршіктердің саны 300-350 миллиондай.

Өкпелер кеуде қуысында орналасады. Әр өкпе өкпеқаппен қапталған. Ерлердің өкпесінің биіктігі 27-30 см, әйелдердікі 21-23 см. Оң жақ өкпе сол жақ өкпеден үлкендеу болады. Оң өкпе 3 бөлікке, сол өкпе 2 бөлікке бөлінген. Ересек адам өкпесінің тіршілік сыйымдылығы 3500 . Адам минутына орта есеппен 16-18 рет тыныс алады. Осы мезгілде өкпе 8 л. ауа өткізіп, адам өміріне аса қажет газ алмасуды қамтамасыз етеді.

В) Оң жақтағы етістіктермен керекті сөздер арқылы сөз тіркесін құрыңыз (сұрақ арқылы).

тыныс алу (ненің?) денеге

таралу (қайда?) ауа

басталу (неден?) екі бронхыға заласызданады (не?) кеңірдектен

қамтамасыз ету (нені?) мұрын қуысынан

өтеді (қайдан?) жасушалардың

бөліну (неге?) газ алмасуды