Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

1. Тақырыбы: Жұқпалы аурулар. Балалардың жұқпалы аурулары.

Сан есім, түрлері.

2. Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру. Сан есімді орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту, өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

3. Міндеті: Мәтіндегі медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

Когнитивті – білім компетенциясы: Сан есім туралы түсінік беру, түрлері мен жасалу жолдарына мысалдар келтіру арқылы сөйлем құрастыра білуге үйрету, мәтіндегі медициналық жаңа атауларды меңгерту

Операционалды – дағды компетенциясы: мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құратуға, мәтінді өз сөзімен мазмұндауға дағдыландыру.

Коммуникативті компетенция: топтасып жұмыс істеу барысында өз ойын еркін жеткізуге баулу, шығармашылық қатынас орнату.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: балалардың жұқпалы аурулары мен жұқпалы аурулар бойынша сұхбат құрастырып, қазақша кәсіби тілін дамыту, осы арқылы сөздік қорын байыту.

4.Негізгі ұғымдар: ағзаның жалпы күйі, қоздырғыш микробтардың мөлшері, жасырын кезеңі, даму кезеңі, айығу кезеңі, микроорганизмдердің енуі, ағзаның жағдайы, өкпе қабыну, тыныс алу жүйесі.

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

Студенттің білімін бақылау (10 мин.)

Студенттің білімін бағалау (5 мин. )

6.Өткізу түрі: Аралас сабақ

7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас, шығармашылық.

8.Көрнекі құралдар: Жұқпалы және балалардың жұқпалы ауруларына арналған кесте, сан есім, түрлері жазылған кесте, үлестірмелі парақшалар, сызбалар, бүктемелер.

9.Тапсырмалар Сан есім, түрлері

Сан есім заттың санын, ретін білдіреді. Сұрақтары: неше? қанша? нешінші? нешеу?

Сан есім мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді.

  1. Есептік сан есім

  2. Реттік сан есім

  3. Жинақтық сан есім

  4. Болжалдық сан есім

  5. Топтау сан есім

  6. Бөлшектік сан есім

Жаттығу жұмыстары

1-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, сөйлемдерді жазып алыңыз.Сан есімнің түрлерін ажыратыңыз.

1.Бүйрек тасы ауру... (нефролитиаз) – көп тараған кеселдер... бірі. 2. Ауру, әсіресе 20-50 жас аралығы... жиі кездеседі. 3. Ол көбіне оң жақ бүйрек... болады, ал екі бүйректе кездесу... 15-20%. 4. Бүйректің тас аурулары... табиғаты осы күн... дейін толық анықталмаған.

2-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қазақ тіліне аударыңыз. Сөйлемдерден сан есімдерді табыңыз.

1. Первые попытки переливания крови человеку от животных были сделаны в ХVІІ веке. 2. Миллиарды микроорганизмов живут на коже и слизистых оболочках ротовой полости, кишечниках, дыхательных путей. 3. Еще древние врачи знали, что настой из листьев камфорного дерева стимулирует кровообращение и дыхание.

3- жаттығу. Берілген сан есімдерге сөйлем құрастырып, жазыңыз. Сұрақ қойыңыз.

Оныншы, алтау, бес-бестен, қырық шақты, мың, екі жүз, жүздеген, оннан бірі.