Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Айт мейрамы

Айт мейрамы қазақ халқы үшін қасиетті мейрамдардың бірі болып саналады. Мейрамда халық отыз күн ораза ұстап, үш күн бойы Айыт мейрамын тойлайды. Айт мерекесінде адамдар бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Бұл бұрыннан келе жатқан Мұсылман халықтарының салттарына жатады.

Сол сияқты христиан халқында да діни мейрам бар. Бұл – Пасха деп аталады.

б) мәтінді аударып, мәтінге жоспар құрыңыз.

1-тапсырма. Қарамен жазылған сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтыңыздар. Орыс тіліне аударыңыздар.

1.Нысапсызға не керек істің ақ пен қарасы. (А.) 2. Абай бұл арада үлкен түйін түйілгенін білді. (М.Ә.) 3. Аспан қою бұлттан айығып, таң белгі бере бастады (С.Б.) 4. Науқасынан тез айығып кете алмады. (С.Қ.)

2-тапсырма.Төмендегі мысалдарда қалың, бас, қисық, суық, жылы, ауыр деген сөздердің қандай мағынаны білдіретінін айтыңыздар. Орыс тіліне аударыңыздар.

1.Қалың дәптер, қалың қар, қалың шөп, қалың тұман, қалың жылқы, қалың жаңбыр, қалың киім. 2. Малдың басы, таудың басы, өзеннің басы, жиналыстың басы, жұмыс басы. 3. Қисық ағаш, қисық мінез. 4. Суық күн, суық сөз, суық хабар. 5. Жылы су, жылы сөз. 6. Ауыр тас, ауыр жұмыс, ауыр сөз, мінезі ауыр.

3-тапсырма. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыздар, онда әр сөз кемінде екі түрлі мағынада қолданылатын болсын.

Ағаш, темір, саңырау, алыс, жол, ойыншық, бұлақ, көз, ащы, тәтті, қол, жал, жар, қабақ, жаға, тұнық, жалын, ұшқын, жеу, қақпақ, қармақ, аю, қасқыр, түлкі, бұлт, күн.

4-тапсырма. Қарамен терілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп айтқанда, мағыналарында қандай өзгеріс болатынын түсіндіріңіздер.

Қоңыр (сиыр, жіп, дауыс, салқын, күз, қаз, жел, аю, тарту); қара (қарындаш, сөз, жүрек, тер, дауыл, су, көлеңке); қалың (киім, жұрт, қамыс, бет); жуан (жіп, кісі, ауыл, сіңірлі); жылы (су, сөз, киім, өң); суық (су, сөз, хабар, өң); сары (май, маса, уайым, уыз, қотыр, қарын, ауыз, бауыр, балақ, аяқ, су); бет (әжімі, моншақ, алды, перде, бұрыс, алыс, ашылу, бақтырмау, ашар, қайту, орамал); арам (шөп, тамақ, тер, ойлы, ас); адал (ас, адам, жүрек, кәсіп, құс, ойлы, тілек, сөз, дос).

5-тапсырма. Қара мен терілген сөздердің тура я ауыспалы мағынада қолданылып тұрғандығын ажыратып, егер ауыспалы мағынада қолданылса, оның тура мағынасын өздеріңіз ойлап табыңыздар.

I. 1. Қалың қызыл матадан жасалған сахна шымылдығы шам сәулесін өзіне тартып алып, оны өз түсімен бояп, кең залды ал қызыл нұрмен толқытады. (М.И) 2. Қайрақбайдың «әне!»- деген жағына қарасақ, дауыл көтерген сияқтанып қалың шаң көрінеді. 3. Даусы бұрынғыдан қалыңдаған сияқты. (С.М) 4. Пар айдап жатқандарға өзің бас-көз бол. ( Б.М) 5.Қағазыңыз мықты екен, Боқа . 6. Бірақ ісіне мықты бол, шырақ. 7. Ол жағын сұрай көрме, ағатай, ішіме мықтап түйгем. 8. Осы денедегі есіл қайрат көзі ашық адамға бітсе, тау қопарар еді. 9. Өмірдің бетінде қалқып жүрген сияқтымын. 10. Көруге бар, ұстауға жоқ сағым болдың, Ардақ. 11. Солар менің оқитын, сенімен әнгімелесетін қымбатты уақыттарымды да ұрлап жатыр, Ардақ. 12. Тек алысқа шап, Ермек Борантаевич.(Ғ.Мұст.)

II. 1. Осы ашудың әлегімен Раушанның өтінішіне саңырау болды. 2. Қожар беттің ашумен таяғын сындырып алғаны былайғылардың күлкісін келтірді. 3. Осы жаманмен біраз күн өмір өткіздің ғой. (Б.М) 4. Айнала қарап тұрғанында, жердің семіз қара топырағы жасыл ала шөптен көрінбейді. 5. Енді торғындай майда ескектің жібектей жұмсақ гүлден алған жас демі балбыраған денені сергітіп тастады (С.С) 6. Осы өлең аса бір аяулы шағымның белгісіндей маған әлі ыстық.(Т.Ақт) 7.Қол ұшы тиесі, не үзіліп кетердей, не өзі әлі істемеген соншалықты ыстық үн төгіп жіберердей. (С.Шайм) 8. Сендер болсаң мынау, осындайда дұрыстап қол ұшын да бермейсіңдер. 9. Тамағына әлдене тұрып қалғандай, сөзі шорт- шортүзіліп, үні бітті.(М.И)

  1. Бақылау

  1. Қандай мейрамдарды білесіздер?

  2. ҚР тәуелсіздігін қашан алды?

  3. Тәуелсіздік алу жолында қандай қиындықтар болды?

  4. 16 желтоқсанда құрбан болған жастар туралы не білесіздер?

  5. 22-наурыз халықаралық наурыз мейрамы туралы не білесіздер?

  6. Наурыз сөзі қазақ тіліне қай тілден енген?

  7. Наурыз мейрамының ерекшелігі қандай?

  8. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қашаннан бастап тойланады?

  9. Астана күні болып қай күн белгіленді?

  10. Астана бұрын қалай аталған?

  11. Айт мейрамы туралы не білесіз?

  12. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

  13. Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?

  14. Сөздің тура және ауыспалы мағыналарына мысал келтіріңіздер.