Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтарға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

14

Тақырыбы: Қант диабеті

Көмекші етістіктер

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Қант диабеті

Көмекші етістіктер

2. Мақсаты:

  • Қант диабетітуралы қазақ тілінде мағлұмат беру;

  • Қант диабетітуралы қазақ тілінде мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

  • Қант диабетітуралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

  • түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

  • көмекші етістіктер туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

  • өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Қант диабетіауруы кезіндегі адам ағзасындағы белгілер туралы.

2. Қант диабетінің алғашқы кезеңіндегі белгілеріне қатысты тілдік оралымдар.

3. Қант диабетінің өршу кезеңіндегі белгілеріне қатысты тілдік оралымдар.

ә) грамматикалық материал бойынша

Көмекші етістіктер туралы түсінік.

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

  • Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).

  • Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 80-88 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 32-34 беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 71-76 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.

8. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук,рай тұлғаларының кестесі, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкаларды пайдалану.

9. Тапсырмалар:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

Көмекші етістіктер

Тілімізде қырықтан астам көмекші етістіктер бар. Негізгі етістіктерге тіркесе отырып, олар әр түрлі мағыналар, реңктер береді. Жиі кездесетін көмекші етістіктер: ал, бер, көр, қал, жібер, сал т.б.

А) Көмекші етістіктерді қатыстыра отырып, бірнеше сөйлем құрыңыз.

Ә) Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.

соққы – удар

қайызғақтану – покрываться перхотью, шелушиться

сұлы – овес

қарақұмық жармасы – гречневая крупа

көмескі – неясный; тусклый; едва заметный

қышу –зудеть, чесаться

жолақ –полосатый

сарапшы – эксперт

Б)Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Қант мөлшерінің көбеюі, зат алмасуының бұзылуы, қант түйіршегінің бөлінуі, үнемі шаршап жүру, қол-аяқтың ұйюы, үнемі қарны ашып тұру, терінің қышуы, жаһандық проблемалар, сарапшыларының болжамы, шектен тыс салмақ қосу, бүйрек жұмысының нашарлауы, инсульттің даму қаупі арту, қайғылы  жағдай.

В) Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын есіңізге сақтаңыз.

шөлдеу, шөл қысу – cу, сусын ішкісі келу

зағип – соқыр; көзі көрмейтін адам

Г)Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай керекті қосымшаларды қойыңыз.

қант түйіршегі... бөлінуі

қант түйіршегі... өңдеу

қол-аяқ... жансыздануы

табан... қайызғақтануы

түсі... өзгерту

осы сырқат... ауыру

болжам... сәйкес

мамандар... пікірінше

адамдар... аз қимылдауы

инсульт... даму қаупі

қант... орташа деңгейі

дерт... шалдығу

Ғ)Мәтінді оқып шығыңыз.

Диабет(лат. diabetes mellitus) бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Халық арасында «сусамыр» деп те аталады. Қантты диабет – көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады.Диабеттің пайда болуына тамақты көп ішу, тамақта көмірсулар мен майлардың тым көп мөлшерде болуы, тәтті тағамдарды көп жеу себеп болады. Аурудың дамуына физикалық және психикалық жарақаттар: басқа, ішке тиген соққылар, қатты қорқу т.б. әсер етеді. Жұқпалы аурулар (жұқпалы гепатит, қызылша, желшешек, грипп) себеп болуы мүмкін. Оның дамуында тұқым қуалаушылық та елеулі орын алады.

Алғашқы белгілері:

  • шөлдеп тұру;

  • кіші дәреттің жиілеп, көп болуы;

  • үнемі шаршап жүру;

  • қол-аяқтың ұйып, жансыздануы;

  • үнемі қарны ашып тұру.

Асқынған диабеттің белгілері:

  • терінің қышуы;

  • алақаны мен табанының қайызғақтануы;

  • бауырының үлкеюі;

  • көздің көруінің нашарлауы;

  • жүрек соғысының баяулауы;

  • қан қысымының төмендеуі;

  • аяққа жазылмайтын созылмалы жара шығуы;

  • естен тану.

Ескерту:Кіші дәретте қанттың көбеюін арнайы жолақ қағаз (мысалы, уристикс) арқылы тексеруге болады. Егер кіші дәретке салғанда қағаз жолақтары түсін өзгертсе, онда мұнда қанттың болғаны.

Бүгінде қантты диабет ауруының қарқынды өсуі  әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының жаһандық проблемаларының біріне айналып отыр. Біздің ғаламшардың шамамен 200 миллион тұрғыны осы сырқатпен ауырады. Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының болжамына сәйкес, қант диабетімен ауыратындардың саны 2015 жылы 300 миллионға жетеді деген қауіп бар.

Диабет асқынып кетсе өте қауіпті. Диабетпен ауыратын адамдарда инсульттің даму қаупі 2-4 есеге жоғары.Сусамырдың ағзаға  тағы бір зияны бұл – нефропатия ауруына шалдықтыруы. Яғни, бүйректің жұмыс істеуін нашарлатады.  Соның салдарынан  асқынулар жиі болып, соңы қайғылы  жағдаймен аяқталып жатады. Диабеттік ретинопатия – соқырлық пен көздің көру қабілетінің нашарлауының негізгі проблемаларының бірі. Зерттеулер диабетпен ауырған адамдардың 2 пайызы 15 жылдан кейін  зағип болып қалатынын, ал науқастардың 10 пайызында көздің көруінің елеулі нашарлауы пайда болатынын дәлелдеп отыр. Нейропатия диабетпен ауыратын науқастардың  шамамен  70 пайызында кездеседі. Ол көбіне  ампутацияға алып келуі мүмкін. Яғни аяқтың, табанның және қолдың шеткері нейропатиясы болса, онда сол жерді кесуге тура келеді.

Емі.Инсулин енгізу мен диета сақтау болып табылады. Инсулин – ақуыздан жасалатын белсенді зат. Қантты диабетпен ауыратын науқастарға белгілі мөлшерде қара нан, сары май, сүзбе, қаймақ, айран, жұмыртқа, картоп, капуста, сәбіз, қызылша, сұлы, қарақұмық жармасын, күріш беруге рұқсат етіледі. Етті балықпен алмастырып отыруға болады.

Коммуникативті компетенциябойынша

Д) Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап ала алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

Е) Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.

Ж) Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп, толықтыратын үзінділерді табыңыз.

  • Диабет бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт.

  • Диабеттің белгілері.

  • Диабет асқынып кетсе өте қауіпті.

З) Қалып қойған сөздерді жазып, өзіңізді тексеріңіз.

  • Диабет бұл қанда қант _____ көбейіп кетуінен _____ дерт.

  • Аурудың ______ физикалық және психикалық жарақаттар: басқа, ішке тиген соққылар, _____ қорқу т.б. әсер етеді.

  • Бұдан әрі науқасқа қантты ______ дәрі-дәрмектер тағайындау қажет.

  • Сусамыр бүйректің жұмыс істеуін _____ .

  • Оның _____ тұқым қуалаушылық та елеулі орын алады.

  • Зерттеулер диабетпен ______ адамдардың 2 пайызы 15 жылдан кейін_____ болып қалатынын көрсетеді.

  • Асқынған диабеттің белгілері: терінің ______, қайызғақтануы, _____ үлкеюі, аяққа жазылмайтын созылмалы шығуы.

И) Екі бағанды мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.

Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының болжамына сәйкес,

яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады.

Аурудың дамуына физикалық және психикалық жарақаттар:

жұмыртқа, картоп, капуста, сәбіз, қызылша, сұлы, қарақұмық жармасын, күріш беруге рұқсат етіледі.

Қантты диабет – көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының бұзылуы,

көру қабілетінің нашарлауының негізгі проблемаларының бірі.

Диабеттік ретинопатия – соқырлық пен көздің

басқа, ішке тиген соққылар, қатты қорқу т.б. әсер етеді.

Қантты диабетпен ауыратын науқастарға белгілі мөлшерде қара нан, сары май, сүзбе, қаймақ, айран,

қант диабетімен ауыратындардың саны 2015 жылы 300 миллионға жетеді деген қауіп бар.