Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

10. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

Ғ) Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп толықтыратын үзінділерді табыңыз.

  • Ауру дегеніміз – ол анатомиялық және физиологиялық құбылыс.

  • Ауырған адамда сырқат белгілері пайда болады

  • Медицина саласында ауру түрін анықтау үшін қолданылатын тәсілдердің бірі рентген тәсілі.

  • Компьютерлiк томография – компьютердi қолданып мүшенi, дерттi бөлшектеп рентген суретiне түсiру.

  • Науқас адамның ауруы туралы болжам жасалуы керек.

  • Бүгінгі күні дәрігерлік салада УД тәсілін қолданбайтын мамандық жоқтың қасы.

Д) Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

Ауру дегеніміз – анатомиялық және физиологиялық құбылыс.

Ауырған адамда ешқандай өзгеріс болмайды.

Сырқат белгілерін дәрігер көзімен көреді, саусағының басымен соғып, тыңдап анықтайды.

Сырқат белгілерін анықтау үшін қосымша әдістер қолданбаса да болады.

Қазіргі кезде 10000-ға жуық аурудың түрлері бар.

10-15 синдром белгісі табылып отыр.

Рентген сәулесін 1895 жылы неміс физигі Рентгеннің әйелі Берта ашқан.

Ультрадыбыс тәсілімен жүрек дерттерін анықтауға болады.

Коммуникативті компетенциябойынша

Е) Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

Ж) Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.

З) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Сырқат белгілерін науқас айтып баяндайды, кейін дәрігер көзімен көреді, сипап,

іштен туа, не жүре пайда болған жүрек дерттері екенін анықтайды.

Ауру – микробтар не басқа да аса күшті қозғаушы күштің

оның білгірлігінің алатын орнын ерекше атап кету керек.

Ультрадыбыс тәсілімен жүрек дерттерін анықтау кезінде оның ішкі бөлшектерін, ақауларын көріп,

науқас адамның ауруы туралы болжам жасалуы керек.

Дерт түрін анықтауда, ең бастысы, маманның тәжірибелілігінің,

саусағының басымен соғып, тыңдап анықтайды.

Алынған мәліметтерді жинап, негізгі клиникалық белгілерді айыра отырып,

әсерінен пайда болатын адам ағзасындағы өзгерістер.

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

И) Болашақ дәрігер емделуге келген науқастың шағымдарын тыңдап, диагноз қою үшін тағы қандай әрекеттер жасайды? Әңгімені I жақта өрбітіңіз.

К) Төмендегі мақал –мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіз.

  • Ауру кірді, әлек кірді.

  • Ауруды елемеген өледі,

  • Дауды елемеген төлейді.

  • Бас аманда мал тәтті,

  • Бас ауырса, жан тәтті.

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

Қ) Аурусөзіне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестендіріңіз.

1

Өкпесін сүйретіп жүру

а

аурудан айығу

2

Аурудың беті бері қарау

ә

аурудан әбден жазылу

3

Айналдырған ауру

б

кенеттен ауырып қалу

4

Құлан таза айығу

в

ұзаққа созылғандерт

5

Қалпақтай ұшу

г

емделмей жүре беру

Л) Сөйлемдердегі фразалық тіркестерді қажетті формаға қойыңыз.

  • Омардың анасы бауыр сырқатымен ұзақ ауырып, ақыры айналдырған ауру________ қайтыс болды.

  • Екі жылдай тұмаумен ауырмай жүр едім, кеше қалпақтай ұш___________.

  • Ол неге дәрігерге көрінбейді, өкпесін сүйретіп қашанға дейін жүр_____________?

  • Бұл ауруға қарсы қабылданатын аса күшті дәрілер бар, оны дәрігердің белгілеуімен дұрыс пайдалансаңыз, құлан таза айығ__________________________ .