Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабақтарға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

4

Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі.

Тұрақты сөз тіркестері

2013 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы:Ас қорыту жүйесі.

Тұрақты сөз тіркестері.

2. Мақсаты:

  • Ас қорыту жүйесітуралы мағлұмат беру;

  • Ас қорыту жүйесітуралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

  • Ас қорыту жүйесітуралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

  • Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

  • Тұрақты сөз тіркестері туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

  • Өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Ас қорыту жүйесітуралы.

2. Ас қорыту жүйесітуралыәңгімелеудегі тілдік оралымдар.

ә) грамматикалық материал бойынша

Тұрақты сөз тіркестері туралы түсінік.

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

  • Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).

  • Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 25-28беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 20-26 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, пікірталас,салыстыру, аударма жұмысын жасату.

8. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук, ас қорыту жүйесінің суретін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкаларды пайдалану.

9. Тапсырмалар:

А) Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.

ұйқы безі – поджелудочная железа

өзек – проток

он екі елі ішек двенацатиперстная кишка

қоймалжың полужидкий

ыдырау расщепление; распад

тоқ ішек толстая кишка

аш ішек тонкая кишка

тік ішек прямая кишка

кенеулі питательный

қоймалжың– густой, не жидкий

Ә) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Түссіз, асқазан сөлі, жұтқыншақ арқылы өңешке өту, қорытылу, уақ, сіңірілу, біртіндеп, зарарсыздандыру, сарғыш-жасыл түсті, қоймалжың ас ботқасы, қыл тамырлар арқылы, ағзадағы улы заттар, кенеулі заттар, кенеулі заттардың ерітіндісі, қорытылмаған заттар, қалдық заттар.

Б) Мәтінді оқыңыз.

Ас қорытуөте күрделі үрдіс. Ол ас қорыту жолынан және бездерден құралады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан немесе қарын, он екі елі ішек, аш ішек, тоқ ішек – бұлар ас қорыту жолы болып табылады.

Ас ауыз қуысынан жұтқыншақ арқылы өңешке өтеді, одан соң асқазанға түседі.Жұтқыншақ ұзындығы 11-13 см бұлшық етті мүше, онда ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып өңешке өтеді.Өңеш ас қорыту жолының бір бөлігі. Ересек адамның өңешінің ұзындығы 25-30 см.

Асқазан сол қабырға астында орналасқан толық бұлшық етті ағза. Оның кардиальды тесігі XI кеуделік омыртқа деңгейінде орналасқан. Кіреберіс тесігі I бел омыртқаның деңгейінде, омыртқа бағанасының оң жағында орналасқан. Асқазан қабылдаған тағам үшін резервуар болып табылады, сонымен қатар сол тағамды химиялық қорытылуына әсер етеді. Осыған қоса, биологиялық белсенді заттардың секрециясы мен сіңіру қызметін атқарады. Ересек адамның асқазанының сыйымдылығы 1,5 литрдей. Асқазанның шырышты қабығының бездері асқазан сөлін бөліп шығарады. Адамның асқазан сөлі түссіз болады. Асқазанда ас 4-8 сағаттай болып асқазан сөлінің әсерінен қорытылады. Қоймалжың ас бұдан кейін ас қорыту жүйесінің келесі бөлімі – аш ішекке біртіндеп өтіп отырады да, ең соңғы қорытылуға түседі. Бұл қорытылу аш ішектің ұсақ көп бездерінен бөлінетін сөлдің әсерімен болады. Аш ішектегі қорытылған кенеулі заттардың ерітіндісі қыл тамырлар арқылы қанға өтеді, майдың ерітінділері негізінен, лимфаға сіңіріледі. Сөйтіп, аш ішекте кенеулі заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға тарайды.

Он екі елі ішек немесе ұлтабар, латынша  duodénum – аш ішектің бастапқы бөлігі, ол асқазанның кіреберісімен жалғасады. Он екі ішекте астың негізгі қорытылуы аяқталады. Оның атауы сипатына сәйкес, себебі көлденең өлшемі он екі саусақ өлшеміндей. Он екі елі ішекте бауыр мен ұйқы безінің сөл шығару өзектері ашылады.

Бауыр – ас қорыту бездерінің ішіндегі ең үлкен без. Бауыр ағзадағы улы заттарды зарарсыздандырып отырады. Массасы, шамамен, 1500 г. Ол қызыл қоңыр түсті, оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасады. Бауырдан бөлінетін өт сарғыш-жасыл түсті. Өттің әсерімен май уақ тамшыларға ыдырайды. Май осындай күйде тез қорытылады.

Ұйқы безі асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан.

Аш ішек  адам ағзасындағы асқазан мен тоқ ішек арасында орналасқан ішектің бір бөлігі. Аш ішектің негізгі қызметі – қоректік заттарды сіңіру. Аш ішектің ұзындығы 7- 8 м.

Аш ішекте қорытылмаған заттар тоқ ішекке өтеді. Ол заттардағы су ішек қабырғасындағы тамырлар арқылы қанға өтеді. Тоқ ішек адам ағзасындағы ішек түтікшелерінің ең кеңейген бөлігі, ол соқыр ішек пен тік ішектен тұрады, қорытылмаған қалдық заттар тік ішекке түседі.

В)Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай септік жалғауларды қойыңыз.

бездер... құралу

ішек түтікшелері... бөлігі

жұтқыншақ... төменгі жағы

бүкіл ағза... тарау

тік ішек... түсу

осындай күй... тез қорытылу

ауыз қуысы... өту

лимфа... сіңірілу

атауы сипаты... сәйкес

аш ішек... біртіндеп өту