Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

4. Негізгі ұғымдар:

1. Адамның кеуде қуысында орналасқан мүшелер;

2. Құрсақ қуысында мүшелер;

3. Бұлардан басқа мүшелердің адам ағзасындағы маңызы;

4. Тірек – қимыл жүйесі туралы мағлұмат;

5. Қаңқаның сүйектері жайында;

6. Бұлшық еттің қасиеті;

7. Ас қорыту жүйесінің маңызы;

8. Зәр шығару жүйесінің маңызы;

9. Қан айналу жүйеснің қызметі;

10. Тыныс алу жүйесі маңызы;

5. Сабақты өткізу жоспары:

  1. Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезені ) - 5 мин.

  2. Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.

  3. Үйге берілген жатығуларды тексеру - 20 мин

Үзіліс - 10 мин.

  1. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.

  2. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.

Үзіліс - 10 мин.

  1. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.

  2. Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.

  3. Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.

Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.

6. Өткізу түрі: тәжірибелік

7. Білім берудін және оқытудың әдіс-тәсілдері: Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, тест тапсырмалары.

8. Көрнекі қүралдар: Кестелер, суреттер, үлестірмелі карточкалар.

9. Тапсырмалар

а) Төмендегі сөздедің аудармасымен танысу:

Ағза - организм

Тыныс - дыхание

Қан айналымы - кровообращение

Құрсақ қуысы - брюшная полость

Зәр шығару жуйесі - мочевыделительная система

Көбею - размножение

Тірек-кимыл жуйесі - опорно- двигательная система

Бұлщық ет – мышцы

Беку – укрепиться

Жұтқыншақ – глотка

Өңеш – пищевод

Бездер – железы

Қорытылу – перевариваться

Кеңірдек – трахея

Сіңіру – впитывать, всасывать

Несепағар – мочеточник

Құық – мочевой пузырь

Ішек-қарын жолы – желудочно-кишечный тракт

ә)Төмендегі сөз тіркестері мен сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Ардақты ат. Кеуде қуысында өкпе, жүрек бар. Құрсақ қуысында бүйрек орналасқан. Ауыз қуысында тіс бар. Көз қайда орналасқан? Бауыр, көкбауыр қайда орналасқан? Қаңқа әр түрлі сүйектерден құралған. Адам жүреді. Адам жүгіреді. Адам жұмыс істейді. Ас жұтқыншаққа түседі. Ас асқазанға түседі. Мүшелерге қоректік заттар жеткізеді. Бронхтар тыныс алу жүйесіне жатады. Көмір қышқыл газын бөледі. Оттегін сіңіреді. Қуық зәр шығару жүйесіне жатады. Бүйректе несеп (зәр) түзіледі.

б) Берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

Адам деген – ардақты ат, казақ халқы ежелден құрмет тұтып, оны ерекше «кім» деп сұрайды.

Адамның денесіндегі әрбір мүше белгілі қызмет атқарады.

Адамның кеуде қуысында тыныс алу мен қан айналымының ортақ мүшелері (өкпе, жүрек) орналасқан, ал құрсақ қуысында - ас қорыту, зәр шығару, көбею мүшелері бар. Бұлардан басқа адам ағзасында әр түрлі қызмет атқаратын: көз, құлақ, ауыз, бауыр, көк бауыр және т.б. мүшелер болады.

Тірек - қимыл жүйесі қанқа мен бұлшық еттен тұрады. Қанқа дегеніміз – денедегі әр түрлі сүйектерден құралған мықты тірек. Сүйектерге бұлшық еттер бекиді. Адам бұлшық еттің көмегімен жүреді, жүгіреді, дене еңбегі мен басқа да әр түрлі қимылдар жасайды.

Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Ас жұтқыншақ арқылы өңешке, одан асқазанға түсіп, ас қорыту бездерінің әсерінен ішек қарын жолында қорытылады.

Қан айналу жүйесіденедегі барлық мүшелерге оттегі мен коректік заттарды, жеткізіп отырады.

