Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

11.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі. А., 2001. 136 -137- бб.

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған. А., 2002. 88-89-бб.

3. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 333- бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990. 129-б.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989.

174-б.

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

23 тақырып: Аралық бақылау

2013ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Аралық бақылау

  1. Мақсаты: Өткен лексикалық және грамматикалық маериалдарды қайталай отырып, студенттердің алған білімін анықтау, қорыту, бекіту.

3. Міндеті: Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Дұрыс оқуға, айтуға, жазуға, білуге үйрету. Ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру.

Когнитивті – білім компетенциясы: Сын есім, сан есім, есімдік, үстеулерді ажырата отырып, алған білімдерін тексеру, жай сөйлем туралы білу, лексикалық материалдар бойынша тілін дамыта отырып, өз бетінше баяндауды, медициналық термин сөздердің аудармасын беріп жазылуын үйрету.

Операционалды – дағды компетенциясы: Сын есім, сан есім, есімдік, үстеулердің және жай сөйлемнің жасалуына мысалдар келтіре отырып, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, мәтінде кездесетін медициналық термин сөздердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету.

Коммуникативті компетенция: өз ойларын қорытып, жүйелей білуге дағдыландыру, аударған сөздер мен сөз тіркестерін өмірде қолдана білуге баулу.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: студенттердің синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Аралық бақылауды өткізу түрі: тест жұмыстары, сұрақтарға жауап беру, мәтінмен жұмыс, ауызша баяндау, аударма жұмыстары т.б.

Сабақтың әдістері: коммуникативтік қарым-қатынас, жаттығу, салыстыру, түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру.

4. Өткізу түрі: бақылау

Коммуникативті компетенция:

5. Аралық бақылау бойынша негізгі сұрақтар:

  1. Ас қорыту жүйесінің ауруларын атаңыз.

  2. Асқазан ауруының қандай белгілерін білесіз?

  3. Өт жолдарының пайда болу себебі қандай?

  4. Бронхит ауруы туралы не білесіз?

  5. Туберкулез ауруларының белгілері қандай?

  6. Зәр шығару мүшелері ауруларына қандай аурулар жатады?

  7. Қуықтың қабынуы неден паайда болады?

  8. Анурия неден пайда болады?

  9. Жұқпалы аурулар туралы не білесіз?

  10. Балалардың жұқпалы ауруларын атаңыз.

  11. Құлақ ауруларының пайда болу себептері қандай?

  12. Қандай тері ауруларын білесіз?

  13. Қандай жағдайда жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады?

  14. Остеохандроз қандай ауру?

  15. Тері адам өмірінде қандай қызмет атқарады?

  16. Тері неше қабаттан тұрады?

  17. Қандай тері ауруларын білесіз?

  18. Витаминдердің жетіспеушілігінен қандай аурулар пайда болады?

  19. Жұқпалы аурулар қалай жұғады?

  20. Құлақ ауруы туралы не білесіз?

І нұсқа

Операционалды – дағды компетенциясы:

1-тапсырма. Есімдіктің қандай түрлері бар? Мысалдар келтіріңіз.

2-тапсырма. Берілген сөйлемдерден жай сөйлем түрлерін жасаңыз.

1. Қуық жамбас қуысында, шат сүйегінің артында орналасқан.

2. Тұңғыш рет мерездің белгілерін 1494 жылы Испания дәрігерлері ашқан.

3. Жұлын омыртқа жотасының өзегінде орналасқан.

4. Тер бездері ағзаны жиналған зиянды қалдықтардан тазартады.

3-тапсырма. Сын есімнің шырайлары қалай жасалады? Мысалдармен дәлелдеңіз.

4-тапсырма. Сан есімнің жасалу жолдарын түсіндіріңіз. Мысалдар келтіріңіз.

5-тапсырма. Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз.

  1. Әсер етеді, тамырларға, жүрек, қан, жұмысына, адреналин.

  2. Орналасқан, бел, бүйректер, екі жағына, омыртқаның.

  3. Қызметін, бүйрек, сүзгіш, атқарады, биологиялық.

  4. Себеп, негізгі, микробтар да, бронхиттің, дамуына, жедел, болады.