Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тақырып бойынша тапсырмалар

3. Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтінді оқып шығыңыз.

4. Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Кох таяқшасы, туберкулез микобактериясы енгенде,сәл иіліп келген таяқшалар, денесі шынықпаған,аурушаң адам, салмақ жоғалту, қан аралас қақырық, уақытылы емделу, тез арада.

5. Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.

төмпешік – бугорок, кочка

алаңдау – тревожиться

6. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің синонимдік қатарын есте сақтаңыз.

ену – кіру

үнемі – ылғи – ұдайы

мекендеу – тұрақтану – түрі

уақытылы – уақытымен–мезгілмен–дер кезінде

мүгедек – кемтар

туберкулезге шалдыққан – туберкулезбен ауырған

дәрігердің белгіленуімен – дәрігердің тағайындауымен

тез арада – жылдам – шапшаң

7. Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

8. Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығына қорытынды жасаңыз.

9. Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп, толықтыратын үзінділерді табыңыз.

  • Туберкулез – жұқпалы ауру.

  • Туберкулездің белгілері.

  • Туберкулезге қарсы санитарлық шаралар.

10. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті септік жалғауын жалғаңыз.

  • Инфекция жұқтырғандар... бәрі бірдей ауырмайды.

  • Туберкулезбен ауырған адам... дене қызуы 37,4-37,6 градус... жоғары болады.

  • Ағза... енген туберкулез таяқшасы өкпе... мекендейді.

  • Туберкулез... ашық формасымен ауыратындар өзгелер... өте қауіпті.

  • Адам ауырмаса да дәрігер... барып тексерілегені дұрыс.

  • Туберкулез... сақтану үшін оның алдын алу керек.

  • Бұл – туберкулез... қарсы егу болып табылады.

  • Емдеу... ең негізгі түрі – емдік дәрілер... дұрыс пайдалану.

  • Қазіргі уақытта бұл ауру ... емдеп жазуға болады.

Тақырыпты меңгергеннен кейінгі тапсырмалар

11. Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

  • Туберкулез латын тілінде tuberculum – төмпешік дегенді білдіреді.

  • Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны француз ғалымы Л. Пастер ашты.

  • Қазақтар бұл ауруды «құрт ауруы» деп атаған.

  • Ауру ауа-тамшы жолымен науқастар түшкіргенде, жөтелгенде беріледі.

  • Туберкулездің белгілеріне мыналар жатады: құсу, аяқ-қолы тырысу, естен тану.

  • Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырады.

  • Егер уақытылы емделмесе, мұндай аурудың 50 пайызына жуығы 5 жыл ішінде өліп қалу мүмкін.

  • Туберкулездің ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады.

  • Жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды.

  • Қазіргі кезде туберкулезге қарсы қабылданатын аса күшті дәрілер жоқ.

12. Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды,

адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады.

Науқас жататын бөлменің еденін хлорамин

оған туберкулезге қарсы қолданылатын арнайы дәрі-дәрмектермен ем жүргізіледі.

Тамақтану мәселесіне үлкен мән беру қажет: уақтысында құнарлы, витаминдерге бай азық түліктерді пайдалану керек,

қазақтар «құрт ауруы» немесе «көксау» деп атаған созылмалы жұқпалы ауру.

Денесі шынықпаған, аурушаң, үнемі аш жүретін, дұрыс тамақтанбайтын

5-10 пайызы ғана ауруы мүмкін.

Туберкулез латын тілінде tuberculum– төмпешік дегенді білдіреді,

ұйқы мен серуендеу, зиянды әдеттер – ішімдік пен темекі пайдаланбау арқылы ағзаның сырқатқа қарсыласу күшін нығайтуға болады.

Науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылып,

ерітіндісі қосылған сумен жуып, шаңын дымқыл шүберекпен сүртіп тұру керек.