Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс түрлері:

1–жаттығу. Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жазыңыз.

Жұқпалы аурулармен ауырғанда, тапсырғаннан кейін, жазған соң, дәрігер келгенше, спортпен айналыспағанда, өзгеріс болғанша.

2–жаттығу. Берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарын тауып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Медицина университетін бітірген соң, ... . 2. Тапсырманы орындап үлгергенше, ... . 3. Созылмалы аурумен ауырғанда, ... . 4. Біз дәрістен кейін, ... . 5. Анатомия мұражайына барғанда, ...

Мен бастаймын, сен аяқта” ойыны

Белгілі бір тақырыпқа байланысты сөйлемдер беріледі. Ол сөйлемдердің баяндауыштары белгісіз. Оны жалғастырып аяқтау керек.

Мысалы: “Қазақстан – егемен мемлекет” деген тақырыпқа байланысты бірнеше баяндауышы жоқ сөйлемдер айтылады.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін ... .

Қазақстан қырықтан астам елмен жан-жақты қарым-қатынас ... .

Қазақстан – дүние жүзілік халықаралық ... . т.б.

Сіз білесіз бе?

  • ЖИТС пен құтыру әлемдегі ең қауіпті аурулар деп танылған.

  • Әлемде ең көп тараған инфекциялық емес ауру – перидонтит (тіс түбі қабығының қабынуы).

  • Жер шарында ең көп тараған жұқпалы ауру- тұмау (жіті назофарингит) немесе кәдімгі суық тию.

«ЖИТС-ғасыр дерті» деген тақырыпта слайд көрсету.

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, жаттап алыңыз.

құралу-составляться

өсіп-өну-развиваться

қорғаныс қызметі-иммунитет

қолтық-подмышка

ісіну-опухание

саналу-считаться

үлкею-увеличиваться

бұғана-ключица

азаю-уменьшаться

салмақ-вес

жас-возраст

түйіндер-узлы

әлсіреу-ослабеть; лишиться сил

ресми-официально

аспап-инструмент

зерттеу-изучать; исследовать

жариялану-опубликоваться

жұғу-заразиться

қоздырғыш-возбудитель

қауіп-опасность

2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөздерге сұрақ қойыңыз. Қарамен жазылған сөз тіркестеріне құрмалас сөйлем құрастырыңыз

Ғасыр дерті, ресми түрде, иммундық қызметінің әлсіреуі, тазартылмаған аспап, мойынның арты, бұғана үсті, қолтық асты, шаптың лимфа түйіндері, өлім қаупіне апару, дәріні жасау, жасушалардың зақымдануы, толық сауықтыру, жиі кездесу, дұрыс пайдаланбау, көкбауырдың ісінуі, эпидемиялық жолмен, қауіпті ауру.

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Житс (спид) – ғасыр дерті

ЖИТС – ХХ ғасырдың аяғында пайда болған қауіпті аурулардың бірі. Ол ғасыр дерті деп саналады. ЖИТС – деген сөз орысша “Синдром приобретенного иммунодефицита” деген сөздердің бас әріптерінен құралған.

Ресми түрде бірінші рет ЖИТС ауруы туралы 1981 жылы көктемде АҚШ-та жарияланды. Кейін бұл ауру эпидемиялық жолмен Австрия, Африка, Батыс Европа елдеріне тараған.

ЖИТС (жүре пайда болатын иммунды тапшылық синдромы) – иммундық қуатының әлсіреуіне соқтыратын жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы - вирус. 1983 жылы ЖИТС вирусын француз ғалымы Монтанье және американдық ғалым Галлор зерттеп тапты. ЖИТС вирусы ретровирустар тобына, оның ішіндегі лентивирустар бөлігіне жатады.

ЖИТС қоздырғышы тек ауру адам арқылы немесе ВИЧ тасымалдаушысы арқылы жұғады. Сондай-ақ ауру қан құйғанда тазартылмаған аспаптарды қолданудан, шприцтерді дұрыс пайдаланбаудан да жұғуы мүмкін. Науқас адам ағзасында вирус қанның лимфоциті мен түйірлері пайда болатын мүшелерде өсіп-өнеді.

Аурудың алғашқы белгілері бірнеше күн немесе аптадан кейін пайда болуы мүмкін. Мойынның арты, бұғана үсті, қолтық асты, шаптың лимфа түйіндері ісініп, үлкеюі жиі кездеседі. Дене қызуы көтеріліп, бауыр, көкбауыр ісінеді, дене салмағы азаяды. 3-4 аптада лейкопения, антидене пайда болады. Аурудың жасырын кезеңі басталады. Иммунды жасушалардың зақымдануы иммундық жүйенің қорғаныс қызметінің төмендеуіне әкеледі.

ЖИТС вирусын өлтіре алатын дәріні Жапонияның «Мэйдзи Чюгио» компаниясы жасап шығарыпты. Бұл дәрі вирустың ағзада одан әрі көбеймеуіне мүмкіндік береді екен. Бірақ бұл да ЖИТС-тан толық сауықтырып жібере алмайды.

Қазір ЖИТС әйелдер мен балалар арасында да жиі таралып барады. Бұл ауру ешкімнің жасына да, ұлтына да, түр-түсіне де қарамайтын, адам баласын өлім қаупіне апаратын ғасыр дертіне айналып отыр.