Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Қазақ тілі кафедрасы

Қазақ тілі пәні бойынша, коды – KRYa 1104

Мамандығы – 5В130100 Жалпы медицина

Құрастырушылар: доценттер Доскеева Б.Ж., Дәрменқұлова Р.Н.

2012 ж.

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

1

Тақырыбы: Адам деген ардақты ат

Үндестік заңы

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

  1. Тақырыбы: Адам деген ардақты ат

Үндестік заңы

2. Мақсаты:

  • адам ағзасы туралы мағлұмат беру;

  • адам ағзасы туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

  • адам ағзасы туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

  • түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

  • үндестік заңы туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

  • өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Адам ағзасы туралы.

2.«Адам деген – ардақты ат» мәтініндекездесетін кейбір сөз тіркестерінің мәні туралы.

3. «Адам деген – ардақты ат» мәтінін әңгімелеудегі тілдік оралымдар.

ә) грамматикалық материал бойынша

Үндестік заңы туралы туралы түсінік.

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

  • Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).

  • Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 5-8 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 6-13

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату.

8. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук,адам ағзасының суреті, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкаларды пайдалану.

9. Тапсырмалар:

А) Мәтінді оқыңыз.

Адам деген – ардақты ат, қазақ халқы оны ежелден қастерлеп, табиғаттың ерекше сыйы деп бағалайды және кім деген сұрақ тек адамға ғана қойылады.

Адамның ағзасындағы әрбір мүше белгілі бір қызмет атқарады. Дене мүшелері атқаратын қызметіне қарай бірнеше мүшелерден бірігіп, жүйе құрайды.

Қан айналу жүйесіденедегі барлық мүшелерге оттегі мен қоректік заттарды жеткізіп тұрады.

Тыныс алу жүйесімүшелеріне мұрын, көмей, кеңірдек, өкпе, бронхылар жатады. Ағзаның оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп отыруы осы тыныс алу жүйесінде өтеді.

Ас қорыту жүйесіауыз қуысынан басталады. Ас жұтқыншақ арқылы өңешке, одан асқазанға түсіп, ас қорыту бездерінің әсерінен ішек-қарын жолында қорытылады.

Зәр шығаружүйесімүшелеріне қос бүйрек, несепағар, қуық жатады. Бүйректе қан тазартылады, несеп түзіледі.

Жүйке жүйесіми мен жұлыннан тұрады. Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Тірек-қимыл жүйесіқаңқа мен бұлшық еттен тұрады. Қаңқа – денедегі әр түрлі сүйектерден құралған мықты тірек. Сүйектерге бұлшық ет бекиді. Адам бұлшық еттің көмегімен жүреді, жүгіреді, әр түрлі қимылдар жасайды.

Адам ағзасындағы сезім мүшелерінің де қызметі ерекше. Сезім мүшелеріне көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу, тепе-теңдікті сезу жатады. Ағзадағы барлық жүйелер арасында әр түрлі жолдар мен өзектер арқылы үздіксіз кең көлемде мәлімет алмасу жүріп жатады. Бұл мәліметтер қан, лимфа және гормон арқылы жүреді.

Адамның тіршілік әрекеттері жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп отырады. Өйткені дамудың әрбір сатысында өзіндік физиологиялық көрсеткіштер қалыптасады. Адам өмірі құрсақта даму, балалық шақ және ересек жас болып үш сатыға бөлінеді.

I.Құрсақтағы 2 айға жуық ұрықтық даму (эмбриогенез) және 2 айдан 9 айға дейін нәрестелік даму (фетогенез) кезеңдерінен тұрады.

II.Балалық шақ(құрсақтан тыс даму) бірнеше кезеңнен өтеді:

  • Жаңа туған (неонаталдық) кезең – туған күннен 4 аптаға дейін, бала қырқынан шыққанша созылады. Бұл кезеңде ағза сыртқы ортаның жаңа жағдайларына икемделеді.

  • Бөбектік шақ – бөбек өмірінің 1-жылы;

  • Сәбилік шақ – 1-3 жас аралығы;

  • Бүлдіршін шақ: 4-7 жас аралығы;

  • Естияр шақ: ұлдарда – 8-12 жас аралығы, қыздарда – 8-11-ге дейінгі жас аралығы;

  • Жеткіншектік – балиғаттық шақ: ұлдарда 13-16 жас аралығы, қыздарда 12-15 жас аралығы;

  • Жас өспірімдік шақ: (бозбала)жігіттерде 17-21 жас аралығы, (бойжеткен)қыздарда – 16-20 жасқа дейін.

III.Ересек жас бірнеше кезеңнен құралады:

  • Кәмелеттік кезең: ерлерде 22-35 жас аралығы, әйелдерде 21-35 жасқа дейін. Бұл кезеңде адамның өсуі тоқтайды, ағзаның құрылымы мен қызметі толық қалыптасады, іс-әрекеті белсенді және тиянақты болады.

  • Кемел шақ: ерлерде 36-60 жас аралығы, әйелдерде 36-55 жасқа дейін. Бұл кезде олардың жүйке және эндокриндік жүйелері өзгеріп, қайта қалыптасады, тіршілік әрекеттерінде айтарлықтай өзгерістер болады.

  • Егделік кезең: ерлерде 61-74 жасқа дейін, ал әйелдерде 55-74 жасқа дейін. Бұл кезеңде ағза тез қартаяды. Сондықтан олар осы кезеңдерінде кездесетін ауруларға жиі шалдығады.

  • Кәрілік кезең ерлер мен әйелдер 75-тен асқаннан кейін басталады. Ағза тоза бастайды, негізгі тіршілік әрекеттері күрт төмендейді.

  • Ұзақ өмір сүрушілер 91 жастан асқан адамдар.

Ә) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Ардақты ат, қастерлеу, табиғаттың ерекше сыйы, атқаратын қызметіне қарай, бірнеше мүшелерден бірігу, жүйе,оттегін сіңіру, әр түрлі сүйектерден құралған, ас қорыту бездерінің әсері, мүшелердің жұмысын реттеу, тепе-теңдікті сезу, ағзаның біртұтастығы, тіршілік әрекеттері, дамудың әрбір сатысы,қырқынан шыққанша, сыртқы орта, қалыптасу, тозу, қартаю, физиологиялық көрсеткіштер, ұзақ өмір сүрушілер, күрт төмендеу.

Б) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.

ағза – организм

құрсақ қуысы – брюшная полость

оттегі – кислород

бұлшық ет – мышцы

жұтқыншақ – глотка

өңеш – пищевод

кеңірдек – трахея

зәр, несеп – моча

несепағар – мочеточник

қуық – мочевой пузырь

без – желез

өзек – проток, серцевина

икемделу – приспособиться

кәмелеттік – cовершеннолетний; зрелый

естияр – повзрослевший

күрт – внезапно; резко

В) Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап ала алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

Г) Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.

Д) Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп толықтыратын үзінділерді табыңыз.

  • Дене мүшелері атқаратын қызметіне қарай бірнеше мүшелерден бірігіп, жүйе құрайды.

  • Қаңқа – денедегі әр түрлі сүйектерден құралған мықты тірек.

  • Адам өмірі құрсақта даму, балалық шақ және ересек жас болып үш сатыға бөлінеді.

  • Балалық шақ бірнеше кезеңнен өтеді.

  • Ересек жасбірнеше кезеңнен құралады.

  • Адам ағзасындағы сезім мүшелерінің қызметі ерекше.

Е)Төмендегі етістіктердің қайсысы мәтінде кездеспейді?

Қалану, қастерлеу, ренжу, енгізу, түзілу, тыңдау, сезу, ауырмау, есту, төмендеу, алмасу, айғақтау, ренжу, самғау, қалыптасу, қартаю, жабдықталу, қорытылу, кездесу, сақталу, өзгеру, күшею, қамтамасыз ету, хабарлау.

Ж) Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай керекті қосымшаларды қойыңыз.

Ежел... қастерлеу

Табиғат... сыйы

Ұрық... даму

Қырқы... шығару

Жаңа жағдай... икемделу

91 жас... асқан адам

Ас қорыту бездері... әсері

Өзін... көрсеткіштер

Оттегі... сіңіру

Сүйектер... құралған

Мүшелердің жұмысы... реттеу

Ағза... құрылым

З) «Даму» етістігімен тіркесетін сөздерді көрсетіңіз және солармен сөйлем құрастырыңыз.

Үндестік заңы

Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен-бірі үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтылып тұрады. Мысалы: балалар (балалер емес), үйлер (үйлар емес), ауылға (ауылге емес), көшеде (көшеда емес), т.б.

Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңғы дыбысының сипатына қарай бейімделіп жалғанады: мектепте (мектепде емес), үйге (үйке емес), жазда (жазта емес), т.б.

Сөйтіп, сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.

Үндестік заңы екі түрлі: а) буын үндестігі; ә) дыбыс үндестігі.

Буын үндестігі

Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингармонизм) деп атаймыз.

Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, ана, бақыт, баға, сана, намыс, егіз, өріс, төсек, кереге, кілем, т.б.

Дыбыс үндестігі

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы: қаздар (қазтар емес), есептер (есепдер емес), әкеге (әкеке емес), мектебі (мектепі емес), қасығы (қасықы емес).