Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Қазақтың ұлттық мейрамдары (Наурыз, Құрбан айт, Тәуелсіздік күні т.Б.)

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін жеке дербес ел болды. Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері қайта түледі, қазақ тілі мемлекеттік тіл болды, ұлттық мейрамдары да қайта оралды. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ресми мейрамдарына:

  • 16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні;

  • 1 қаңтар – Жаңа жыл мерекесі;

  • 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер мейрамы;

  • 22 наурыз – Халықаралық Наурыз мейрамы;

  • 1 мамыр – Ынтымақтастық күні;

  • 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні;

  • 6 шілде – Астана күні;

  • 30 тамыз – Конституция күні жатады.

Тәуелсіздік күні

1986 жылы 16-17 желтоқсанда дүниені дүр сілкіндірген оқиға болды. Ол еркіндік пен теңдікті талап еткен жас жігіттер мен қыздардың бас көтеруі еді. Империялық үстемдікке қарсы бетпе-бет келіп, наразылық көрсетудің айқын көрінісі еді. Қазақ жастарының үстемдікке бас көтеруі мен қозғалысының дүмпуі алып держава – КСРО-ның ыдырауына әкеліп соқты. 1991 жылы 16 желтоқсанда ғана қазақ елі көптен аңсаған арманына жетті. Өз алдына тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жолында көптеген жастарымыз құрбан болды. Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззәт Асанова сияқты көптеген жастарымыз қаза тапты.

Халықаралық Наурыз мейрамы

Наурыз атауы қазақ халқына парсы тілінен келіп сіңген, ноу-«жаңа», руз-«күн» деген сөз. Бұл қазақ ұғымында жыл басы, жыл тойы деген мағына береді. Наурыз мейрамы күн мен түннің теңеліп, көктем күш алып, күн нұры ерекше төгілетін, жер ана жасыл желекке малынып, адам да, табиғат та жаңғырып жаңаратын ғаламат жарқын күн. Наурыз мейрамында ұлттық салт-дәстүріміз бен ойын-сауығымыздың бәрі тегіс қамтылып, зор ықыласпен тойланып, үлкен мерекелік салтанаттар өткізіледі. Наурыз мейрамында әр адам өзіне, отбасы немесе жақын туыстарына туған-туыстары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілектер тілейді. Наурыз мерекесіне ғана тән көпшілікке арналған тағам - Наурыз көже дайындалады. Оның ішіне 7 түрлі тағам қосылады. Наурыз көже мерекемен құттықтап келгендерге ерекше ықыласпен ұсынылады. Бұл мереке барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні

1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі күллі еркектер бұл күні әйелдерге ерекше көңіл бөледі. Ежелгі римдіктер көктемнің алғашқы айын әйелдер мейрамы деп таңдап алған. Бұл күні әйелдер сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре болып жатады. Мереке күні әр жерде демалыс жарияланып келеді.

Бұл мереке тарих сахнасына әйелдер құқығы үшін күресу күні ретінде шыққан еді.

Астана күні

Республика Президентінің Жарлығымен және Парламенттің қаулысымен 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.Кейін Ақмола қаласы Астана атанды.

Бүгінде Тәуелсіздігіміздің Перзенті – Астана қаласы күннен –күнге көркейіп, құлпырып келеді. Оны қазір барша жұрт қызыға тамашалауда. Халқымыз бүгінде онымен мақтанатын болды.

Ал еліміздің тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың туған күні 6-шілде – Астана күні аталатын болды.