Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. «Қазақтың танымал қоғам қайраткерлері» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, есіңізге сақтаңыз.

тұлға-личность

төраға- председатель

ғалым-ученый

аудармашы- переводчик

құрылтай- учредительное собрание

әлеуметтік- социальный

ұлт-азаттық қозғалыс- национально- освободительное движение

көрнекті- выдающийся, видный

негізін салушы- основоположник

шығыстану- востоковедение

мұра- наследие

бағалану-оценивает

ғұлама- гений(мудрый)

марапаттау- наградить

2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөз тіркестеріне сөйлем құрастырыңыз.

Қоғамдық және мемлекеттік істер, ұлт - азаттық көтеріліс, өшпестей із қалдыру, ұйымдастырушы, тау-кен ісі саласы, орденмен марапатталу, негізін салған, теміржол құрылысы, металлогениялық болжам карталары.

3-тапсырма.Мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

Қазақтың танымал қоғам қайраткерлері

Елімізде қоғамдық және мемлекеттік істерге араласып, басшылық жасаған қайраткерлер көптеп саналады. Олардың бірі Қазақстандағы ұлт - азаттық көтеріліске және мемлекеттік істерге басшылық жасаса, енді бірі әр ғылым саласында жаңалық ашып көлемді еңбектер қалдырды. Қазақтың танымал қоғам қайраткерлеріне Ә.Бөкейханов, Т.Рысқұлов, Д.Қонаев, Қ.Сатпаев, Ә.Марғұлан т.б ірі тұлғалар жатады.

Әлихан Бөкейханов (1866-1938ж.ж) -19 ғ. соңы мен 20 ғ.басындағы қазақ зиялылары, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше, Алашорда мемлекеті мен Алаш партиясын (1917-1920ж.ж) ұйымдастырушы әрі төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. Ол 1866 жылы қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында туған.

1917жылы желтоқсанда бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш автономиясы жарияланып, Ә.Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.

Тұрар Рысқұлов(26.12.1896.-10.02.1938) - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, саясатшы, ғалым, Кеңес Үкіметі мен Компартияның Түркістандағы аса көрнекті қайраткері. 1918-37жылдар аралығында әр түрлі мемлекеттік басшылық қызмет атқарды.1926 жылдан бастап (11жыл) Тұрар Рысқұлов Қазақстан автономиялы Республика ретінде құрамына кірген Ресей Федерациясы Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары болып істеді.

Тұрар Рысқұлов - Орта Азиядағы ең бірінші Кеңес тарихшыларының бірі. Ол Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысқа, ауылдарда социализмнің орнауына, қазақ баспасөз тарихына, Түркістан-Сібір теміржол құрылысына және тағы басқа мәселелерге арнап кітаптар, ғылыми мақалалар және кітапшалар жазды. Т.Рысқұлов 10- нан астам кітаптың, тарихи және экономикалық тақырыптарға арналған 100-ден астам гаэет, журнал мақалаларының авторы. Оның редакциялауымен 7 кітап жарық көрді. 1938 жылы Т.Рысқұлов репрессия құрбаны болды.

Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев(1912-1993ж.ж.)-КСРО және КОКП Орталық Комитетінің, Кеңестік Қазақстанның аса көрнекті басшысы, академик. Қазақстанның мәдениеті мен экономикасын дамытуға ерекше үлес қосқан ұлы тұлға. Социалистік Еңбек Ері атағын үш рет алған (1972,1976,1982 ж.ж.)

1952 жылы 17 сәуірде Қазақстан ғалымдары зор сенім көрсетіп, Д.Қонаевты Қазақ КСР ҒА-ның академигі және оның президенті етіп сайлады. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д.Қонаев Ғылым академиясының дамуы жолында зор еңбек сіңірді.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964.ж.ж) - аса көрнекті ғалым, академик. Қазақстан ғылымының негізін салған. Қазақ КСР Ғылым Академиясының шаңырағын көтерген және оның тұңғыш президенті. Қ.Сәтбаев 1958 жылы Орталық Қазақстанның металлогениялық болжам карталарын жасағаны үшін ғылым саласында тұңғыш Лениндік сыйлыққа ие болды. 1963 жылы геология ғылымын дамытып, Қазақстанның қазба байлықтарын зерттеудегі еңбектері үшін төртінші рет Ленин орденімен марапатталды. Қазақта тұңғыш аспан денелеріне есімі берілген ғұлама және тұңғыш академик атағын алған ғылым адамы.

Әлкей Хақанұлы Марғұлан(1904-1985ж.ж) Ақпеті болысында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) дүниеге келді. Ол - Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары этнография, тарих, шығыстану, әдебиеттану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер. Филология ғылымдарының докторы (1945), Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ КСР ҒА академигі (1958), профессор (1960), Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері (1961).

Ә.Марғұлан 1943 жылдан Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Шу, Талас өзендері бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орындарында қазба жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан» («Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана») деген монографиялық еңбек жазды. Ол – тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер тарихынан 300-ден астам ғылыми зерттеу жұмысының, 100-ден астам энциклопедиялық мақалалардың авторы.

Академик Ә.Х.Марғұлан берілген мәліметтер бойынша 14 томдық негізгі еңбектерінен тұратын зор ғылыми мұра қалдырды. Әлкей Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі және ғылымдағы үлкен еңбегі жоғары бағаланып, ол Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды.

4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Қазақтың танымал қоғам қайраткерлерін атаңыз.

  • Әлихан Бөкейханов кім? Қайда дүниеге келген?

  • Тұрар Рысқұлов туралы не білесіз?

  • Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кім?

  • Әлкей Марғұлан кім? Оның қоғамдық қызметтері қандай?

  • Д.Қонаев қандай қоғамдық қызметтер атқарды?

5-тапсырма. Тірек сызбаны пайдаланып, мәтін құраңыз.

Студенттің білімін бақылау

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тест тапсырмалары: