Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Дене тәрбиесі – дәрісіз ем

Қоғамның басты байлығы – адам. Адамның басты байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты сақтап, байытатын – қимыл-қозғалыс. Яғни, қимыл-қозғалыс дегеніміз – дене тәрбиесі. Сондықтан спорт өмірге өте қажет.

Дене тәрбиесімен айналысқалы өзімді сергек сезіндім. Ал сергек адамның өмірге, қоршаған ортаға көзқарасы да айырықша. Ол өзін эстетикалық тұрғыдан қалыптастырып, ең бастысы көпшілік, қоғам мүддесін қорғауды негізгі мақсат санайды.

Спорт – салауатты тұрмысымыздың басты кепілі. Өйткені ол үздіксіз еңбектенуді, зор қажыр-қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты арттырады. Яғни, өмірді сүйіп, уақытты қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді.

(Қ.Байдосов. «Денсаулық» журналы. 1991, №5.)

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:

1. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді көрсетіңіз.

(2 жауап)

а) Адам ағзасының иммунитеті жоғары болғандықтан, кез келген ауруға қарсы тұра алады.

ә) Ол жұқпалы аурумен ауырған себепті, ауруханада екі апта емделді.

б) Қызылша сау балаға ауру баладан жұққанмен, науқасты көбіне үйде күтеді.

в) Кеңірдек дифтериясында баланың тынысы тарылып, қырылдап тұншығуы мүмкін.

г) Жүрек еттерінің жиырылуын систола десе, босауын диастола деп атайды.

2. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем емес қатарды көрсетіңіз. (3 жауап)

а) Балды тыныс жолы зақымданғанда, өкпе ауруымен ауырғанда беруге болады.

ә) Қымыздың белоктары тәнге өте сіңімді, ана сүтіне тән қасиеттерге ие.

б) Тамақтану тәртібін дұрыс орындамағандықтан, асқазан ауруымен ауырады.

в) Дәмдеп ішкен ас жылдам және толық қорытылады.

г) Дене шынықтырумен айналыспаған себепті, иммунитетін көтере алмады.

3. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз. (3 жауап)

..., ауруханаға бара алмады.

а) Ол уақыты болмаған себепті

ә) Дәріханада жүріп қалып

б) Мұхтар үйінде жатып емделгендіктен

в) Денсаулығы болмаса да

г) Сен оған айтқан соң

4. Бағыныңқы сөйлем “неліктен?”, “неге?” деген сұрақтарға жауап беретін сөйлемдерді көрсетіңіз. (2 жауап)

а) Адамның таза ауада көп болып, арнайы санаторийларда емделгені жөн.

ә) Дене қызуы қатты көтерілгендіктен, дер кезінде жедел жәрдем шақырылды.

б) Созылмалы бронхитпен жиі ауырған себепті, ауруханада жатып емделді.

в) Бас сақинасы көбінесе ішкі мүшелердің сырқатынан болады.

г) Науқас ауруханаға жеткізіліп, аурудың түріне қарай емделеді.

5. Берілген бағыныңқы сөйлемдерден себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз. (2 жауап)

..., бауырдың қызметі нашарлайды.

а) Көбінесе жүрек ауруларымен ауырып

ә) Майлы тамақтарды көп жегендіктен

б) Науқастың жағдайы жақсару үшін

в) Уақытысында дұрыс емделмеген себепті

г) Тіс күтімінің әсерінен

6. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз. (2 жауап)

..., емханаға жедел жеткізу керек.

а) Науқастың жағдайы бірқалыпты болғанымен

ә) Ішкі секреция бездерінің сырқаты болғандықтан

б) Омыртқасы зақымданғанда науқасты етпетінен жатқызып

в) Науқас қатты зардап шеккен себепті

г) Науқасты шалқасынан жатқызып

7. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді көрсетіңіз.

(3 жауап)

а) Егер мезгілінде емделмесе, ауруы асқынып кетеді.

ә) Науқастың терісі құрғап кетеді, ауыр формаларында алақаны түлейді.

б) Емді дер кезінде алмағандықтан, қол сүйектері біраз уақыт ауырды.

в) Бұзылған тағамдардан улансаң, дереу дәрігерге көрініңіз.

г) Науқастың өміріне қауіп төнсе, шұғыл түрде ауруханаға жатқызу керек.

8. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас жасайтын сыңарды көрсетіңіз. (2 жауап)

.., созылмалы түрге ауысады.

а) Бұл ауру қайталай берсе

ә) Интоксикация симптомдары жойылғанда

б) Жедел гастрит дұрыс емделмесе

в) Ішек инфекциясы кезінде

г) Жүректің көлемі ұлғайып

9. Сөйлемнің алдыңғы сыңарын табыңыз. (3 жауап)

..., тері ауруға шалдығады.

а) Тазалық тәртібі сақталмаса

ә) Медициналық көмек көрсетілмегендіктен

б) Патологиялық өзгеріске

в) Химиялық факторлардың

г) Іріңді, сулы бөртпелер шығып

10. Бағыныңқы сыңарлары «қайтсе?» деген сұраққа жауап беретін сөйлемдерді көрсетіңіз. (3 жауап)

а) Баланың көңіл күйі жақсарса, ас ішуге тәбеті болады.

ә) Науқастың бөлмесін таза ұстап, гигиеналық талапты қатал сақтау керек.

б) Баланың есту қабілеті төмендейді, құлақтан ірің ағады.

в) Аурудың жасырын кезеңі басталса, дереу дәрігерге қаралу керек.

г) Дәріні уақытысымен қабылдаса, аурудан тез жазылады.

Операционалды – дағды компетенциясы:

1-жаттығу. Бағыныңқының баяндауышы неліктен? не себепті? қашан? деген сұрақтарға жауап беретін 5-6 сөйлем жазыңыз.

Коммуникативті компетенция:

  • Салауатты өмір салтын қалай қалыптастыруға болады?

  • Валеология қандай сөздерден құралған?

  • Елімізде жиі кездесетін ауруларды атаңыз.

  • Валеология арқылы нені үйренуге болады.

  • Салалас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

  • Салалас құрмалас сөйлемнің қандай түрлерін білесіз?