Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

3. Міндеті:

- болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктігін арттыру;

-студентке оқып, үйренуге өз әрекетінің жемісті екендігін сезінетін жағдай жасау;

-студенттер арасында ашық, еркін, шығармашылық қатынас орнату;

-практикалық жолмен дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.

4. Негізгі ұғымдар:

- Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі туралы мәлімет

- Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасының мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

5.Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-5 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (40-45 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

-Мәтін бойынша жұмыс (50-55 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

-Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (20-40 минут).

-Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут).

6. Өткізу түрі: Тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың эдіс- тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма

8. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі туралы мәлімет

9. Тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтінді оқу. Түсінгенін айту.

Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы

Осы Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы(бұдан әрі – Тұжырымдама)Мемлекет Басшысыныңтапсырмаларына сәйкес әзірленді(2008 жылғы мамыр, қазан).

Халықтың дамуы, нығаюы мен өсіп-өркендеуінің ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары 1997 жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясымен бекітілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында 2004 жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) қабылданды. Іске асырылатын Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2008 жылы денсаулық сақтау саласының ұзақ мерзімге арналған үлгісін қалыптастыру көзделді.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің (ТМККК) медициналық қызметтерін орталықтандырылған мемлекеттік төлеушіні денсаулық сақтау жүйесіне кезең-кезеңмен енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1213 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында қарастырылған болатын. Азаматтардың медициналық ұйым мен дәрігерді ерікті түрде таңдау, сондай-ақ сапалы және уақтылы медициналық көмек алуға құқығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде айқындалған.

Тұжырымдаманы құру халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған денсаулық сақтау саласын жүйелі өзгерту қажеттілігінен туындады.

2-тапсырма. Төмендегі мәтіннің орысша баламасын жазыңыздар. Өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.