Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

11 . Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз

  • Науқастарың 50 %-ы бас ауруларымен дәрігерге қаралады.

  • Ауыр мигренозды ұстамалар бірнеше айға дейін созылады.

  • Бас сақинасы ер адамдарда жиі кездеседі, әйелдер сирек ауырады.

  • Мигренозды ұстаманың ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады.

  • Эпилепсия ауруының себебі толық анықталды.

  • Оның көз алдына әр түрлі зат елестейді, дыбыс естіледі.

  • Ұмытшақ болып, сәл нәрсеге ренжіп қалады.

  • Маскүнемдердің балаларының денсаулығы күшті болады.

  • Ұстама біткеннен кейін істегендерінің біреуін де есіне ала алмайды.

  • Әбу Әли ибн Сина ұстамалы аурудың клиникалық көріністері мен емін толық сипаттап жазған.

12. «Бас сақинасы» ауруы бойынша төменде берілген дәрігердің сұрақтарына сәйкес науқастың жауаптарын әзірлеңіз.

– Қай жеріңіз ауырады?

–_____________________.

– Басыңыздың қай жағы ауырады?

–_____________________.

– Дыбыстан, шуылдан күшейе ме?

–_____________________.

– Айына неше рет қайталайды?

–_____________________.

– Қорқу сезімі бола ма?

–_____________________.

– Жүрегіңіз айни ма?

–_____________________.

– Құстыңыз ба?

–_____________________.

– Көңіл күйіңіз қалай?

–_____________________.

– Ауру басталар алдында өзіңізді қалай сезінесіз?

–_____________________.

–Ұйқышылдық, әлсіздік сезінесіз бе?

–_____________________.

– Басыңыз айнала ма?

–_____________________.

13. Бас сақинасы бар науқас адам жайлы дәрігер атынан хабарлама жасаңыз(аты-жөні, жасы, қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері).

14.«Эпилепсия» мәтіні бойыншанауқастың туысының жауабына орай дәрігердің сұрақтарын әзірлеңіз.

–_____________________?

– Бір жылдай болды.

–_____________________?

– Күз, көктем айларында жиі қайталанады.

–_____________________?

– Иә, есінен жиі танады.

–_____________________?

– Мінезі өзгерді, көбіне тұнжырап көңілсіз жүреді.

–_____________________?

– Бала кезінде менингитпен ауырған болатын.

–_____________________?

– Ауру ұстар алдында басы ауырып, қолдары дірілдейді.

–_____________________?

– Иә, бір жерді шыр айналады, сонан соң есінен танып құлайды.

–_____________________?

– Аузынан көбігі ағады, тілін шайнайды.

Тақырыпты меңгергенге дейінгі тапсырмалар

1. Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.

шеміршек – хрящ

сызат – трещина

жиналу – скопление, собираться, готовиться

созылғыштық – тягучесть, растягиваемость

2. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Омыртқааралық шеміршек, шағын жарақаттар, ауыр дене еңбегі, шүйде, жауырын, арқаны тік ұстау, аяқтың жансыздануы, мезгіл-мезгіл, керісінше, бастапқы қалыпқа келу, кеудені артқа қарай шалқайту, ауыр заттарды көтермеуге тырысу.

Остеохондроз

Остеохондроз латынның «остеон» - сүйек, «хондрос» - шеміршек деген мағынаны беретін сөздерінен құралған, демек ол омыртқааралық шеміршек дискілерінің сүйектік ұлпаға айналуы. Ауыр дене еңбегі мен шағын жарақаттар және салқын  тиіп ауыру факторлары остеохондрозды асқындыра түседі, әсіресе, омыртқааралық дискілерде дистрофикалық үрдіс жүреді.

Ауру үш кезеңнен тұрады:

  • І кезең – люмбаго немесе дискальгия кезеңі дискідегі дегенеративті өзгерістермен сипатталады;

  • ІІ кезең – диск протрузиясы;

  • ІІІ кезең – диск жарығы.

Негізінде остеохондроз – буын арасына минералды тұздың жиналуы. Омыртқа дискілерінің қоректенуі төмендеп, қан айналымы өзгеріп, олардың созылғыштығы әлсіреп сызаттар түседі, кейінірек сүйектік ұлпаға айналады. Мүсіннің дұрыс қалыптаспауы, арқа бұлшық еттерінің нашар дамуы, ауыр зат көтеру патологиялық ауыр үрдістерді жылдамдатады. Остеохондроз орналасуына байланысты: мойын, кеуде, бел остеохондрозы болып бөлінеді.

Мойын остеохондрозындаауру сезiмi шүйде, мойын, жауырын, иық аймағында орналасады.

Кеуде омыртқасының остеохондрозы ауру сезiмi кеуде аймағында орналасқандықтан стенокардияға ұксас болып келедi. Бел омыртқаның остеохондрозы аяқтың жансыздануына, рефлекстердiң төмендеуiне әкеп соқтырады.Кейбiр жағдайларда сезiмталдықтың нашарлауы, аяқ-қолдың iсiнуi байқалады.

Аурудың бастапқы сатысында емдiк дене шынықтыру, массаж, физиотерапиялық ем (емдiк ванна, балшық, парафин т.б) ауру сезiмiн басу үшiн аналгетиктер тағайындалады. Егер ауру асқынып жұлын қысылса оперативтiк ем қолданады.

Алдын алу шаралары:

  • Жастық аласа, төсек қатты болу керек.

  • Үстелдің, партаның биіктігі бой мен дененің деңгейіне сәйкес келуі керек.

  • Омыртқа жотасын тік ұстаукерек.

Дене жаттығулары:

  • Қандай жұмыс болмасын мезгіл-мезгіл тұрып, аяқты нық басып, басты артқа шалқайтады, оңға, солға бұрады.

  • Басты шалқайта ұстай отырып, кеуде тұсына қолдарды қойып, кеудені артқа қарай шалқайтады, 3-5 рет қайталайды.

  • Дәл екінші жаттығудағыдай шалқаяды, аяқтарды кезекпенартқа қойып, 3-5 рет қайталайды.

  • Аяқты иықтың енімен сәйкес қойып, бүгілген қолдарды кеуде тұсына көтереді. Бас пен жамбасты тік ұстайды. Иықпен оңға бұрылып, тыныс шығарады, бастапқы қалыпқа келіп, тыныс алады. Солға бұрылып, мұрынмен дем алады, 5-7 реттен қайталайды.

  • Аяқты иықтың енімен сәйкес қойып, жамбасты қозғалыссыз қалдырып, денені оңға бұрғанда, басты солға және керісінше, денені солға, басты оңға бұрады. Осылай он рет қайталайды.

Остеохондроздың алдын алудың және бұл аурудан емделудің тәсілдері осындай. Әрқашанда арқаңызды тік ұстаңыз. Ауыр заттарды көтермеуге тырысыңыз. Керек болса, оларды отырып барып, көтеріңіз. Дене шынықтыру мен жүзуге жиі барыңыз.