Тыныс алу жүйесі мүшелеріне мұрын, көмей, кеңірдек, өкпе, бронхтар жатады. Ағзаның отегін сіңіріп және көмірқышқыл газын бөліп отыруы - тыныс алу жүйесіне өтеді.

1 – тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырып, көшіріп жазыңыз.

1. Әрбір ... белгілі қызмет атқарады. 2. Адамның кеуде ... өкпе, жүрек орналасқан. 3. ... қуысында зәр шығару, көбею мүшелері орналасқан. 4. Қаңқа әр түрлі сүйектерден құралған ... . 5. Сүйектерге ... бекиді. 6. Зәр шығару жүйесіне бүйрек, несепағар, жатады. 7. Жүйке жүйесі мүшелердің ... реттейді. 8. Тыныс алу жүйесінде оттегінің сіңіру және көмірқышқыл газын бөлу процесі ... . 9. Ас ... арқылы өңешке, асқазанға барады.

Керекті сөздер: жұтқыншақ, мүше, мықты тірек, жүреді, жұмысын, құрсақ, қуысында, қуық, бұлшық ет.

2 – тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып (7) жеті сөйлем құрастырыңыз.

Кеуде қуысы, қан айналу жүйесі, сүйектер, оттегі, бүйрек, қамтамасыз ету, қимыл.

3 – тапсырма.Мәтін бойынша септелген сөздерді теріп жазып құрамын анықтаңыз.Мысалы, көмегімен: көмек – түбірі, -і – тәуелдік жалғау (ІІІ ж), -мен – көмектес септік жалғауы.

4 – тапсырма. Мәтіндегі сөйлемдердің көбі ауыспалы келекр шақ тұлғасында ерілген назар аударыңыз. Егер осы сөйлемдерді өткен шақ, осы шақ немесе келер шақтың басқа түрлерімен берсек сөйлем мағынасына қандай өзгеріс енеді?

Мысалы:

а) Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады.

ә) Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталды.

б) Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып тұр.

в) Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталмақ.

5–тапсырма. Төмендегі Абай өлеңінен үзінді берілегн өлең жолдарын қалай түсінетініңізді айтыңыз.

Малда да бар жан мен тән

Ақыл, сезім болмаса,

Тіршіліктің несі сән,

Тереңге бет қоймаса.

Атымды адам қойған соң,

Қайтіп надан болайын...

6 – тапсырма. Өзіңізді тексеріңіз. Қандай жаңа сөздерді меңгердіңіз?

организм __________________

хание __________________

размножение __________________

мышцы __________________

глотка __________________

пищевод __________________

железы __________________

трахея __________________

7 - тапсырма

мочеточник ________________________

мочевой пузырь _____________________

кровообращение _____________________

брюшная полость ____________________

опорно-двигательная система_____________________________

мочевыделительная система_____________________________

перевариваться______________________

Оң бағандағы етістіктер мен сол бағандағы керекті сөздермен сөз тіркесін құраңыз ( сұрақ арқылы)

бұлшық еттен

бөлінеді ( нешеге?)

асқазанда

орналасқан ( қайда?)

кеуде қуысында

тұрады (неден?)

оттегені

қорытылады (қайда?)

ауыз қуысына

жеткізеді (нені?)

екіге

басталады (қайдан?)

сыртқа

реттейді (нені?)

жұмысын

шығарады (қайда?)

Зәр шығару жүйесімүшелеріне қос бүйрек, несепағар, қуық жатады. Бүйректе қан тазартылып, несеп түзіледі.

  1. Бақылау

  1. Адамның кеуде қуысында қандай мүшелер орналасқан?

  2. Құрсақ қуысында қандай мүшелер бар?

  3. Бұлардан басқа тағы қандай мүшелер бар?

  4. Тірек – қимыл жүйесі неден тұрады?

  5. Қанқа дегеніміз не?

  6. Бұлшық еттің қандай қасиеті бар?

  7. Ас қорыту жүйесі қайдан басталады?

  8. Зәр шығару жүйесіне қандай мүшелер жатады?

  9. Қан айналу жүйесі қандай қызмет аткарады?

  10. Тыныс алу жүйесі қандай мүшелерден тұрады?