Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

10. Бақылау (жағдаяттық тапсырма және т.Б.)

Дәрігердің міндеттері мен құқықтары туралы және Қазақстан Республикасының дәрігер анты туралы мағлұмат беру және мазмұнын жүйелі баяндап, топпен бірге қалайша талқылар едіңіздер.

Тест тапсырмалары:

1. Сөйлемді аяқтаңыз.

Науқастың денсаулығы ... .

а) ұлғайды

ә) көтерілді

б) араласты

в) түзелді

г) терледі

2. Адамның мінезіне байланысты жағымсыз қасиетін көрсетіңіз.

а) іскер

ә) жауапты

б) ақкөңіл

в) ұқыпты

г) арам

3. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

Науқастың кеудесі ... ауырады.

а) бүлкілдеп

ә) шаншып

б) айғайлап

в) сырқырап

г) тұншығып

4. Сөйлемді аяқтаңыз.

Науқастың терісі ... .

а) естиді

ә) түлейді

б) шыңылдайды

в) табылады

г) естіледі

5. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңыз.

Ас – адам... арқауы.

а) -ның

ә) -дің

б) -тың

в) -тің

г) -нің

6. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) қабынуы қарсы

ә) әсер етеді

б) мүшелерді арқылы

в) дәріні дайындалады

г) емхана айтты

7. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) біз шаршайды

ә) жүйкесі тозады

б) ашуаншақ байқалады

в) дәріхананың сатылу

г) әкесін қайтты

8.Сөйлемді аяқтаңыз.

Науқас қатты ауырған соң, .... .

а) киімін киді

ә) сабақ оқыды

б) сөйлем аударды

в) еден жуу керек

г) дәрігер шақырды

9. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

а) аласа-төмен

ә) ауыр-жеңіл

б) кең-мол

в) кір-лас

г) денсаулық-байлық

10. Қазақтың ұлттық ойындарын көрсетіңіз.

а) алтыбақан

ә) қымыз

б) төбелес

в) доп ойнау

г) мазмұндама

11. Әдебиеттер:

1. «Егемен Қазақстан» газеті. 2011 жыл. 5 б.

2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Дәрігерлік этика

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

1.Сабақтың тақырыбы: Дәрігерлік этика.

2. Мақсаты:

-Дәрігерләк этика туралы мағлұмат беру;

-Дәрігерлік этика туралы мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

-мәтінде кездесетін жаңа сқздердің мағнасын түсіндіру;

-түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

-себеп-салдар күшейткіш үстеулердің қолданылуын практикалық жолмен меңгерту;

-оз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

- өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру.-жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту

3. Міндеті:

- болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктігін арттыру;

-студентке оқып, үйренуге өз әрекетінің жемісті екендігін сезінетін жағдай жасау;

-студенттер арасында ашық, еркін, шығармашылық қатынас орнату;

-практикалық жолмен дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а ) лексикалық материал бойынша:

1. Дәрігер үшін өте маңызды нәрсе;

2. Дәрігерлік деонтологияға дәрігерлік құпияны сақтау қажеттілігі;

3. Дәрігердің сырқат адаммен тіл табысып, сөйлесе алуы;

4. Дәрігермен сырқаттың қарым-қатынасы;

5. Дәрігердің парызы мен міндеттері, білімділігі;

ә) грамматикалық тақырып бойынша:

1.Себеп-салдар, күшейткіш үстеулерінің жасалу жолдары;

2. Үстеулердің атқаратын қызметі;

3.Себеп-салдар, күшейткіш үстеулерінің қолданылу ерекшеліктері.

5.Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45-48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

-Мәтін бойынша жұмыс (60-65 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

-Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30 минут).

-Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут).

6. Өткізу түрі: Тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың эдіс- тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма тесттік бақылау.

8. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск.

9. Тапсырмалар

А) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестердің мағынасын түсіндіру немесе синонимдік қатарын көрсету.

Сырқат, этика, дионтология, дәрігерлік құпия, сырқаттың интелекті, еркін ұстау, аурудың психикасы, дәрігердің міндеті, дәрігердің парызы, сырқаттың көңіл-күйі.

Ә) Тапсырмалар:

1-тапсырма. Берілген үстеулерді пайдаланып, сөйлем құраңыз.

Амалсыздан, құр, босқа, әбден, бекерге, тым, аса, өте, өңкей, өңшең, мүлдем, лажсыздан.

2-тапсырма. Күшейткіш үстеулерін қолданып, сөйлем құраңыз.

Кілең, әбден, бекер, тым, аса, өңкей, мүлдем, орасан, нақ, нағыз, ең.

3-тапсырма.Көп нүктенің орнына қажетті себеп-салдар, күшейткіш үстеулерін қойыңыз.

1. Сіз бұл жерге ... келіпсіз. 2. Анар ... көнді. 3. Жол ... ұзақ екен. 4. Ол мен үшін ... қымбат. 5. Басқа дәрігерлерге барғанда ол ... қымбат. (бекер, тым, аса, амалсыздан, өте).

Б) Мәтінді оқу. Түсінгенін айту.